Педагогикалық шеберлік орталығы және мен

Дәрмен Көрпеш Жанасовна

Әлем өзгеруде, әлеммен бірге балалар да өзгереді,
бұл өз кезегінде мұғалімдердің біліктілігіне жаңа талап
қоюда жаңалықтың көп екенін білдім.

 Мен — адам жанын түсінетін, дем беруші, бағыт бағдар беруші, өзгелердің жанын ауыртпайтын, керісінше, жан дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің әлемін шарлап, жанына дауа іздейтін, жанға дем беретін, жан деген әлемді жандандыратын, аса сезімтал шәкіртінің сырына бойлай алатын  мұғалім көшбасшы болуды мақсат етіп қойдым. Мен осы жерде ПШО-ның қыбырғасында жүріп, өзіме көп нәрселерді түйіндедім. Көптеген адамдарға, біздің балаларымызға тек қана материадық емес, сол сияқты күнде өзгеріп жатқан әлемдік жаңа технологиясын, өзгерістермен сусындауына мүмкіншілік жасап, бағыт-бағдар беруіне міндеттеді. Адамдарды толғандыратын, әрі рухтандыратын көзқарас пен мақсаты бар нақты мәні бар нысаналы мақсат қоятын, өз мақсатыма жету жолында табандылық танытатын көшбасшы болу керектігін түсіндім. Мен күн сайын оқыған-түйгенімді, көрген-білгенімді түйіндей отырып, өз әлемімді балалармен бөлісуге, оларға дем беруге арнауға тырысамын. Осы мақсатты орындау барасында менің курстан алған тәжірибе, оқуларым өмірге деген көзқарасымды мүлдем өзгертті. Мен өзімді сыни тұрғыдан ойлауға, рефлексия жасағанда адам көптеген шешімдерді сараптап, оларды ой елегінен өткізіп, өз құндылықтары мен түсініктерінің, түйсігі мен қажеттіктерінің таразысына салып, байыбына жетуге үйретті. XXI ғасырда нағыз көшбасшы — ол өзін көшбасшы ету емес, жанындағы адамдардан көшбасшы жасай алу екенін түсіндім. Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында жұмыс істейтін әрбір ұстаз үнемі» оқушының үнін» ести білуі керек.»Оқушы үні» арқылы олардың ойларындағы жаңа идеяларға  жету,оларды іске асыру арқылы  көптеген жаңашылдыққа кездесетінімізге сенімділік туады . Әрбір оқушыдан жан-жақты, өз ойын еркін жеткізе білетін, өзіне осы өмірден не керек екенін анық білетін және оқыған-түйгенін өмірлік тәжірибеде қолдана білетін тұлғаны калыптастыруға басты назар аудару керек екенін түсіндім.Оқушылар бойында  таным ,сенім, құзіреттіліктің қалай қалыптастыра білу керек екенін курстағы тәжірибелер арқылы сездім,түсіндім.

Ойымды қорытындылайтын болсам, бүгінде біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз, мұндай жағдайда үйрене білу және үйренуге ұмтылу адамның ең басты қабілеттілігіне айналуда, бүгінде үйренуге үйрету керек екенін білдім.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *