5-6 жас балаларды ойын арқылы тілін дамыту

Жамбыл облысы
Жаңатас қаласы
Тәрбиеші
Борамбаева Жулдыз Ергалиевна

5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін

Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл-ой тәрбиесінің бұл acпектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6-7 жастағы баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С.Л. Рубинштейн, Д.П. Годовикова, Т.А. Куликова, А.И. Сорокинаның еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А.П.Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынады.
6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруга ерекше көңіл бөлуде.
Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагогі өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік iшкі позициясы қалыптасып және екі қажеттілігі; eкіншісі белгілі бip әлеуметік қатынасқа байланысты қажеттілігі.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жүргізу қажет.
Тәрбиеші — педагог — мектепалды жастағы балалардың танымдық, белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipri таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр.
Сонымен бipгe, оқушылардың танып, білуге, қабілетін дамытуға, өз пікірін еркін айтуға шығармашылығын дамыту арқылы icкe асырылады.
Балабақшадан тыс жұмыстарды көптеп қатыстыруға, ойландыруға мүмкіндік туады. Балабақша тәрбиеленушілерінің танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында танымдық ойындар колданудың маңызы зор.
Ойын дегенміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды оқу-қызметінен тыс уақытта пайдалану — үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп өcyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылдық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жұмбақ, сөз тізбек, крассворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б. Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше. Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бipi- ұлт ойындары.
Ойын да халық педагогикасының құрамды бip бөлігі. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына ceгізінші eтiп, осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық, ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай әр алуан болып келеді. Дегенмен халық ойының неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны ic жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді.
Уақыт тәрбиешілеріне тәрбиеленушілерді жаңа заман талаптарына сай, әpi озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмipгe әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Еңселі ел болып, ана тілін, ата салтын, дәстүрін қайта түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тіл заңы және тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйе сіне жаңаша козқарасты ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде.
сіне жаңаша көзқарасты ұрпақ; тәрбиелеуді талап етуде.
Ұрпақтарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану керек. Сондай оқу — тәрбие негіздерінің бipi-ұлттық; ойындарымыз.
Ол — сандағы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмipгe әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Қазақтың ұлттық ойындары: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар болып бөлінеді. Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бip саласы болып есептеледі.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егежей-тегежейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес бала отбасы тәрбие және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, оқу-қызметтің сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын- бірден-бip таптырмайтын құрал.
Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың қажетті практикалық білімін, біліктілігін, әдетін, тәртібін, әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз бағдарламасы бар екені бәріне мәлім. Сондай оқу-қызметінің бірі — тіл дамыту оқу-қызметі. Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау- жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тіл мүкістігін танып түзетудің, баланың жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін кеңейте отырып, өзара қарым-қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.
Ал, қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа қалаған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. Саусақ ойының ойнай отырып, балалар қоршаған
ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.
Ойын- адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Ойын- бip қарағанда қарапайым құбылыс немесе әрекет icпeттi. Ол міндетті түрде ұжымдық, әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бip-бipінe деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бip-бipiнe деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, eciн, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әcepi арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бip ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде балабақшада пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар тәрбиеленушіні жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде — кеңінен қолданылатын ойынның тағы бip түpi ол-дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқу-қызметін қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап -тәрбиеленушінің танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
a) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге
қамтамасыз ету;
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жету;
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім,
білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы керсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әcipece кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор. Дамытушы ойындардың ішінде тәрбиеленушінің өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше.
Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды. Оқу-қызметін бірыңғай әдістермен жүргізе беру балаларды жалықтырары сөзсіз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *