Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністері

Қажыбекова Ақбота

Біржан бозбала кезінен «Тәңірінің берген өнері» арқасында алдыңғы толқын әнші-ақындардыңқасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Алдыңғы толқын Арқаның сал-серілері — Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан– Біржан салдыңөнердегі ұстаздары.

Біржан салдың 1865 жылыАбай ауылында болуы, ұлы ақынның әнші өнеріне тәнті болып, оған биік баға беруі әншішабытынашабыт қосты.

М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында осы бір эпизодты асқан көркемдікпен суреттейді. Эпопеяның осы бір тұсындағы Біржанның салтанаты, халықтың ықылас-пейілі, Абайдың Біржанға көрсеткен құрметі бәрі-бәрі қарасөзбен емес, өлеңмен жазылғандай әсер қалдырады. Ұлы Абай:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең — менше сүй, -деген өшпес өнегелік сөз қалдырған.

Біржан сал менің пайымдауымша, қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Кейінгі толқын Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Мәди, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, ЖарылғапбердітәріздіАрқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың әншілік мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырған дүлдүл өнерпаздар.

Біздің заманға жеткен Біржан салдың алпысқа жуық әндерінің бірі-«Теміртас».Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Қиянатшылар оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады.

Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым,
Үкідей мен сендерді балақтадым.
Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар,
Есіктен келе ме деп алақтадым…

Әншілік өнерінің  арқасында елінің алақанында болып, сауық-сайран, той – думанның гүлі болған ел аралап, салдық құрған әншіні ағайын – туыстары жасы егде тартқан, алпыстан асқан шағында «қартайдың» дегенді желеу етіп, ауылдан алты қадам аттатпауға тырысқан. Меніңше, бұл жағдай Біржанға оңай тиген жоқ. Қанаты қырқылғандай күйге түсті. Текті өнерпазды текке кінәлап, «жынданды» деп киіз үйдің керегесіне таңып тастаған қасіретті сәтте, аяулы ақынның тығырыққа тірелген тұста– ұл – қыздарына арнап зарлана әнмен мұң шақты:

Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,

Қинауға салады екен адамзатты.

Үкідей желпіндерген, қарақтарым,

Шешсеңші, білегіме арқан батты…

Осылайша атақ – даңқы алты алашқа жайылған өлең мен әннен маржан тізген Арқаның ақиық әншісі Біржан сал осыншама жан азабына төзе алмай, 1897 жылы 64 жасында бақилыққа аттанды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *