Тіс протездеудің бірінші клиникалық кезеңі: «Қалып алу» және бірінші зертханалық кезеңі: «Мүсін құю»

Ашық сабақтың жоспары

 

Тақырыбы: Тіс протездеудің бірінші
клиникалық кезеңі: «Қалып алу» және
бірінші зертханалық кезеңі: «Мүсін құю»

Сабақтың түрі: Практикалық

Сабақтың әдісі: Аралас

Өтетін орны: 304,306

Мамандығы: 3-курс, «ортопедиялық стоматология», 309 топ.

Студент саны: 8 студент

Сабақтың ұзақтылығы: 240 минут.

Пән аралық байланыс: « Тіс техникалық материалтану», «Денсаулық
сақтау ісін ұйымдастыру негіздері және стоматологиялық аурулар » , «Алынатын
протез жасау техникасы» , «Тіс пен  жақ
сүйек жүйесінің анатомиясы, физиологиясы және биомеханикасы»,  «Кәсіптік этика және деонтология».

 

 Сабақтың
көрнекілігі: Проектор, ноутбук,
науқасты  қабылдауға арналған стоматологиялық аспаптар
жиынтығы, тесттер, слайд, іс әрекет жинағы, ұялы телефондар, үлестірмелі
материалдар,  видеоролик, сұрақ –жауап,
пазл-суреттер,

Сабақтың мақсаты:

Студенттің
жеке   тәжірибесінің жоқтығын
ескере отырып, студенттерге практикалық
іс әрекеттерді  түсіндіріп, жасап
көрсетіп үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттердің өздерінің
таңдаған мамандығына сүйіспеншілігін арттыру, кәсіби мамандықты
құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Студенттердің  ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын ,
есте сақтау қабылетін  дамыту. Іс
әрекеттерді тереңдей ашып, шапшан ойлануға, ұтымды жауап беруге баулу.

Сабақтың хронокартасы:

1.
Ұйымдастыру
кезеңі- 5 мин

2.
Іс
әрекеттерді түсіндіру-65 мин

3.
Өз
бетімен жұмыс-90 мин

4.
Білімді
тексеру-70мин

5.
Қорытындылау:-
10 мин

Бағалау-5 мин

Үйге тапсырма- 2 мин

Рефлексия-3 мин

1.
Ұйымдастыру
кезеңі-5 мин

Студенттермен амандасып,
студент санын , сабаққа қатысуын тексеру. Сыртқы келбетіне назар аудару.

2.
Жаңа
тақырыпты түсіндіру. -60 мин

Тіс протездеудің бірінші клиникалық кезең:«Қалып алу»
және  бірінші зертханалық кезең: «Мүсін
құю» тақырыбы бойынша слайд , суреттер,
видео , іс әрекетті көрсетіп  сабақты
түсіндіру.

3.
Өз
бетімен жұмыс.-90 мин

Практикалық жұмысты үйренуге арналған құралдар арқылы

Практикалық іс әрекет алгоритм арқылы

4.
Білімін
тексеру.-70 мин

1)
«Адасқан
әріптер»  -адасқан әріптерден  стоматологиялық термин құрастырып  анықтама беру керек.

2)
«
Стоматология  аспаптар әлемі» -үстел
бетіне стоматологиялық аспаптар қойылады.
Студенттер  берілген  стоматологиялық аспаптар жиынтығын
жинайды.  Латоққа салған аспаптын атын
атап, сипаттама береді.

3)
 «Puzzle»-ды құрастыру-  тақтаға
стоматологиялық  аурулар  бөлшектеліп беріледі. Студенттер құрастырып  сипаттама береді.

4)
«Kahoot»
 программасы арқылы  тест сұрақтар беріледі. Студенттер смартфонын
қолдана отырып  жауаптарын белгілеп беру
қажет.

5)
Орындаған
іс әрекеттері тексеру, кемшіліктерін айту.

5.
Қорытындылау-10
имин

Үйге тапсырма:
Тақырыпты терең меңгіру. Ғаламтордан жаңа материалдар қарастыру.

Бағалау:
Студенттерге  баға қою.

Рефлексия-  лайк
немесе  дизлайк белгісін   көрсетіп , сабақ ұнады немесе ұнаған жоқ
екенін белдіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мүсін құю»

Іс- әрекет алгоритмі:

1.
Жұмыс
орнын дайындау( құрал- жабдықтар мен қолданатын материалдарды дайындау)

Құрал- жабдықтар: резиналық колба, ғаныш езетін шпатель, ғаныш, қалып  немесе ауыз қуысының үлгісі.

2.
Резиналық
колбаға қажетті мөлшерде су құйып, аз аздан гипс салып, қаймақ тәрізді болғанша
араластырамыз.

3.
Қаймақ
тәрізді ғанышты,  үлгінің биік жеріне аз
мөлшерден құйып, үлгіні колбаның қырына жай соғып үлгінің ішін ғанышқа
толтырамыз.

4.
Содан
соң қалған ғанышты тегіс жерге қажетті мөлшерде құямыз, үлгіні алып сол
ғаныштың үстіне төңкеріп қоямыз. Шпательмен қырларын тегістейміз( Үлгі тегіс
және паралельді орналасу керек).

5.
Ғаныштың
қатқанын күтеміз.

6.
Үлгіні
мүсіннен ажыратамыз.

7.
Мүсін
негізінің биіктігі-1,5-2 см болуы керек.

8.
Мүсінге
болашақ протездің шекарасын белгілеу.

9.
Мүсінді
өңдеу(мүсіннің шеті протез шекарасынан 1-2 мм алшақ болуы керек, биіктігі 1,5-2
см)

 

 

«Қалып алу»

Іс- әрекет алгоритмі:

1.
Жұмыс
орнын дайындау( құрал- жабдықтар мен қолданатын материалдарды дайындау)

Құрал- жабдықтар: резиналық колба, шпатель, эластикалық масса,  су, қалыптық қасық.

2.
Қасық
таңдау

3.
Қалып
–өлшем массаларын әзерлеу.Резиналық колбаға қажетті мөлшерде су құйып,   қалып үнтағын  салып, тез
араластырамыз.

4.
Қалып
алу.

5.
Масса
қатқаннан кейін ауыз- қуысынан шығару

6.
Алынған
қалыпты тексеру.

 

 

 

 

 

 

1.      Ғылыми ортопедиялық негізін салушы:

а/
С.С.Тигерштед

b/Николь
Андри*

с/М.М.
Ванкевич

d/
Н.Андлий

e/М.Макеев

2.
Ортопедия
термині гректің екі сөзінен шығады:

а
/ «оrthоs» (тура) және «odontos»- (тіс).

б/
«στόμα» –( ауыз) және «λογος»- (ғылым).

в/
«оrthоs» (тура) және «paiduo» — (тәрбиелеу).*

г/
«στόμα» –( ауыз) және «λογος»- (тіс).

 

3.
Тіс
қатарының бүтіндігін қалпына келтіру , жақ, таңдай және бет кемістігіне протез
жасаумен айналысатын  стоматология
бөлігі.

а\Терапия

б\
Хирургия

в\Ортодонтия

г\Ортопедия*

 

4.
Альгинатты
қалып материалдар қай түрге жатады:

а/
Қатты кристалды.

б/
Эластикалық.*

в/
Термопластикалық

г/  Химиялық.

 

5.
Табиғи
ғаныштың формуласы:

а/
K2O Al2O3 х  6SiO2

б/
Na2O Al2O3 х 6SiO2

в/
СаSО4 х2Н2О*

г/ Na2O Al2O3 х 2Н2О

 

6.
Тістесу:

а\шайнау
бұлшық еттерінің  көмегімен  төмеңгі жақ сүйегінің  жоғарғы жақ сүйегіне  қатысты
барлық бағыттағы қозғалысы мен орналасуы

б\үстіңгі
немесе  төменгі жақ сүйектерінің
томпақтарын оқшалау.

в\ тіс түбірін алмастыру, кейіннен тіс
қатарының қалпына келтіру.

г\орталық
окклюзияда тістердің түйісуі.*

 

7.      Физиологиялық тістесу:

а\толығымен
шайнау қызметін, сөйлеу және эстетиканы қамтамасыз ету.*

б\
Тіс қатарының түйісуінің, шайнау қызметінің, сөйлеу және адамның сыртқы
бет әлпетінің бұзылуы

в\  тіс қатарларының эстетикасын  қамтамасыз ету

г\
адамның сыртқы бет әлпетінің бұзылмауы.

8.      Адамдарда ең кең таралған болып табылатын тістесу:

а\прогения

б\прогнатия

в\ортогнатия*

г\опистогнатия

9.      Терең тістесу:

а\
төменгі жақтың алдыға шығуына орын алады, соның салдарынан төменгі алдыңғы
тістер жоғарғы аттас тістерді жауып жатады.

б\
алдыңғы тістер түйіспейді, ал кейде кіші азу тісте, тек үлкен азу тістер ғана
түйіседі.

в\ жоғарғы алдыңғы тістердің төменгі тістердегі кескіш
төмпектерімен түйісу болмағандықтан жауып тұратындығымен сипатталады.*

г\
жоғарғы тістердің кескіш қыры төменгі аттас тістерді жауып тұрмайды, олармен
тік түйіседі.

10.  Тіс протездерін жасау технологиясының зертханалық
кезеңіне жатады;

а\қалып-өлшем
алу.

б\мүсін
құю.*

в\орталық
окклюзия анықтау.

г\
цементке отырғызу.

11.   Эктопротездерге  жатады:

а\ортодонттық
аппараттар.

б\жақ
сүйектерінің протездері

в\тістердің
протезі.

г\
бетәлпеттің протезі.*

12.   Алынбайтын
протез:

а\Квадротти
протезі

б\микропротез

в\металды-
керамикалы *

г\
бюгельдік протез  

13.  Сауытты  тіске
немен бекітеді:

а\цемент*

б\полимер

в\мономер

г\изокол

14.  Аффинаж:

а/
Алтынды басқа қоспалардан ажыратып алу.*

б/
Металға басқа металды қосып арнайы қасиет беру.

в/
Материалды қысыммен кез келген үлгіге өңдеу.

г/металды
басқа қоспалардан ажырату

15.  Ғаныштың қатуын жылдамдататын материал?

а/
Тұз.*

б/
Қант.

в/
Спирт.

г/
Су.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *