Жолда жүру ережесін білесің бе?

Қалбергенова Жанат

Мақсаты: Көшедегі қауіпсіздік ережелерін қайталау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйрету. Қоғамдық және жеке көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін дамыту. Жолда жүру ережелерін орындауға, тәртіпке үйрету.

Тәрбиеші Сәлеметсіңдер ме балалар?        Балалар бүгін бізде ерекше күн.Бүгін бізге қонаққа апайлар мен ағайлар келіп отыр. Қане балалар шаттық шеңберін құрайық.

Қуан шаттан балақай!

Қуанатын күн бүгін,

Қайырлы таң апайлар!

Қайырлы таң достарым!

Жарайсыңдар балалар.Балалар бүгін біз сендермен Қауіпсіз мінез-құлық негіздеріндегі оқу қызметінде танысатын жаңа тақырыбымыз «Жол ережесін білесің бе?»Балалар біз өткен оқу қызметінде «Күлкі көңіл ажары» деген тақырыбымызбен танысқан болтынбыз. Өткен тақырыпты пысықтау. Балалар біз кәзір орманға саяхатқа барамыз.Жол қашық сондықтан,көлікпен баруымыз керек.Мен жұмбақ айтам,соның шешуін тапсаңдар,біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Бұл тұлпар су ішпейді.жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді,

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Киіп ап төрт  дөңгелек дөңгелейді .

Тәрбиеші:Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.Өйткені,жолда түрлі жол белгілері кездеседі.

(кеуделеріне белгі ілген4 бала ортаға шығады:бағдаршам,

ескерту,тыйым,анықтама,көрсеткіш белгілері)

Бағдаршам:Менің атым- бағдаршам

Бар әдемі үш көзім,

Алдамаймын,аңғарсаң,

Ақылдымын тіпті өзім.

Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде

Үшбұрыш боп тұрамын

Қателеспес үшін де,

Көз сал маған,шырағым!

Құрар үйде сауықты,

Жолдан аман келсе адам-

Жолда күткен қауыпты

Ескертемін мен оған.

Тыйым салу  Болмау үшін қиын күн,

белгісі:           Қажеті бар тыйымның.

Қызыл шеңбер ішінен

«Болмайды!» деп бұйырдым.

Тұрады әркез сапта аман-

Сол тыйымды сақтаған.

Тыйым көрсең,тұра қал-

Әрі қарай аттама!

Анықтама        Түнде,күндіз,кеште де

белгісі:              Жөн сілтеймін жолға сай-

Аңғармайсың ештеңе

Анықтама болмаса.

Ой-шұңқырды алдағы,

Қалай өту керегін,

Жылдамдықты,ал,көні

Анық айтып берейін!

Арнұр:         Шофер біткен бүгінде.

Жол тәртібін біледі

Бағдаршамның түбінде

Ережемен жүреді.

Тәрбиеші:Ал балалар,қане автобусқа жайғасайық.Ал қозғалдық.Сәт сапар!Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз.Көше қиылыста

рының бәрінде бағдаршам тұр екен.Бағдаршамның қай түсі жанған

да біздің автобусымыз жүру керек.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұк ,уш сөзін

-Тоқта!

-Сақтан!

-Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Тәрбиеші:Балалар жүргізүші неғып жүрісін баяулатты?

Балалар:Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.

Тәрбиеші:Ол белгінің ішінде неге жануардың  суреті тұр?

Балалар: Бұл «Абайла!», «Жануарлар!» деген белгі.

Жүргізуші байқап жүрмесе,жануарды басып кетуі

мүмкін

Бастаушы: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көрүге болады.

Балалар:         Мектептердің  жанындағы көшеде балалардың суреті

салынған белгі тұрады.Көзі көрмейтін зағип адамдар

өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады

Бастаушы:Ендеше «Жануарлар » деген ескерту белгісі тұрса,біз ор- манға да келіпқалған болдық қой.Әне қараңдар Аю мен Қонжық кетіп жатыр.

Көрініс «Аю мен Қонжық»

Аю  :     Көшеден өтеред әуелі сол жаққа,содан соң оң жағына қарау

керек.Әйтпесе,машина  басып кетеді.

Қонжық:  Жоқ ,мен оңға да ,солға қараймын. Апай бізге көшеден өт-

кенде тура бағдаршамға қараңдар деген.

Аю :        Ақымағым-ау,ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы

Мүмкін?Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.

Бастаушы: Біз тоқтап ,Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан

қалай өту керек екенін түсіндірейік.Қонжық сен бері кел.

Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту

керекБұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дей-

ді.

Балалар:Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсын.Жолдың

Ортасына  келгесін,оң жаққа қараймыз.Бұндай белгі бар жер-

де машиналар жаяуға жол береді.

Қонжық:Рахмет,енді түсіндім.

Аю  :        Балалар,қонжығыма көмектескендерің ушін сендерге рах-

мет!Жолдарың болсын!

Балалар:Ал біз әрі қарай кеттік жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап,айналамызға назар аударайық.Қараң- даршы,орман іші қандай әдемі,түрлі гүлдер өскен,құстар сайрап,қө-

белектер гүлден .гүлге қонады

(Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)

Түлкі:Мына қыли қоянның кесірі.Мені велигіне отырғызып,алдымыз-

дан машина шыға келгенде,рульді бура алмай,құлатып таста-

ды.

Қоян:ой!,суайт!Қалай өтірік айтасын.Өзін емес пе, «мен куштіі те-

бе ,мен кушті тебем» деп мақтанып,рульге отырған.

Неге маған бале жабасың?

Тәрбиеші :Жарайды,дауласпандар.

.Балалар байқадың-

дар ма мына жерде қандай белгі тұр?

Балалар: «Велосепед тебуге болмайды!»-деген белгі.Қоян ,Түлкі велосипед тебетін велосипедтің өзінің жолы болады, сол жолда велосипед тебу керек. Ал егерде мынадай велосипед тебуге тиым салынған белгі көрсеңдер ол жерде айдауға болмайды.

Түлкі мен қоян: Балалар сендерге Рақмет біз бұдан кейін жол ережесін сақтап жүретін болмыз.

Тәрбиеші :Мына қасқырға не болған,бұл неге жылап келе жатыр?

Ау,қасеке,саған не болған,бетің көгеріп,аяқ-қолын жара бо-                                             лыпты .біреу ренжітті ме?

Қасқыр:Жоқ мені кім ренжітуші еді.Бір машина үстіне қой мен ешкі      тиеп  кетіп бара жатыр екен.соның біреуін  алып қалайыншы деп,машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп,аяқ-қолымды жаралап алдым.

Тәрбиеші :Балалар,жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па?Жарайды,Қасеке Біз саған Маашинаға жабысқан қаншалықты қауіпті екенін айтайық.

Аңдар:-Балалар,енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.

-Машинаға жабыспайтын боламын.

-Рахмет сендерге балалар!

Тәрбиеші:Балалар,енді бақшаға ораламыз.Балалар бақшаға дейін жол қысқару үшін  бойымызды сергітіп «Бағдаршам» әнін орындап барсақ қайтеді. Қане автобусқа отырайық.

Ән:       «Бағдаршам»

 

Тәрбиеші:міне,біздер бақшаға да келіп қалдық.Саяхат ұнады ма,сендерге?бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.

Ал балалар бізге Қожанасыр атамыз электронды пошта арқылы өзінің басынан кешкен хиқаясын жіберіпті, өзі жол ережесін білмей, қала көшелеріндегі жолдардан өте алмай жарақат алыпты. Осы қателікті балалар қайталамасын деп бізге көруге ұсыныпты, қане баріміз бірге кореміз бе?

Ал, балалар Қожанасыр атамыздың хиқаясынан не түсндік,түсінгендерімізді айтайықшы. Балалар мен қазір сендерге қолдарыңа үш түрлі белгі беремін, бұл белгілер сендердің көңіл-күйлеріңді білдіреді. Мен сендерге бірнеше сұрақ қоямын сендер қолдарыңдағы белгілермен өз көңіл-күйлеріңді білдіресіңдер.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу-қызметі ұнады ма?

Балалар орманға  саяхат көңілдеріңнен шықты ма?

Бүгінгі танысқан жол белгілерін есте сақтадыңдар ма? Балалар өте жақсы көңіл-күйде болсаңдар Күнді, жақсы болса бұлтты, орташа көңіл күйде болсаңдаржаңбырды көтересіңдер.

 

Шуақты өміріміз кундей куліп,

Жүректе бүршік атып,гүлдейді үміт,

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

         Жол жүру ережесін білмей тұрып , деп балалар бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *