Менің Отаным

Кумарканова Гүльнұр Болатбековна

«Менің  Отаным»  атты  тәрбие сағаты

Тәрбиеші:   Сәлеметсіздер  ме ?  қонақтар.  Бүгін  сіздер  «Балапан»  тобыныңи  «Менің    Отаным»   атты  тәрбие  сағатына  қош  келдіңіздер.

Қанеки  балалар,  барлығымыз  ортаға    жиналып  ата-аналармен,  қонақтармен  амандасайық  та  ҚР  әнұранын  орындап  тәрбие  сағатымызды  бастайық.

-Қазір  жылдың  қай  мезгілі?

-Қыс.

Қыс  мезгілінде  неше  ай  бар?

-3  ай  бар

Қазір  қыстың  қай  айы?

-Қаңтар айы

Біз  қай  Республикада  тұрамыз№

-Қазақстан  Республикасында  тұрамыз.

Қазақстан  Республикасының  елордасы  қай  қала?
-Астана  қаласы.

Қазақстан  Республикасының  елбасы  кім?

-Н.Ә  Назарбаев.

Ендеше  біз  қзіміздің  Отанымызға  арнап  әзірлеген  өлең  шумақтарын  айтып  берейік:

Аян:   Сарқылмайтын  қуатым,

Тірегімсің  Қазақстан.

Мәңгі  соғып  тұратын,

Жүрегімсің  Қазақстан.

Інжу:       Егеменді  ел  болдық

Ұлттық  намыс  оянып.

Гүлденсін мәңгі  жайқалып,

Тәуелсіз  қазақ  еліміз.

Шұғыла:     Отан  сенің  ата-анаң,

Отан  сенің  бауырың.

Отан  өлкең  астанаң,

Отан  аудан  ауылың.

Салауат:                 Алтын  заңның  аясында,

Құлпырамыз  гүл  болып.

Отан  ана  аясында,

Жарқыраймыз  күн  болып.

Қане  бәріміз  «Әр  қашан  күн  сөнбесін» әнін  орындайық

« Әр  қашан  күн  сөнбесін»

Күн  әлемі,  көк әлемі  бұл   суреті  жас  баланың.

Ақ   қағазға  салған  өзі  жазылған  бар сөзі.

Қайырмасы:

Әр  қашан  күн  сөнбесін,

Аспаннан  бұлт  төнбесін.

Қасымда  болсын  мамам,

Болайын  мен де  аман.

Біз  өзіміз  бөлек  мемлекетпіз.  Біздің  қандай  рәміздеріміз  бар?

-Ту, Елтаңба,  Әнұран

Нұрлас:  Айнымайды  аспаннан,

Біздің  тудың  бояуы.

Оны  халық  қашанда

Биікке іліп  қояды.

Ерзат:      Қатар  шапқан  қос  тұлпар,

Ай  астында  қазақ  үй.

Қалықтаған  жас  сұңқар,

Шарықтаған  таза  күн.

Біздің  елімізде  әртүрлі  ұлт  өкілдері тұрады.  Сендер  қандай  ұлт  өкілдерін білесіңдер?

-Қазақ,  орыс,  неміс, татар  т.б

Қане  балалар  енді  барлығымыз  бірге  «Дос  болайық  бәріміз» әнін  орндайық.

«Дос  болайық  бәріміз»

1.Жаңа  шаттық  біргеміз

Ажырамас  іртеміс,  іргеміс  жүріңдер.

Достық  жырын  біліңдер

Ту  қып  ұстап  бірлікті

Еңбекті  сүйіңдер

Қайырмасы:

Дос  болайық  бәріміз

Жарасып  тұр  әніміз

Тыныштықты  сақтаймыз,  сақтаймыз.

Атсын  күліп  таңымыз

2.Қайраттанып  қарышта.

Озып  шыққан  жарыста

Батырлар,  жас  ұлан

Самға биік  алысқа

Жұлдыздарға  ғарышқа

Бойда  күш  тасыған.     (Қайырмасы)

3.Отан  біздің  панамыз,

Аман  жүрсін  анамыз.

Нұрлы  күн  сөнбесін,

Ақыл  толып  жанамыз.

Жарық  біздің  санамыз

Қара  бұлт  төнбесін.

Рахман  да  бүгін  өзі жаттап  келген  Отан  туралы  өлеңін  айтып  берсін.

Рахман:              Отан  деген  Атамекен ,

Отан  деген  Туған  жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен.

Қазақстан  туған  ел

Тәрбиеші:   Балалар  барлығымыз  үшін  Отан  оттан  да  ыстық.  Отанымыздың  мақтанышы,  қорғаушысы  бола  берейік.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *