Өнегелі өмір: Ыбырай Алтынсарин. Оқылым стратегияларын қолданып оқыту
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
3-бөлім: Өнегелі өмір (әйгілі адамдардың өмірі)
Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1) |
Мектеп: Семей қаласы ФМБ НЗМ |
||
Күні:
5, 6-сабақ, 80 минут |
Мұғалімнің аты-жөні: Жайсаңбаева Ақбота Нұрғалиқызы | ||
Сынып: 9 | Қатысқандар: | Қатысқандар: | |
Сабақтың тақырыбы | Өнегелі өмір: Ыбырай Алтынсарин |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О6.Оқылым стратегияларын қолдану (Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу).
Ж3. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну (Мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтай отырып, графиктік мәтінге (диаграмма, кесте) айналдырып жазу). |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіндегі ақпараттардың негізгісін іріктей алады. Мәтіндегі ақпаратқа байланысты өз көзқарасын білдіре алады. Мәтінге сараптама жүргізе алады. Автордың тілдік қолданысына талдау жасай біледі.
Мәтінде берілген деректердің маңызды тұстарын саралай алады. Мәтінді түрлі формада ұсына біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Барлық оқушылар:
Өткен тақырыптарды жаңа тақырыппен байланыстыра біледі. Тілдік құралдар мен стиль түрлерін сәйкестендіре алады. Тақырыпқа байланысты сөйлемдер арқылы болжау жасай алады. Мәтіндегі әр азат жолда берілген ойды анықтай біледі. Оқушылардың көбісі: Болжау себебін түсіндіре біледі. Ағартушының өміріне қатысты деректерді Оқылым стратегияларын (комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу) қолдана отырып оқи алады. Оқу стратегияларын орынды қолдану арқылы ақпараттарды саралай біледі. Оқу нәтижелерімен бөлісуде ойын жүйелі жеткізе біледі. Оқушылардың кейбірі: Мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтай отырып, графиктік мәтінге (диаграмма, кесте, карта) айналдырып жаза алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды…
Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: өнегелі өмір, белгілі тұлға, жазушы, ақын, ұлт мақтанышы, ағартушы, ғалым, зерттеуші, аудармашы, қоғам қайраткері, т.с.с. Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер: Менің ойымша… Бір жағынан… Мен осы көзқараспен … келісемін/келіспеймін. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | Жауапкершілік (топтың әр мүшесінің өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы).
Құрмет (әр топтың не жұбының ойына, пікіріне құрметпен қарауы, қазақтың біртуар тұлғаларына, олардың өнегелі мұраларына деген құрмет). Адалдық (өзге топтың жұмысын критерийге сай әділ бағалай алуы). |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | О2.Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану (Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану).
О4. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау(Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау). |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер, қажетті құралдар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
1 минут
2 минут
5 минут
2 минут
2 минут
|
Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:
І. Амандасу ІІ. Оқушыларды түгендеу ІІІ. Топтастыру Оқушылар «Таяқша» әдісі арқылы бес оқушыдан топтасады. ІҮ.Үй тапсырмасын тексеру «Cтиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану» тақырыбын қайталап келгендерін тексеру. «Бес бекет» тапсырмасы: 1-бекет: Сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмасалатын, эмоцияға, экспрессияға, ойды бейнелі жеткізуге жол бермейтін стиль. 2-бекет: Оқырманның көңілін аударту мақсатындағы риторикалық сұрақтар не лепті сөйлемдер көп қолданылатын стиль. 3-бекет: Қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылатын стиль. 4-бекет: Қалыптасқан штамп сөздер қолданылатын стиль. 5-бекет: Бейнелі, образды сөздер мен сөйлемдер қолданылатын стиль. Бекет атаулары (әр тапсырма жауабы түрлі қағазға шығарылуы керек): ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ауызекі сөйлеу стилі, ресми ісқағаздар стилі, көркем әдебиет стилі
Ү. Өткен сабақты еске түсіру (оқушыларға микрофон ұсыну арқылы өткен сабақты еске түсірту): v Өткен сабақта қандай тақырып өттік? v Сабақ барысында қандай әркеттерді іске асырдық? v Өткен сабақтан не түйдік?
ҮІ. Жаңа сабақ мақсатын айқындау. Сабақ мақсатымен таныстыру және осыған дейін меңгергендері бойынша БЛОБ ағашы арқылы өз орнын белгілейді (2-3 оқушыдан сұрау). |
сынып оқушыларының аты жазылған таяқшалар
Үлестірмелі материалдар
бағалау кестесі
микрофон
презентация, БЛОБ ағашының суреті |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
4 минут
4 минут
10 минут
2 минут
4 минут
3 минут
1 минут 4 минут
4 минут
12 минут
4минут
4 минут
5 минут
3 минут |
Мағынаны ашу немесе мақсатқа жету үшін әрекеттер кезеңі:
1-қадам. Оқылым алдындағы тапсырма С/Ж, Ж Болжау тапсырмасы: берілген сөйлемдерге сүйене отырып, жаңа тақырыпқа, көтерілетін мәселеге болжау жасаңдар. Ол – қазақтан шыққан ағартушы. Оның «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегі бар. Ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскиймен хат алысып тұрған. Талдау тапсырмасы: Болжау себебін 2 сөйлеммен түсіндіріңдер.
2-қадам Оқылым тапсырмасыТ/Ж Мәтінмен жұмыс: ағартушының өміріне қатысты деректерді Оқылым стратегияларын (комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу) қолдана отырып оқиды. 1-топ: мәтіндегі ақпаратты іріктеп оқиды. 2-топ: мәтіндегі ақпаратты комментарий жасап оқиды. 3-топ: мәтіндегі ақпараттың мазмұнын, мақсатын, стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын талдап оқиды. 4-топ: мәтіндегі ақпараттың тілдік деңгейін талдап оқиды.
3-қадам Оқылымнан кейінгі тапсырма Ж/Ж Жаңа топ құру: «Санамалау» әдісі арқылы топта беске дейін саналып, төрт оқушыдан тұратын жаңа топ құрады. Оқу нәтижесімен бөлісу: «Джигсо» әдісі арқылы Оқылым стратегияларын (комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу) қалай қолданғанымен бөліседі, жаңа топта талда қорытындыларымен бөліседі. Өзара топтық бағалау: берілген Бағалау критерийіне сәйкес оқушылар топтың әр мүшесін өзара бағалайды.
5-қадам Жазылым алдындағы тапсырма Т/Ж, С/Ж Оқушылар бастапқы топтарына оралады. Оқылымға берілген мәтіндегі әр азат жолда берілген ойға топта талдау жасайды: 1-азат жолда ағартушының өмір сүрген жылдары, туып-өскен жерлері, білім алған орындары, атқарған қызметтері туралы айтылған. 2-азат жолда қазақ балалары үшін ашқан мектептері, бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер, қазақ қыздары үшін арнайы мектептерді қай жерлерде ашқандығы туралы берілген. 3-азат жолда ашқан мектептері үшін жазған дидактикалық оқу құралдары және «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы туралы жазылған. 4–азат жолда Ыбырайдың жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, өлеңдері мен аудармалары туралы берілген. Топтық талдау нәтижелерімен бөліседі.
6-қадам Жазылым тапсырмасы Т/Ж v Топта мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтай отырып, графиктік мәтінге айналдырып жазады. 1-топ: мәтінді хронологиялық кестеге өзгертеді. 2-топ: мәтіндегі ақпарат бойынша карта жасайды. 3-топ: мәтіндегі ақпараттың мазмұнын графиктік мәтінге айналдырады. 4-топ: Ыбырай Алтынсарин қырларын ашатындай ассоциация сызбасын жасайды.
7-қадам Жазылымнан кейінгі тапсырма Т/Ж Құраған графиктік мәтіндерін өзара топтар арасында сағат тілі бойынша алмасады. ҚБ: Топтық жұмыстарын Бағалау критерийіне сай топта тексеріп, бір-бірлерін бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.
8-қадам. Қорытынды Сабақ мақсатын ұғынғаныңды БЛОБ ағашы арқылы өз орныңды белгіле. 9-қадам Үй тапсырмасы Ы.Алтынсариннің өлеңдерін, әңгімелерін, аудармаларын, зерттеу еңбектерін (әр топқа біреуі) қарастырып келу. Бағалау критерийі: v Кем дегенде, 2 өлеңін, 2 әңгімесін, 2 аудармасын, 2 зерттеу еңбектерін біледі. |
презентация
сөйлемдер тізбегі
бағалау кестесі
оқылым мәтіні
https://www.zharar.com/kz/referat/1331-altynsarin.html
презентация
бағалау кестесі
бағалау критерийлері
презентация
мәтін
бағалау критерийлері
А3 форматындағы парақ, түрлі-түсті фломастерлер
бағалау критерийлері
презентация, БЛОБ ағашының суреті
|
Сабақтың соңы
4 минут |
Кері байланыс «3-2-1»:
Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Қиындық тудырған 2 аспект; Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ. |
презентация |
||
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||
Қарапайым деңгей:
Мәтіндегі ақпараттардың негізгісін іріктей алады. Мәтінді хронологиялық кестеге өзгерте біледі. Орта деңгей: Мәтіндегі ақпаратқа байланысты өз көзқарасын білдіре алады. Мәтіндегі ақпарат бойынша карта жасай алады. Жоғары деңгей: Мәтінге сараптама жүргізе алады. Автордың тілдік қолданысына талдау жасай біледі. Мәтіндегі ақпараттың мазмұнын графиктік мәтінге айналдыра алады. |
Оқуды қадағалау.
Сұрақ – жауап. Өзара топтағы бағалау. Бағалау критерийі арқылы әр топқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын. |
Топтар бірі-біріне қолдау көрсетеді.
Тарих пәнімен байланыс. АКТ қолдану мүмкіндіктері(презентация). Топпен жұмыс істеу дағдылары, құндылықтарды есте ұстау (бір-біріне құрмет, ісіне жауапкершілікпен қарау, бағалауда адал болу). |
Қорытынды жасау
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? ен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? |
Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Қорытынды бағалау
Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1:
2:
Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1:
2:
Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім?
|