Оқу-тәрбие үрдісінде құзіретті тұлға қалыптастыруда жаңартылған білім бағдарламасының маңыздылығы

Сапарова Ботагоз Маратовна

Оқу – тәрбие үрдісінде құзіретті тұлға қалыптастыруда

жаңартылған білім бағдарламасының маңыздылығы

 

Жаңартылған білім бағдарламасымен оқу-тәрбие үрдісінде құзіретті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы өте зор. «Мен, ең алдымен, оқудағы кедергілерді жоя білетін, бірінші жолға оқудан бұрын тәрбиені қоямын. Себебі «Тәрбие бар жерде білім де бар» деген сөзді құптаймын». Бала тәрбиесі бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы, міндеті. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді.

Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады, яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрді жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейді. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүр, әдет-ғұрпы – барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.[1]

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді жаңаша әдіс-тәсілдермен, технологиямен оқыту жолдары қарастырылуы. Білім беру мазмұнының жаңартылуы негізінде әр ұстаз өз алдына нақты мақсат, міндеттерді айқындап алуы маңызды. Олар:

  • Оқушылардың қазақ тіліндегі сөздік қорын және сөйлем құрылымын түсінуін дамыту;
  • Күнделікті өмірде, білім алуда, әлеуметтік-мәдени және іскерлік саласында карым-қатынас жасау үшін қажетті тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын дамыту;
  • Танымдық дағдыларын, ойлау және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

ХХІ ғасыр – білім-ғылымның, ақпараттың дамыған ғасыры. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша құруды көздейді. «Дәстүрдің озығы бар; тозығы бар» демекші, оқу-тәрбие жұмысын жақсартуды ойласақ, мектепте атқарылар әрбір игі істерді осы заманға икемдеп, жаңғырта, жандандыра түсеміз.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның біліктілігін, шыдамдылығын қалыптастыра отырып, оқушының алдағы өмірінде, қоғамда табысты болуына көмектесетін қасиеттерін дамытып, қалыптастыру, әлеуметтендіру болып табылады.[2]

Бұл технология бойынша өзара іс-әрекеттің принциптері мен мақсаттары үш негіздің, яғни ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталады. Ең қымбат өмір – бала өмірі, бала өмір жалғасы болғандықтан, оның қоршаған ортаға бейімделуі, өмірден өз орнын таба алуы осы үш бірліктің бірлесіп атқарған қызметіне байланысты болады. Жан Жак Руссоның сөзімен айтқанда: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады. Оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді».

Тіл – қарым-қатынас құралы. Қазіргі замандағы экономикалық, қоғамдық, саяси-әлеуметтік үдерістердің, өзгерістер мен жаңалықтардың терең енуінен тілдің тек қатынас құралы ғана емес, құзіреттілікті көтеру құралы ретінде де қолданылуының маңызы екенін түсінеміз. Ал қазіргі мектеп оқушысы – ертеңгі маман, қоғам қайраткері екенін ескерсек, оның тек сауатты жазып, өз ойын анық білдіре алуы жеткіліксіз. Сондай-ақ:

— кез-келген жағдайдан оңтайлы шыға алуы;

-өзге адамдармен тиімді тілдік қарым-қатынас орната алуы;

-тіл табыса білуі;

-икемді сөйлей алуы сияқты тілдік құзіреттілігі, іскерлік қасиеттерінің болуы талап етіледі.

Ал мұндай жағдайда мектептегі ұстаздың оқушы бойына жеке тұлғаны қалыптастыру, құзіреттілікті дамытудағы бағыттаушылық рөліне жүктелетін жауапкершілік ауқымды. Оқушы бойында оқу және сөйлеу құзіреттілігін қалыптастыру бірден іске асып, нәтиже бермейді. Ол оқу – тәрбие үрдісінде жеке, топтық, бірлескен жұмыс барысында біртіндеп дамиды.

Мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынасына қанағаттануы оқушының көтеріңкі көңіл-күйде болуына, шығармашылық белсенділігінің артуына, танымдық әрекетінің өнімділігіне мүмкіндік туғызады. Қазіргі оқу үрдісінің тұлғалық қарым-қатынас деңгейіне ауысуы оның мұғалім мен оқушының серіктестігіне айналғанының белгісін білдіреді.

Қазақ тілін оқыту тиімділігі көп жағдайда мұғалім мен оқушы әрекеттерінің қаншалықты келісіліп жасалғанына байланысты. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас бұзылуы оқушылар қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

Мұғалім мен оқушылардың тек бірлескен шығармашылық қызметі жағдайында олардың арасында серіктестік қатынас орнатылады, ол дәріс беруші мен білім алушының өзара байланысы мен ықпалынан көрінеді. Бірлескен белсенділік жағдайында өтініш, кеңес, мақтау, құптау немесе намысына келмейтіндей етіп ұялту мұғалімнің басты қаруы ретінде саналады. Мұғалім әрбір тапсырманың мақсаты мен міндеттерін айта отырып, оқушылардың басты  назарын қызметтің мазмұндық аспектісіне аударады (нені және не үшін істеу қажет). Бұл жағдайда оқу қызметінің негізгі формасы болып коммуникативті-танымдық қызметте бірлескен қызығушылығы, мұғалімнің оқушылармен тілдесуі саналады.[3]

Ынтымақтастық қатынасқа түсе отырып, мұғалім баланың оқушы ретіндегі атқарылымына емес (бұған сәйкес ол үй жұмысын жаттап, айтып беру тиіс), оның тұлға ретінде дамуының перспективасына бағыттау керек. Мұндай қарым-қатынас, әдетте, оқу үрдісінен тыс шығып, қазақ тілінің практикалық пайдалануын ынталандырады: қазақ тілінде іс-шаралар дайындауда, қабырға газеттерін бірлесіп жасауда және тағы басқалары.

Қазақ тілі сабақтарының тиімділігі, ең алдымен, мұғалімнің оқушылардың қазақ тілін қатынас құралы ретінде меңгеретін жағдаяттарын  ұйымдастырып, жағдай туғызатын қабілетіне негізделеді.  Жаңа педагогикалық технологиялар (жобалау әдісі, ынтымақтастық әдістемесі, педагогикалық шеберхана, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы және тағы басқалары ) оқушыға өмір сүруге, жұмыс істеуге, өз бетінше және ұжыммен бірлесіп ойлануына, ал армандауды және жақсы игі істерді жеке атқаруына мүмкіндік береді. Оқушы кез-келген жағдайда өз көзқарасын нық және сенімді білдіруге, белгілі бір қорытынды шығаруға дайын болуы тиіс.

Мұғалімдер күн сайын күрделі шешім қабылдап жатады. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікірлерге сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталған. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс өзгермелі әлемге дайындауда маңызды рөл атқарады. Сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда оқу бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруға тиіс.[4]

Осы мақсатта мұғалімдердің даму түсінігімен ұштастыра оқыту, оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, оқудағы ерекшеліктерді түсіну, көптеген тәсілдердің, тілдік және мәдени әсер мен мінез-құлық және дағдының, қызығушылық және оқыту амалдарының болатынын жете түсінуі қажет болады. Шешім қабылдау үдерісінде мұғалім үшін ең маңыздысы оқушының қызығушылығы болып табылады.

Әр мұғалім үшін маңызды болып табылатын білім, білік және дағдылардың негізгі үш саласы көрсетілген. Оларға:

-оқушылардың әлеуметтік тұрғыдан қалай дамып, оқитындығы туралы білімі;

-оқу бағдарламасының мазмұны мен мақсаттарының тұжырымдамалары; оқытылатын пәнді және әлеуметтік білім беру мақсаттары тұрғысынан қалыптасатын дағдыларды түсінуі;

-бағалау және оқу ортасын қолдауға бағытталған пән мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдері тұрғысынан оқытуды түсіну жатады.

Қорытындылай келе, яғни өсіп келе жатқан ұрпағымыз еліміздің мақтанышы болатындай әр ұстаз  жан-жақты қызмет ете отырып, сонымен қатар әр ұстаз оқу мен тәрбиені де қатар алып жүруі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Мұғалім.kz. «Қазақ тілі және әдебиеті» журналы №3 2016 ж.

2.«Қазақ тілі» ғылыми-әдістемелік журналы. №1 2017ж

3.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,2016 «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық»

4.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,2016 «Мектеп тренеріне арналған нұсқаулық»

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *