Тәлімгерліктің жүйелі жұмысы

Нургул Серикбаевна

Біздің мектебімізде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 2013 жылы құрылды. Республикалық қоғамдық бірлестік Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы  бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.

2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХЛП ХІІІ съезінде Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Респебликасы Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылғы 6 шілдеде «Елорда күніне» арнап, жастар ұйымдары көшбасшыларының бастамашыл тобы «Бірыңғай «Жас Ұлан» балар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық  Қоғамдық Бірлестігін құрды.

Мемлекетіміздегі қазірге заманғы білім берудің басым бағыттарының бірі-өскелең ұрпақтың ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптасуы мен дамуы. Оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау: баланы тәрбиелеу, білім беру және жан-жақты қалыптастыру, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту, бала құқықтарын қорғау.

Жас ұрпақты  белсенді азаматтық ұстанымы мен дене бітімі рухани дамыған, әлеуметтік жауапкершілігі, отансүйгіштік сезімі мен жоғары адамгершілік қасиеттері үлесім тапқан тұлға етіп қалыптастыру. Бүгінгі таңда елімізде балалар мен жасөспірімдермен әр түрлі бағытта жұмыс жүргізіп отырған 1434 балалар ұйымы тіркелген.

«Жас Ұлан» өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарға, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухына қалыптастыратын ұйым болып танылады.

«Жас Ұлан» ұйымының мақсаты – өскелең  жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіздік Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершлікті қалыптастыру.  Ал міндеті

  • Қазақстан тарихын, мәдениетін, мемлекеттік тілді білу негізде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуеті қалыптастыру;
  • Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
  • Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
  • Балалар мен жасөспірімдердің зиятерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
  • Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілетерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
  • Жас Ұрпақты тәрбиелеуде балалар ұйымы қызметінің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамда айқындау;
  • Балар мен жасөспірімдердің түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынас реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;

Және де бұл ұйымның өзіндік қағидалары да бар.

«Жас Ұлан» ұймына мүше болудың екідеңгейлі жүйеі бар. «Жас Ұланның»  жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның жасөспірімдер қабылданады. Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау жылына 3 рет өткізіледі:

1 мамыр-Қазақстан халқының бірілігі күні ,

6 шілде- «Жас Ұлан»  құрылған күні,

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

«Жас Ұланның»  бастауыш ұйымы  «Жас Ұлан» мектеп комитеті болып табылады. «Жас Ұлан» бастапқы ұйымдары  «Жас Ұлан»

мектеп комитетінің жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Мектеп Комитетінің жалпы жиналыс шешімі, егер оған барлық сыныптарының көшбасшылары, ұйым бағыттарының жетекшілері қатысқанда ғана қабылданады деп есептеледі. Біздің мектебімізде 2015-2016 оқу жылыда «Жас Ұлан» ұйымына 69 адам, ал «»Жас Қыран» ұйымына 45 адам қабылданды.

«Жас Ұлан»  көшбасшысы-барлық деңгейде «Ұлан басшысы» деп аталады, ол 9-10 сынып оқушылары арасынан жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен бір оқу жылына сайланады. Атқарушы орган- Мектеп комитетін атқарушы хатшы басқарады, оны педогог, тәлімгер, ұйымдастырушы-әдіскер мектеп ұстаздары қатарынан жиналысында «Жас Ұлан» аудандық кеңесі және мектеп әкімшілігінің келісуі бойынша бекітеді. Ал біздің мектебімізде «Ұлан басы» болып 9 сынып оқушысы Шамшаева Ардақ болып есептелді. Оны сайлау арқылы шештік. Барлық оқушыларға карточка беріліп, қалған адамдарын таңдатқыздық. Сол арқылы Шамшаева Ардақ көп ұпай алып, Ұлн басы атанды.  «Жас Қыран» ұйымының жетекшісі:     4 сынып оқушысы Сағындықова Ақбота, ал «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі : 8 сынып оқушысы Әбілғазиева Ұлдана.

«Жас Ұлан»  балалар  ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгә болып табылады.

Ту- бұл балалар мен жасөспірімдердер бірлігін  бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде болуы қажет.

Ту— тік бұрышты 2000 х 100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі бейнелеген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен аппликациялау арқылы жазады. Ағаш сабына бекітілген тұста-ұлттық олармен кестедеген тік жолақ өрнектелген . Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген. Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі өрнек нақышында жасалынады. Тудың ағаш сабының ұзындығы металл сүңгінің ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты бау байланады. Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол арнайы тіреуде қаптаулы түрде сақталады немесе бөлменің ортасында Ұйымның салттық қабырғасында әйнекте тұрады.

Галстук   бұл балалар ұйымының ерекше белгіс і.  Түсі-аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40 х 130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі  4 см шеңбер түрінде жасалған.

Ұран — ұйымының  ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.

«Жас Қыран» төсбелгісі— қыран бейнесі қазақ елінің өскелең ұрпағы қырандай күшті, білімді, әрқашанда биік шыңдардан көрініп, алғыр ьолуының айғағы. Белгінің жоғарғы оң жағында шуағын шашып тұрған күн бейнелеген. Күн- жастарға болашаққа нық сеніммен қарауға жол ашады. Жалпы күн бецнесі өміршеңдіктің, байлықтың белгісі. Төсбелгінің көлемі 10 мм х 20 мм. Темірден жасалған көк сары түс.

«Жас Ұлан» төсбелгісі— Дөңгелек шар тәрізді форма. Шар-өмір мен мәңгіліктің бейнесі, шардың жоғары жағында өрнек-бұл қазақстанның төбесінде мәңгілік күн жарқырап тұруының белгісі. Бейбітшіліктің, тұрақтылықтың нышаны. Шардың ортасында Алтын адам бейнеленген, ол еліміздің Тіуелсіздігінің символы. Төсбелгінің көлемі 15 мм х 15 мм. Темірден жасалған көк сары түс.

«Жас Ұланның» мақсаты мен міндеттеріне сүйене отырып, тұжырымдаманың басты бағыттары жүзеге асырылады:

  1. «Зерде» бағыты өзін –өзі тану , отбасы және қоршаған орта туралы толық білу, осы заманғы ғылыми және мәдени біліммен қарулану, өз елінде және өзге елде болып жатқан жаңалықтармен танысу. Сабақтан тыс уақытта оқушыларды зияткерлік деңгейінің көтерілуін, жан-жақты көзқарасымен кеңеюін жетілдіруге,үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ететін шараларды қамтиды.
  2. «Руханият» бағыты-балалар мен жас жеткіншектерді жалпы адамгершілік қасиеттерге ие болуға және Отанға, еңбекке, жалпы қоршаған ортаға, өзінің жеке тұлғасына деген сезімін тәрбиелеу. Даму және дамыту, ізгілік пен парасаттылық қасиеттерін сіңдіру. Жақсылық атаулыға деген сезімді арттыратын, жамандыққа жол бермейтін: ата-ана, туыс, достар, ұжым, халқы, Отан алдындағы парызды сезінетін, адалдық, адамгершілік ұстанымдарды берік сақтауға үйрететін шараларды қамтиды.
  3. «Отан» бағыты- Қазақстанның өткен тарихы мен оның қалыптасу, даму, нығаю жолдарымен таныстыратын, халық таррихына қатысты ұлы тұлғалар жөнінде білім беретін, әдеби және мәдени құндылықтарды насихаттайтын, шет елде тұратын қазақ балаларымен  байланыс орнатуға ықпал жасайтын, жалпы халықтық мейрам-мерекелерді өткізуді, мемлекеттік тілді меңгеріп, оның қолданылуы аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қамтиды.
  4. «Салауат» бағыты-ағзаны шынықтыратын, дененің дұрыс қалыптасуын, мүсіннің сысбатыты болуын қамтамасыз ететін, гигиеналық дағдылрға баулитын, ұлттық ойындарды игеретін, олардың пайда болуы және даму тарихымен дағдыларға баулитын, ұлттық ойындарды игеретін, олардың пайда болуы және даму тарихымен таныстыратын, салаутты өмір салтын насихаттайтын, ірі спорттық жетістіктерге ынталандыратын, әр кезеңдегі спорт саңлақтарының өмірі мен спорттағы жетістіктермен таныстыратын шараларды қамтиды.
  5. «Еңбек» бағыты-жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал етенін қоғамдық негізде қйымдастырылған жұмыстарға қатысу, өзі тұратын өңірде кең таралған еңбек түрлерімен танысу арқылы қажетті еңбек дағдыларын үйрету. Туған өлкесінде әр кезеіде еңбегімен танымал болған атақты тұлғалардың өмірі мен еңбектегі жетістіктерімен танысып, оны мақтаныш етуге, өнер түрлері туралы түсініктемелерін кеңейтуге, еңбек рахатын, сұлулығын сезіне білуге ықпал ететін шарарларды қамтиды.
  6. «Жеті жарғы» бағыты-мектеп Жарғысын, оқушаларға арналған мінез-құлық ережелерін білуге, оны сақтауға, мемлекет пен оның заңдарына құрметпен қарауға, жеткіншектердің күнделікті өмірде өздерінің жүріс –тұрысына басшылық жасай білуіне ықпал ететін, өз мемлекетінің азаматтарына қамқорлықпен қрап, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысатын оқушалардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, заң бұзушылыққа қарсы күресуге ықпал ететін шараларды, жастар арасында әр түрлі жүргізілетін әлеуметтік-құқықтық маңызы бар шараларды қамтиды.
  7. «Экоәлем» бағыты- табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат пен адамзат арасындағы байланысты сезінуге, қоршаған орта сұлулығын көре білуге, оны қорғауға , туған өлке табиғатын танып білуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, экологияның зардаптардың себебін түсініп, оны жоюға ұмтылдыратын, жалпы экологиялық мәселенің адамзат тіршілігіне тікелей байлнысты сезінуге ықпал ететін шараларды қамтиды.

Осы бағыттардың өз жетекшілері бар:

  1. «Зерде» бағыты- Әлқуатова Айгерім 8 сынып
  2. «Руханият» бағыты- Қыстаубаева Нүргүл 9 сынып
  3. «Отан» бағыты- Сахиев Мақсат 8 сынып
  4. «Салауат» бағыты- Қыстаубаева Гүлзат 6 сынып
  5. «Еңбек» бағыты- Қоянбаева Мадина 6 сынып
  6. «Жеті жарғы» бағыты- Әмешов Асылжан 8 сынып
  7. «Экоәлем» бағыты- Қалиева Мөлдір 7 сынып

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *