Сүтқоректілер класының жалпы cипаттамасы, тіршілік ортасы, құрылыс ерекшеліктері

Мұхтарова Мөлдір Маратқызы

Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілер класының жалпы cипаттамасы, тіршілік ортасы, құрылыс ерекшеліктері

 Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Сүтқоректілердің маңызы туралы түсінік беру. Сүтқоректілердің бейімделу ортасы, көптүрлілігі жайлы мағлұмат беру.

 

Дамытушылығы: Сүтқоректілер класы өкілдерінің ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері туралы оқушы ойын дамыту, жаңа технологияның әдіс тәсілдерін  қолдана отырып, оқушылардың жаңаша білім алуларына қабілеттерін арттыру,  сүтқоректілердің көптүрлілігін білуге жағдай жасай отырып білімдерін кеңейту.

 

Тәрбиелік: Оқушыларды сүтқоректілер класының  өкілдерін қорғауға тәрбиелеу. Оқушыны  жан – жақты терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де  ойын тыңдай  білуге тәрбиелеу.

 

Сабақ өту әдістері: Сұрақ жауап, СТО-ның әдіс тәсілдері, топпен, жұптық

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

 

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

 

Сабақтың көрнекілігі : Суреттер, интерактивті тақта

 

Пәнаралық байланыс: География, Биология, әдебиет

Дәйек сөз

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»

Әбу-р-Райхан әл Бируни

 

Сабақтың барысы:

 

1.Ұйымдастыру кезеңі.  Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назар аудару

А) Психологиялық дайындық. «Ғылымсыз адам-айуан, Не қылсан да, ғылым біл. Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса, ғылым тұл» (хормен айту) 

Бір-біріізге сәттілік тілей отырып,бар білімімізді ортаға салайық.

 

Қызығушылықты арттыру: 

Өткен сабақта құстар класымен таныстық, қорытындыладық.

 

Құстар класына жататын түр саны 8600.

Құстарды зерттейтін ғылым саласы  орнитология

Ұшатын құстардың төссүйегінің ерекшеліктері жақсы жетілген қыры болады.

Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар қараторғай, тырна

Құстың дене температурасы

Үй тауығының жабайы арғы тегі

Жыл санауға кірген құс

Қыран құстардың қоразы, мекиені, балапаны қаалй аталады – шәулі, ұябасар, ақүрпек

Қазақ халқының қыран құстарға байланысты дәстүрлі өнері

Ал, бүгінгі сабақта біз сендермен жаңа сабақпен танысамыз. Сабақтың тақырыбын айтпас бұрын мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырамын.

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.     (жылқы)

Үстінде екі тауы бар,

Қызық бір жануар.    (Түйе)

Тарғыл – тарғы таспа, тастан бірақ басқа,
Мекені қамыста, бұл саған таныс па?    (Жолбарыс).

Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Аю)

Ал енді осы жануарларға қарап не айтқыларың келеді?

 

Жаңа сабақтың тақырыбы сүтқоректілер класы. Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады және неліктен солай аталады? Оқушылар өз ойларын айтады.

 

Сабақтың мақсаты, міндеті оқушылармен бірігіп айқындалады.

 

  1. Мағынаны ажырату:

Сынып екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды. Постер құру, қорғау.  Постерді қорғау үшін спикер таңдау

1-топ  Сүтқоректілердің тіршілік ортасы, асқорыту жүйесі

2-топ Сүтқоректілердің топтары,қантарату мен жүйке жүйесі

 

Сергіту сәті.

2- тапсырма.  Биологиялық диктант.

Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы………………. деп аталады.(Маммалогия)

Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын ……….. пайда болған.(көкет)

Ауыз қуысында ………….. сілекей бездерінің өзектері ашылады. (3-4 жұп)

Сүтқоректілердің ………. өте жақсы дамыған (иіс сезуі)

Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы ……… бөлінген. (дабыл жарғағымен)

3-тапсырма   Сәйкестендіру

Сүтқоректілердің топтары бойынша

Жер астында тіршілік ететің                                 ондатрлар

Суда тіршілік ететін                                                жарқанат

Ұшатын                                                                       сілеусін        

Құрлықта мекендейтіндер                                       соқыртышқандар

Қазіргі сүтқоректілер                                               қалталы сүтқоректілер

 

III. Ой толғаныс

 

Қорытынды тест. Сұраққа жауап беру

 

1) Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым?  А)Маммалогия  в)орнитология с)гипертология

2) Сүтқоректілердің тері жабыны неше қабаттан тұрады? А)1   в)2   с)3

Жүрегі неше қуысты? А)4   В)5   с)2

3) Түлендер қайда тіршілік ететін сүтқоректілер?

А)жерде    В)суда     с)құрлықта

4) Қазіргі кезде сүтқоректілерді неше класс тармағына жіктейді?

а)  2     В)3       С)5

5) Сүтқоректілердің жер бетінде қанша түрі таралған?

А)5000   В)4500   С)з600

6) Тыныс алу мүшесі? А)бауыр в)бүйрек с)өкпе

7) Сүтқоректілердің дене температурасы

 А)тұрақсыз  В )жоғары  Сұрақты

8) Жұмыртқа салатын сүтқоректі

А)Ілкіаңдар  В)суыр   С)құндыз



Рефлексия

Бағдаршам іліп қою. Оқушылар аттарын жазып түсінгені бойынша әр түске қояды. Жасыл –жақсы түсіндім, сары –орташа, қызыл –мүлдем түсінген жоқпын.

 

 

 

Бағалау парағы

Спикер __________________________

 

 

 

Қорытындылау: Екі жұлдыз, бір тілек. Оқушылардың жетістіктеріне қысқаша шолу, еңбектерін бағалау, үйге берілетін тапсырмамен таныстыру.

-Сыныптың ішінде бір қорап қойылады, сол қорапқа оқушылар өздерінің сұрақтарын тастап кетеді, келесі сабақта сол сұрақ бойынша жауап береді.

 

Бағалау: Оқушылар бағалау парағы арқылы өздері, спикер бағалайды, мұғалім бағалайды

Оқушылардың аты -жөні Кластер қорғау Сенемін

сенбеймін

Биологиялық диктант Тест Қорытынды баға
1
2
3
4
5
6

 

 

Үйге тапсырма.  287-бет.  58 тақырыпты оқып қайталау, а), в), с) деңгейлік тапсырмалар

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *