Web-сайт
Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам – Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.
Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
• Web-технологиялар;
• Сайт жасау экономикасы;
• Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;
• Адам ресурстары және т.б.
Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
• Жоспарлау;
• Элементтерді жасақтау;
• Бағдарламау;
• Тестілеу;
• Жариялау;
• Жарнамалау;
• Бақылау;
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1. Сайттың орны.
2. Сайттың аудиториясы кімдер.
3. Қандай ақпарат жарияланады.
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау
Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу
Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1. Сілтеменің жұмысы;
2. Мәтіндегі қателер;
3. Навигацияның тиімділіғі.
4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5. Графикалық файлдардың ашылуы.
6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау
Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау
Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау
Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.
Web-сайт беттерін ұйымдастырған кезде, төменгі схемаларды қолдануға болады.
Алматы облысы
Талғар ауданы
Жалқамыс ауыл
№15 жалпы білім беретін орта мекетебінің
Информатика пәні мұғалімі Дәрібаева Ақдидар Кендебайқызы