«Үй жануарлары.Сиыр,бұзау»

Білм беру саласы: Коммуникация

Оқу  іс-әрекеті:  Сөйлеуді дамыту

Сабақтың тақырыбы:«Үй жануарлары.Сиыр,бұзау»

Мақсаты:Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп атауын түсіндіру.

Көрнекі құралдар: Үй жануарларының төлдерімен салыңған суреті.

Сиыр мен бұзауының суреті.

 

Негізгі бөлім: Сәлеметсіздер ме балалар?

Бүгін бізде ерекше сабақ.

Балалар,қараңдаршы біздерге бүгін қонақтар келіпті.Қане бәріміз шеңберге

Тұрып,қонақтармен амандасайық.

 

Шаттық шеңбері.

Жарқын,жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балалық шақ үйіміз,

Жайнап тұрған гүліміз,

Сәлеметсіздер ме қонақтар?

Қош келдіңіз!

 

Жарайсыңдар балалар!Орыңдарыңа отыра қойыңдар.Балалар мен сендерге

Жұмбақ жасырғым келіп тұр,жауабын таба аласыңдар ма?

-Иә шешеміз.

Жұмбақ:

Екі найзасы бар,

Екі айнасы бар.

Төрт аяғы бар,

Бір таяғы бар.      (Сиыр)

Дұрыс,жарайсыңдар балалар! Балалар,мына суретке қараңдаршы не бейнеленген

екен?

 (бейнетаспа көрсету немесе сурет)

Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Үй жануарлары»

Балалар төрт түлік малдың атауларын атап өтейік .

(Түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі)

-Төрт түлік дегеніміз түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі.Үйде бағылып,еті,сүті,жүні,

терісі,күші арқылы адамға пайда келтіретін жануарларды төрт түлік мал деп атаймыз.

Тәрбиеші: Мадимарова Айгуль Мейрхановна

Енді,балалар үй жануарларының ішінде сиырға тоқталайық.

Балалар сиырдың сүтінен не жасаймыз?

(айран,ірімшік,құрт,ет,қаймақ)

 

Біздің күнделікті ішетін сүтіміз,қаймағымыз,құрт-ірімшік,айранымыз,житін

Етімізді,яғни осының бәрін сиырдан аламыз.

Балалар  сиыр,түйе,жылқы,қой,ешкі жануарларының төлдері болады.

 

Төлдерін атап өтейік.

 Сиырдың төлін не деп атайды екенбіз?

-Бұзау

Жарайсыңдар балалар!

Түйенің төлін не деп атаймыз?

-Бота

Жылқының төлін ше?

-Құлын

Қойдың төлін не деп атаймыз?

-Қозы

Ал,ешкінің төлін не деп атайды екенбіз?

-Лақ

 

Бұзау қалай дыбыстайды?

-Мө-Мө

Қанекей суретке мұқият қарайықшы.

-Сиыр кеуделі,айыр тұйяқты болады.

Сиыр немен қоректенеді?

-Шөп жейді,су ішеді

Жануарлардың өздеріне тән  дыбыстар болады.

 

Сергіту сәті:

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Шарты:Үй жануарларының төлдерін тауып,оларды енелеріне яғни аналарының

қасына  орналастыру.

 

Қортынды:

-Төрт түлік дегеніміз не?

-Сиыр,түйе,жылқы,қой,ешкі төлдерін атау?

-Сиыр сүтінен қандай өнім аламыз?

-Сиыр немен қоректенеді?

-Бүгінгі сабақ ұнадыма балалар?!

(Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді)

-Балалар енді кім сабаққа қалай қатысқанын білейік.

Кім көп ұпай жинайды екен  санап көрейік.

Жарайсыңдар ,балалар! Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.Келген қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңдар балалар!

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *