Қазақтың ұлттық ойындары «Жаяу көкпар» 7 сынып

7-Сынып

Сабақ: Мектеп:№ 56 ЖОББМ
Күні : Мұғалімнің аты – жөні : Аққали Әліби Архимедұлы
Сынып : 7 Қатысқандар: 16 Қатыспағандар:0
Сабақтың тақырыбы Қазақтың ұлттық ойындары «Жаяу көкпар»
Сабақтың мақсаты Жаяу көкпар ойынын ортасын , тиімді дағдыларын талқылау және көрсете білу
Оқу мақсаты 7.2.3.3 Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын талқылау және көрсете білу
№4- бөлім
Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Тілдік мақсат Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Қазан, жаяу көкпар ойыны, ереже, ұпай,

Талқылауға арналған сұрақтар :
Дәстүрлі қазақтың ойындарын ата
Не себепті …. деп ойлайсыз?
Дәстүрлі қазақтың ұлттық ойындарына асық ату, жая көкпар, арқан тартыс, бәйге, ләңгі, теңге алу, қазақша күрес, т.б. жатады.
Ишара : Төреші ысқырғаннан кейінгі іс әрекеттер
Дескриптор Білім алушы:
Дене қозғалысы барысында қауіпсіздік ережелерін сақтады
Ойын ережесін сақтау.
Допты ортадан алады, жылдамдықпен қазандыққа апарады. Пас берді, қазандыққа салды.

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы

10 мин Сапқа тұру: Сәлемдесу, Сабақтың мақсаты мен таныстыру

Саптық жаттығулар: — сапқа тұру, бұрылулар,саптық адымдар.

Жүру жаттығулары:
— Аяқтын ұшымен қол жоғарыда.
— Қол желкеде, өкшемен жүру.
— қол белде табанның сыртымен жүру.
— қол белде табанның ішімен жүру

• Секіру жаттығулары:
• Оң аяқпен секіру
Сол аяқпен секіру
Қос аяқпен секіру
• Секіріп тізені төске дейін көтеру
• Барьерлерден секіру

• Жүгіру жаттығулары:
• Оң жақ иықпен жүгіру
• Сол жақ иықпен жүгіру
• Аяқты крестеп жүгіру
• Артпен жүгіру
Тізені жоғары көтеріп жүгіру
Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру
Аяқтың басын алға сілтей жүгіру
Оң,сол жақпен қолды айналдыра жүгіру

Жалпы дамыту жаттығулары
Қара жорға биін қолдандым.

Өйткені «Қаражорға»-буын биін билеген кезде, саусактың ұшынан бастап, кақ төбе, кара бакайдағы буындардың барлығы да кимылдайды. Бұл өз кезегінде буынды ширатып, денені сергітуге үлкен ықпал етеді. Ал, қозғалыс кезінде бөлінетін бақыт жаныңызға да, тәніңізге де қуат береді.Ендеше, күніне 4-5 минутгык «Қаражорға», сіз үшін нағыз дене шынықгыру сабағына айналмак. Деніміздің сау болуы үшін спортпен шүғылданумен қатар, «кара жорға» биін де билеп тұру пайдалы екен. Ысқырғыш, құрал жабдықтар.

Магнитофон
Ортасы

25 мин Белсенді оқыту әдістері
Оқушылар ұлттық ойындар суретін таңдап төрт топқа бөлінеді.Бөлінген топқа «көкпар» ойынының ережесін түсіндіріледі. Көкпарда «салым» ретінде допты, «қазандық» ретінде жеңіл автокөлік дөңгелегін пайдаланылады. Белгі берілген сәтте екі топ жүгіріп, салымды (допты) қазандыққа (дөңгелекке) салады. Оқушыларды төрт топқа бөліп. Шеңберге тұрып, сағат тілімен айналады бір минут сайын. Барлық балдар толықтай тапсырманы орындайды.

1 топ Бір біріне пас беріп үйренеді. Оқушылар қарама қарсы тұрып, бір біріне допты лақтыру арқылы пас береді.
2 топ Салым салып үйренеді. Оқушылар 1 метр жерден тұрып салым салады. Оқушылар қазандыққа 1 метр жетпей тұрып салым салып үйренеді.
3 топ Жылдам жүгіруді үйренеді. Оқушылар орнынан атқып шығуды біледі. Төрешінің ысқырығы соққаннан кейін, тез жүгіріп салым салуды меңгереді.
4 топ Қазандықты қорғап үйренеді
Екі оқушы қазандыққа шабуыл жасайды, екі оқушы қорғайды.
Төрт топта алма кезек жаттығуларды орындап болғасын. Оқушыларды сапқа тұрғызып, бірінші — екіншіге санатып, екі топқа бөлемін.Бес минуттай Жаяу көкпар ойынын, ережесімен ойнайды. Қазандық, фото суреттер, доп, ысқырғыш

Доп

Қазандық, доп

Доп
Соңы

5 мин Қалыпқа келтіру жаттығулары
Тыныс алу, сапқа тұру, сабақты қорытындылау; әр оқушыны қолдау сөздермен бағалаймын. жақсы, талпын.
Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беремін.
Үйге тапсырма; Қазақтың ұлттық ойындары туралы тереңірек оқып келу, интернеттен кітапханалардан іздену.
Қосымша ақпарат Кітапханадан қазақтың ұлттық ойындары туралы кітаптар әкеліп көрсету
Саралауға – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырмасы қалай түрлендіресіз?

1 тапсырма
Қазандыққа доп сала алмаған оқушыларға жеңілден ауырға қарай жаттығу беремін. Бірінші сонымен дайындалады, жайлап ауырлата беремін. Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау дескрипторы
Барлық оқушылар бір біріне пас бере алды.
Кейбір оқушылар жылдамдықпен, ептілікпен қазандыққа салды.
Сызықтан жылдамдықпен атылып шықты
Қазандықты қорғай алды Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік , АКТ – мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) .тарих, математика,
АКТ, ноутбук.
Оқушыларды ұйымшылдыққа достыққа тәрбиелеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма ?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жаяу көкпар ойынын ойнап үйренді. Ережесін білді.

Сабақ жоғары деңгейде өтті

Саралау іске асты, сабақтағы тапсырмалар тақырыпқа сәйкес келді

Топтық жұмыстар арқылы уақытымды тиімді пайдаландым. Уақытты жоспарға сай өткіздім

Жалпы дамыту жаттығудың орнына гимнастикалық қара жорға биін қолданамын. Бұл өз кезегінде буынды ширатып, денені сергітуге үлкен ықпал етеді.

Қортынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )

1:Топтық жұмыс жасағанда, оқушылар ұйымшыл болды.

2: Оқушылардың дене қыздыруына мән беру

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1:Қара жорға биін бейнетаспа арқылы көрсетсем жақсы болар еді

2:Жоспар құрылды, мақсатқа жеттім

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ?

1: Оқушылардың дене қасиеттерінің деңгейлерін байқадым

2:Оқушыларға топтық жұмыс көбірек беремін, лидерлік қабілеті бар оқушыларды анықтау үшін

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *