Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма туған елін..

Талғар ауданы  Еркін  ауылы

«№26 жалпы білім беретін орта мектебі»МКМ

11 «Ә» сынып оқушысы

Бекенова   Аружан  Жандосқызы

 

                                                     Жастық-болашақ атаулының бастауы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ешқашанда жастарды назардан тыс қалдырған емес.Көптеген адамдардың өміріндегі ең қызық,ең есте қаларлық кезеңдерінің бірі жастық шақ болып табылады.Осы жастық кезеңді дұрыс пайдалана білу,жас кезіміздегі уақытты тиімді жұмсау біздің мақсатымыз болуы керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде жастарға жасалынып отырған мүмкіндіктер және күтіліп отырған үміттер өте көп. Осыған байланысты  елімізде бірнеше бағдарламалар мен жобалар дайындалып, қазіргі кезде іске асырылуда.Қазақстан Республикасында жастардың орны ерекше аталып өтіледі. Себебі, біздің елімізді ертеңгі күні көркейтіп, әнұранымызды асқақтатып, байрағымызды биікке желбірететін-білімді әрі талантты жастар.

Әр адам жастық шағында өзінің болашағын жоспарлай білуі керек.Жас кезінде уақытын бос өткізбей, ізденіп, оқып, біліп, талпынып жүрген адам ғана болашағын дұрыс жоспарлай алады. Кейбіреулер жастық шақты күші мен арыны мол, толқыны жоғары көтерілген теңізге теңейді.Бұл жаста адамның үлкен мақсаттары анықталып, биік амандарға ие болады.Алайда жастық шақ мәңгілік емес.Жастық шақ-қайтып келмейтін көктем секілді.Жоғарыда айтып өткенімдей , бұл дәуренде барлығы қайратты, қуатты болады. Сондықтанда осы жігерлі уақытымызды пайдаланып,ең алдымен-оқуға көңіл бөлейік.Жарқын болашаққа бірге қадам басайық!

«Жастық шағың-жарқын жаздың бейнесі»-деп Сәбит Мұқанов атамыз айтқандай , бұл кезең әрдайым қызғалдақтай құлпыратын шақ.Адамның жүрегіне ең алғаш достық, махаббат, сағыныш, аяныш, жиіркеніш, құмарлық, әіестік секілді сезімдер ұя салатын кез.Болашаққа үлкен қадам басқалы отырған жастардың дұрыс таңдау жасай білуі ең үлкен міндеттердің бірі. Болашағыңның қандай болары, жастық шақта жасалған әрекеттерге тікелей байланысыты. Сондықтан, қандай жағдай болса да, жастық шақты құр жібермей бағалай білуіміз керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *