Ас атасы — нан

Алдабергенова Сауле

Мақсаты: Нанды  қадірлеуге   үйрету.     Нанның  дастарқанға  қалай  келетіндігін   айтып,  оған  көптеген  адамдар  еңбек  ететіндігін  түсіндіру.  Еңбек  адамдарын  сыйлай  білуге,  әр  адам  нанды  үнемдей  білуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нан  туралы  слайд,  нақыл  сөздер,  ұннан  жасалған  тағамдар

Өтілу   барысы.

Ұйымдастыру  кезеңі.

Біздің  дала – бай  дала

Алтын астық —  айнала!

Астық – дала  сәулеті

Астық – отан  дәулеті

Біздің  дала —   бай  дала

Алтын астық – айнала!

Құрметті  ұстаздар,  ата – аналар,  оқушылар  2 – сынып  оқушыларының  «Ас  атасы — нан»  атты ашық  тәрбие  сағатымызды  тамашалауға  шақырамыз.

Балым:

Нанға  бал  жағып  жеп отырған  Балым  анасына    қарап.

Балым:  Ана  бал  тәтті ме,  әлде  нан  тәтті ме? —  деп  сұрады.

Анасы: Нан тәтті —  деп  жымиды.

Балым:  Жоқ,  ана  бал  тәтті  ғой  — деді.

Анасы: Иә  балам,  бал  тәтті.  Бірақ  қанша  тәтті  болса  да,  балды  күнде жуй  алмайсың   Ал нанды  күн  сайын  жейсің.  Наннан  қасиетті тағам жоқ.   «Ас  атасы  — нан»  деп  тегін  айтылмаған.  Сондықтан  нан тәтті  десек те  болады.

«Ас  атасы  — нан»  — деп жатамыз  осы  сөздің  мағынасын қалай  түсінуміз.  Оқушы  пікірін  тыңдау.

Слайдпен  жұмыс.  Нан  дастарқанға  қалай   келеді?

«Диірмен»  туралы  түсініктеме  беру.

Қайдан  келдің,  бауырсақ?

Нан туралы  өлең  оқу.

1-оқушы:

Бір кезде болып нанға зар,

Қадірін білген адамдар,

Әулие тұтып нанда ұстап,

«Нан ұрсын» -деп қарғанар.

Нан ардақты адал – ас

Кәрі-жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дәм

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарханнан нан кетсе

Береке кетер асыңнан

Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар сірә, нанға тар

Өмірдің алтын арқауы

Бар қасиет нанда бар.

2-оқушы:

Даланың арынан

Даланың таңынан

Даланың жанынан өседі,

Нан- жеңіс ол кешегі.

3-оқушы:

Менің елімнің Елтаңбасында масақ суреті бейнеленген. Ол біздің Отанысмыздың байлығын көрсетеді. Біз оны мақтанышпен айта аламыз!

4-оқушы:

Ол биіктен төгілген мөп-мөлдір зәм-зәм суынан өседі. Нан- өмір. Жеңіспен ап келген кешегі Нанға пірім, деп Нанға жырым деп табынам.

5-оқушы:

Нанға үлкен жүрекпен қараңдар!

Нанды өмір деп  санаңдар

Нан болмаса

Қызығың, бақытың

Құр әуре далбаса.

6-оқушы:

Нансыз тыныштық та болмайды

Көкіректі мұң

Жерді шаң торлайды

Екі ел бірін-бірі жалмайды.

Елімнің құдіретін асырап тұрған менің де, сенің де, оның да  мерейін үстем деп тұрған. Ол нан!

7-оқушы:

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар.

Нанда адамның еңбегі мен ары бар

Нан өмірдің ана сүті, арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

8-оқушы:

Кешіре гөр, бір үзім нан асылым

Кешіре гөр, көрсең бізден асылық

Кешір мынау тоқ ұрпақ, тоқ буынды

Аяқ асты жатсаң кейде басылып.

9-оқушы:

Дән нәресте

Дән – тіршілік тоқтамайтын

О, адамдар

Тіршілік арнасын сақтаңдар

Диқанның еңбегін ақтаңдар

О, адамдар! Кең пейілділер!

Бір дән жолда жатса

Ұлылықпен еңкейіңдер.

 

10-оқушы:

Жарып шыққан қауызын,

Дән – өмірлік азығың.

Жегеніңде ақ нанды,

Нәрге толар ауызың.

Көрініс:  Нан қадірі.

Ойын:  Кім  жылдам?

  1. Қырман басы береке

Көп  жүрген  жер  мереке

  1. Жеріңе жақсылық қылғаның

Тасты  дей  бер  қырманым

  1. Егін ексең  тыңға

Шықтым  дей  бер   шыңға

  1. Дастарқанда наны  жоқтың

Тамағының  сәні  жоқ

  1. Қамбасында дәні  жоқтың

Дастарқанда  наны  жоқ

  1. Тістем нанның  қадірің

Тарыққанда  білерсің

  1. Қоныс көркі  там

Дастарқан  көркі  нан

  1. Нан -тамақтың атасы

Ынтымақ- көптің батасы.

  1. Жақсылап жыртып жеріңді,

Кезінде ексең егінді

Аларсын мол өңімді.

  1. Берсең аларсың,

Ексең орасың.

Көрініс: «Ас атасы — Нан»

Нан туралы ақыл кеңестер, ырым-тыйымдар:

  1. Нанды бір қолмен үзуге болмайды. Ол кесір болады.
  2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
  3. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
  4. Нан сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.

Мысал: «Бидай мен Қаңбақ»

Қорытындылау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.