Мен- таңдаған мамандық

Сыздыкова Эльмира

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Мұғалім мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әрадам-қайталанбас жеке тұлға.

Бүгінгі мұғалімнің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да, өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. Кейде, «мен шаршадым, мына дәптер, мына қағаз» сөздерін өз құлағымен естігенде, көңілім түсіп, мынадай мұғалімнен  не күтуге  болады, деп ойлап жатасын. Ал мен үшін осынын бәрін жеңуде, өз мақсаттарыма жетудің ең бірініші төзімділігімнің арқасында. Шынында да, төзімділік бар болса, көптеген биік жетістіктерге жеттіп, өз жұмысын нақты және бапты да ойластырып, атқарасың. Төзімділік – адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі. Төзімді болғанда ғана жақсы бір нәтижелерге жеттуге, нақты дұрыс шешім қабылдауға болады.

Бүгінгі өмірдің ағымына сай бәрі де алға жылжыуы, жаңашылдық даму кезеңі болғаны адамды ізденуге, құрастыруға, шығармашылық тұрғыда жұмыс істететін уақыт болғанын білеміз. Өз тәжірібемізде сандық технологияны қолдансақ та, балаға жаңалық түрде жеткізе аламайтын кезеңдер де болады. Неліктен? Өйткені әр қадамымыз, әрекетіміз жоспарлы түрде жасалу қажет. Бала бойындағы жеке тұлға болып қалыптасатын дәрежеге жетуіміз қажет. Сандық технология арқылы берілген білім өмірде тиімділігі  бар, оны дұрыс қолдана алатын жағдайда қалыптастыру қажет.  Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалімнің  шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі –« мұғалім» деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да айқындап бағалайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Балаға дұрыс білім беру арқылы біз оның жеке тұлға болып қалыптасуына арқау боламыз.

Менің педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана өсірмей, сонымен қатар кең пейілді, ақылды, жауапкершілігі бар адам етіп тәрбиелеу. Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің өткізген оқу іс – әрекеттеріме қызығушылықпен қарап отырғандарын ұқтым. Білуге, үйренуге құштар балаларды көргенде менің шабытым артып, тағы бір арман пайда болды. Кішкентай, балғын балалар!…болашақ үздік шәкірттерімді қалай қалыптастырамын, отанын сүйетін адам етіп тәрбиелеуге өзіндік үлесімді қоса алам ба?-деген сұрақтар мазалап, жаңа жоспарлар құруға жол ашты. Баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты мақсатым болды.

Мұғалім баланы жан тәнімен сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі қажет. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоятыңдай қасиеттері арқылы ғана мен өз мәртебемді көтере аламын. Балаға үнемі қолдау көрсету – менің ізгі ұстанымым. Жас шыбықтай өсіп келе жатқан жас ұрпақты біліммен сусыңдатып, тәрбиемен қанаттандыру.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *