Өнерлінің өрісі кең.

Өнер – білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан
Ж.Баласағұни

Атырау қаласында 11 -13 мамыр аралығында өткен І Халықаралық «Ақ сәулелі алтын таң» фестиваль – конкурсына Жаңаөзен қаласы Оқушылар шығармашылық үйі жанынан ашылған «Жұлдыз» аула клубының үйірме оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жүлделі орындарға ие болды. Конкурс фестивалі түрлі номинациялар бойынша өткізілді. Соның ішінде атап өтетін болсақ, көркем сөз, қобыз, домбыра, вокал номинациялары бойынша үйірме оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Көркем сөз номинациясы бойынша Орынбай Шынара Гран при, Жұмаханова Меруерт І орын, Оңдаған Мыңкісі ІІ орын, Экібай Жансерік ІІ орын, Дүйсенова Дидар ІІ орындарға, Вокал номинациясы бойынша Эскендир Асия дипломант номинациясына ие болды. Қобыз номинациясы бойынша Батырғали Сабина ІІ орынға, Домбыра номинациясы бойынша Ревшен Талған ІІ орынға, Таджимағанбетова Арайлым ІІІ орынға ие болып, арнайы сыйлықтар табысталды. Үйірме жетекшілері Дюсегалиева Қалығыз, Джусибалиева Бибігүл, Караманова Айгерімге лауреат дайындағандары үшін Алғыс хат табысталды. Оқушылар шығармашылық үйінің директоры М.Т.Мамутов мырзаға алғыс білдіреміз. Үйірме оқушылары мен қаржылай демеу беріп отырған ата – аналарымызға алғыс білдіре отырып, оқушыларымыздың алда алар асулары көп болсын демекпін

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *