Бір халық, бір тағдыр, бір ел.

Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылы

Абдыкасымова Айгуль Ахметовна –

«Арай» балабақшасы, тәрбиеші

 

Тақырыбы: Бір халық, бір тағдыр, бір ел.

Ортаңғы топ

     Сабақтың   мақсаты: Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерінің кеңейту. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.  Туған елге деген  сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін  тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, мақал- мәтелдер, өлең жолдары,ойын.

Көрнекілігі: суреттер, ҚР рәміздері, асық, қорап, жүрекшелер.

Балалар әуенмен топқа кіреді. Әнұран орындайды.

            Нұрмұхан:

Бәріде сенің Отаның,

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның,

Өлгенше сүйіп өтетін.

 

  • Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
  • Қазақстан еркін, тәуелсіз мемлекет!
  • Тәуелсіздігімізге биыл 22 жыл болады.
  • Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Отан деген – туған жер, туған қалам, атамекнім.
  • Әке шешеммен тұратын жерім.
  • Достарыммен бірге жүретін жерім.

 

Қарақат:

Отан деген —  Атамекен

Отан деген — туған жер.

Отан – ана, Отан — пана,

Қазақстан – туған ел!

Ой қозғау.

Қазақстан туралы не білеміз? (дұрыс әрі тез сұраққа  жауап беру)

  1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
  2. Ел басшымыз кім?
  3. Бас қалаңды ата?
  4. Ұлтың қандай?
  5. Қай тіл мемлекеттік тіл?
  6. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

Димаш: біздің өз елтаңбамыз, әнұранымыз, ата заңымыз, туымыз бар. Біз оларды қадірлеп, қастарлеуіміз керек.

 Қасымжомарт:

Туға мойын бұрамыз,

Елтаңба деп тұрамыз.

Әнұран боп асқақтап,

Біздің елдік рәміздер!

Туды көрсетіп сипаттау.

  • Мемлекетіміздің туының түсі көгілдір. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді. Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі, астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

 

Елтаңбаны көрсетіп сипаттау.

  • Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнеін тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді.

 

Әнұранды сипаттау.

Әнұраным, жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

 

Сергіту сәті

Тату – тәтті достарымыз   1-2-3

Қол шапалақтап, отырмаймыз босқа біз  1-2 -3

Қол шапалақтап, оқу оқып, білім алып,

Би билейміз, ән шырқап 1-2-3

Қол шапалақтап

Оң жақтағы досыңа, сол жақтағы досыңа қолыңды бер, тосылма.

 

Жоғары қарап, күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

 

Балалар Отан туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Туған жердің күні де ыстық, үні де ыстық.

 

Елінен безген ер оңбас,

Көлінен безген қаз оңба.

 

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

 

Отан үшін отқа түс – күймейсің,

Арың үшін алыссаң – өлмейсің.

Ойын «Кім жылдам?!

 Ойын мақсаты:  берілген сұраққа дұрыс жауап беруге, шапшандылыққа, ойын жүйелі жеткізуге баулу.

 Ойын шарты:  балалар көк асықты көрсеткенде, елміздің қалаларын атайды. Сары асықты көрсеткенде, еліміздің байлықтарын атайды. Қызыл асықты көрсеткенде, елімізде тұратын ұлтерды атайды.

Балалар осы сүйікті Отандарыңа арнап қандай тірек білдіресіңдер?

Әр бала Отанына арнаған тілегін білдіріп, жүрекшені карта бетіне жапсырады.

Сабақ соңында: ән «Атамкен».

 

Күтілген нәтеже: өз Отандары жайлы білімдерін бекіту.

 Білу керек: Отан туралы көбірек білу керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *