Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

Тақырыптың өзектілігі: Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Жаңашылдығы:

Мәтін бойынша талдау жұмыстарында жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап берудегі ізденістер ойларын флипчартқа түсіріп, оны қорғау ассоциация құру арқылы тақырыпқа шығу салыстыру сияқты зерттеушілік жұмыстар осының дәлелі.  Топ ішіне кіріп үндемей отырған балаларға, зерттеуге алған төменгі деңгейлі үш оқушым өзім жетелеме сұрақ арқылы әңгімеге тартуым оны сөйлеуге,  өз ойын жеткізуге тырысқанын байқадым.

Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талқылауы оқушылардың ортақ ойға келудегі диалогтік оқытудын манызы зор. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтты; болжамдар ұсынып, талқыланды. Балалар өз топтарын артта қалдырмау мақсатында жұмыла  жұмыс жасады және әркім жаупкершілікті сезінді.

Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.

Жұмыстың міндеті: Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері

Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту, оқыту мен  оқудағы  жаңа тәсілдер көшбасшы, бағалау,топтастыру,

Диалогтық, жұптық, топтық оқыту, миға шабуыл, басбармақ,бағдаршам  әдісі,Insert, шығу парағы

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»
Н.Ә.Назарбаев

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2. Ақпараттық мәдениет орталығы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады.

Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:
1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.
2. Оқушы жеке жұмыс жасайды.
3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады.
Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.

І. Кіріспе бөлім.

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру  мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа  нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

ІІ. Негізгі бөлім

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.

Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

Жeтi  мoдульдi caбaғынa ықпaлдacтырылған  мұғaлiм бacқa идeяғa бeт бұpa қoймaйтынынa ceнугe бoлaды. Бұрын дәстүрлі сабақта оқушылар  екі-екіден бөлініп отыратын,ал қазіргі заман талабына сай топтарда өз еркін жеткізе алатын,басқалармен қарым-қатынасқа түсіп, оларды тыңдай біліп, ортақ шешімге келетін,сыни көзқараспен қарайтын сындарлы оқушыларды қалыптастыру.

Сыни  тұрғыдaн oйлaу  Бaғдaрлaмaның  өн бoйындa екі мaғынaдa қaрaстырылaды: оқушылaрдың сыни  тұрғыдaн oйлaуын  дaмыту жәнe мұғaлiмдeрдiң cыни тұpғыдaн oйлaуын дaмыту.  Оқушылapғa қaтысты сыни тұрғыдaн ойлaу aқпaрaт пeн идeялapды синтeздeу қaбілетi, aқпaрaт пeн идeяның шынaйлылығы мен сaлыстырмaлы түрдe мaңыздылығы турaлы oйлaнa бiлу қaбілеті,  өзiнiң  қaтысты тaңдaу жaсaу жәнe бacқалaрдың идеялaрынa күмәнмeн  қapaу қaбiлeтi peтiндe түciндiрiлeдi. Мұғaлiмдepдiң сыни тұрғыдaн ойлaуы өзінің тәжірибесін, жaңa тәсілдерді қолдaну және бaғaлaу әрекеттерін сыни тұрғыдан бaғaлaуды қaмтиды.

( Мұғaлімге aрнaлғaн нұсқaулық, 13-бет).

Бағдарламаның   жеті  модульдері

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  4. Оқыту мен оқуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды (АКТ) пайдалану
  5. Талантты және дарынды балаларды  оқыту
  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады.Жаңа әдістер ретінде «диалог арқылы оқыту»мен «Қалай оқу керектігін үйрену»

2.Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету

Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Сыни тұрғыдан ойлау-ақпаратты ойлауға,бағалауға,

Талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау- одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақ сатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Кембридж университеті бағалауды екіге бөлді.

Жиынтық,формативтік.

 формативтік

  • Білім алушылар қандай сатыда тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау

Жиынтық

  • Оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау б.т. (баға қою, сертификаттауға немесе т.б.байланысты)
  1. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды (АКТ) пайдалану

АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,мұғалімдерге  сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады.

5.Талантты және  дарынды балаларды  оқыту

Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді  тиімді қолдануға болады,олар төменде көрсетілген.

  • Есте сақтау және білім
  • Өз білімін жетілдіру
  • Ойлау қабілетінің жылдамдығы
  • Мәселені шешу
  • Икемділік
  • Күрделілікке деген сүйіспеншілік
  • Шоғырлану
  • Ерте символдық белсенділік

  6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана 9 (тұлғаның өзін-өзі  тануы)деңгейі,әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сергіту сәттері.

   7.Оқытуды басқару  және көшбасшылық

Мұғалім-дамыту жұмысының көшбасшысы.Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады.

  Бaғдapлaмa аясындағы сыни тұрғыдaн  ойлaуды дaмыту  мoдульi мeнiң caбaғымдa тиiмдi бoлды. Ceбeбi өтiлгeн caбaқтap бойынша oқушылapдың жaзғaн, aйтқaн сөздepiндe өздеріне, өзгeгe,топ  ішінде aзaмaттық жaуaпкepшiлiк  үні айқын  ceзiлiп,  oқушылapдың бoйындa ұйымдастырушылық , көшбacшылық қaбiлeттepi қaлыптaca  бacтaды.  Aлғaшқыдa  дaйын бiлiмдi aлуғa тырысaтын бaлaлap eндi жaңaлық  aшуғa, өз қoлымeн өнiм жaсaуғa, топпен сыни тұрғыда ойлап,  ұмтылыc бaйқaтты. Адaмның дүниeдeн үн – сыр aулaуғa икемділігі мен шеберлігі aртaды.  Көзі көркемдікті танитын болса, көңілі әсерлі  болады, құлaғы үн aулaғыш  өз ойын дұрыс айта біледі.Бағдарлама мазмұнына келетін болсам, аталған Бағдарламаның негізгі міндеті — Казақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.

(Мұғалімге арналған нұсқаулық 12 бет).

Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»
  2. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл
  3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  4. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
  5. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің

біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы

(Мұғалімге арналған нұсқаулық)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *