Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары

Карашинов Батырхан Серикбаевич

Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек.Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет. Оқу мектеп жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс. Оқушының ақыл-ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады.
Оқыту әдістері мектеп педагогикасында талас тудырып жүрген өте күрделі мәселелердің бірі. Көптеген авторлардың пікірінше оқыту әдісі-оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі. Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 негізгі топқа бөлді:

а)оқу-танымдық әрекетті жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері.
ә)оқу-танымдық әрекетте мотивация және реттеу әдістері.
б)оқу-танымдық әрекеттегі бақылау және өзіндік бақылау әдістері.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсендік, яғни оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласы, құштарлығы қалыптасады. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқуы, сарамандық жұмыс жасау сияқты жұмыстар істеу керек. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни,оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Оқыту-мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу-оқушының белсенді әрекеті.

География сабағында оқушылардың танымдық қабілетін дамыту. Бүгінгі таңда XXI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындауда мектептің рөлі зор. «Қазақстан-2030» стратегиясы анықтап берген бағыт-бағдарға сәйкес республиканың білім жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі – Қазақстан Республикасының дамуына, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениеті жастар тәрбиелеу болып табылады. Кез-келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі туындап отыр. Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады.Таным белсенділік-оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде,өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Білім беруде оқушы өзі ізденіп,тақырыпты оқып,түсініп,тақырып аясын кеңітсе, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижелі болғаны. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс. Яғни, мұғалімнің оқытуы, оқушының оқуы тұйық шеңбер түзуі керек.Оқытудың негізгі мотиві-таным мотиві, өйткені таным арқылы оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі. Қазіргі кезде кез-келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады:

-Мұғалім мақсатты құрастырады, бірақ бағалардың өлшеуішін түсіндірмейді.
-Мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі ретінде қарастырады.
-Қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан біз мақсатқа жетудің әдістерінің көп нұсқалығы туралы айтуымызға болады.
-Жаңа тапсырманы меңгеріп қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше мұғалімнің ұсынған тапсырмаларын орындайды.
-Мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап,оқушылардың білім деңгейін тексереді,ары қарай бұл цикл жалғаса береді.
Адамзаттың бүкіл өмір бойы жинаған білімі мен ілімі соншалықты көп терең, сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жеткізу қиын болып бара жатыр, тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше оқушылардың танымдық қасиетін арттырып,олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек. Мұны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селқос тыңдаушы ғана болмай, керісінше, ол өзіне керекті білімді іздеп, қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс.
Академик Ю.Н.Баранский өзінің «оқу-тәрбие процесін оптималдандыру» деген еңбегіде (1982 ж.Просвещение) танымдық әдістерді мынадай 2 топқа жинақтады:
1.Оқушылардың оқу-таным қызметтерін ұйымдастыру әдістері.
2.Оқу-танымдық қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Әр топ бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады.
1.Ауызша баяндау (әңгіме, түсіндіру, лекция)
Ауызша баяндау құр жалаң сөз болмауы керек. Сабақты түсіндіргенде Шаталов әдісімен тірек-сызбаларды сызу. Венн диаграмасы салыстырмалы сипаттама жазу әдістері, тақырыптағы негізгі ойды білдіретін сөздерді тауып, сараптама жасауға дағдыланады.
2.Көрнекілік әдісін (табиғат құбылыстарын тікелей бақылау, көрнекі құралдар және иллюстрациялармен, картамен жұмыс).
Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Көз бен көріп, қолмен ұста дегендей әр сабақта картамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. «Атағаныңды картадан көрсет, көрсеткеніңді ата» деген географиялық ереже бекер айтылмаған. Номинклатура жаттау үшін «Орныңды тап», «Тізбекпен жүр», «Ендік,бойлық» т.б. танымдық ойындар ойнатылады.
Оқушының танымдық қызығушылығын табиғат құбылыстарына тікелей бақылау жасау арқылы арттыру маңызды.
3.Сарамандық жұмыстар әдісі. (Тақырыптық карталарды салыстыру,статистикалық мәліметтерді өңдеу, географиялық әдебиеттермен, хрестоматиялық жұмыс, географиялық дәптермен жұмыс). Оқу материалын оқып-үйрену кезінде оқушылардың таным белсенділігі жоғары болатын сабақ қана білімнің сапалы көрсеткішін береді.Ол үшін осы аталған әдіс-тәсілдердің ішінен таным қабілетін күшейтетін түрі таңдалып алынады. Негізгі көңіл бөлетін жағдайлар: материалдардың мазмұны қолдағы құрал-жабдықтар географиялық білімнің жүйелілігі.
Географиялық білім берудің басты құралы-сабақтың мазмұны ешуақытта төмендемек емес, керісінше,оқушының өздігінен білім алу мүмкіншілігін жүйелі әрі сапалы деңгейге көтерудегі рөлі күннен-күнге жоғарылауда. Қазіргі кездегі сабақтың ең басты көрсеткіші ретінде төмендегі педагогикалық шарттардың орындалуын атауға болады:

-Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың өзара түсінушілікке негізделуі;
-Оқушылардың таным әрекетін өздігінен дамытуға күш салуы;
-Оқушылардың пәнге деген шығармашылық қызығушылығын, ойын элементтерін және т.б. енгізу арқылы арттыру.
Бір сарынды сабақ түрлері, ең алдымен оқушының ынтасы мен сол пәнге деген қызығушылығын төмендетеді. Ойлау белсенділігін,танымын тежейді. Географиядан білім дағдыларын меңгерту, қызықтыру, ойлау, жеткізіп айту, есте сақтау ерекшеліктерін дамыту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер іздестіріледі.

-картаны оқу және беттестіру;
-оқулықпен жұмыс жүргізу;
-кесте,график-диаграмма,тірек-сызба құру;
-диктант;
-тесттік жүйе;
-өмірлік материал;
-баспасөз,ақпарат материалдары;
-реферат, дәріс дайындату;
-халық педагогикасы жолдарын пайдалануға болады.

Оқушыларға ынталандыру, географиялық білімдердің құндылығын түсіндіру,оларды меңгеруі үшін қосымша материалдардың маңызы зор. Оқушылардың ынталарын қалыптастыратын қосымша материалдарға мыналарды жатқызуға болады:

-Географиялық білімнің адам өміріндегі рөлі;
-Табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің адам тіршілігі мен шаруашылығындағы маңызы, табиғатты қорғау және оны ұтымды пайдалану жолдары. Қосымша материалды пайдалану арқылы оқушылар жергілікті жер материалдарын пайдалануды керек етед. Географиялық білімді күнделікті тиімді қолдана білу, өз жеріндегі табиғатты шаруашылық және экологиялық жағдайды бағалауға септігін тигізеді;

-Туған өлкеге дүние жүзінің географиялық бөлігі ретінде қарау. Өз өлкесінің табыстарын мақтаныш ету және оның проблемаларын шешуге өздерінің үлесін қосу;
-Ақпараттың алуан түрлі көздерін картамен, географиялық суреттемелермен, сипаттамалармен баға бере білу іскерлігін шыңдау.
Географиялық білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып, үйрену, георафиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру.

Қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушы білімін күнделікті өмірге, тіршілікке қолдана білуді, географиялық, саяси, экономикалық ақпарат көздерін, карталарды, еңбек пен тұрмысқа қатысты міндеттерді шешу үшін есептеуіш техниканы пайдалана білуді, тұрған жеріндегі табиғи шаруашылық жағдайды бағалай білуді меңгеру. Оқушылардың байқағыштығын, есте сақтау, сөйлеу, қиялдау, азаматтық бейнесін жасау, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шынайы көзбен қарау, өзін және білімін жетілдіріп отыру, қабілеттерін дамыту.
География пәнін оқытуда тақырыптың мазмұнына сәйкес күнделікті ақпарат хабарларды, теледидардан көрсететін жаңалықтарды көруді оқушыларға міндет етіп қою қажет. Баланың танымдық қасиетін, зейінін, зердесін дамытудағы материалдар үлкен көмек береді. Оқушы білімін дамыту үшін география сабағында танымдық әрекетін дамыту атты материалдарды барлық сыныптарда пайдалануға болады.6 сыныпта «Литосфера» тарауын өткен уақытта Венн диаграммасын толтыруға болады.
1)Жанартау деген не? Жанартау мен жер сілкінісінің ұқсастығы мен айырмашылығын оқушылар тақтаға толтырады.Жанартау ортақ белгісі Жер сілкінісі. «Өзендер» тақырыбын өткен кезде оның бөліктерімен таныстыру, өзен ағысының жер бедеріне байланыстылығы, өзен жүйесі, алабы, суайрық және қоректенуі жайлы ақпарат беру. Мұнда гидросфера туралы білімді тереңдетіп, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударған жөн. Сабақта «Су-тіршілік көзі», «Судың да сұрауы бар» нақыл сөздері арқылы суды ретсіз ысыраптамау, оны үнемді, тиімді пайдалану қажеттілігін түсіндіре отырып, оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу жүзеге асырылады. Осы «Өзендер» тақырыбын өткен кезде картаның маңызы ерекше. Өзеннің ағысы мен салаларын картадан қалай анықтаймыз? Мысалы: Миссисипи өзенінің бастауы мен сағасы қандай биіктікте жатыр? Бұл үшін горизонталь бағыттарды білу керек.
Картадан горизонталь айқын байқалады. Ақшыл сары бояу 500 м, ал жасыл бояу 200 м көрсетеді. Географияның екінші тілі «Атағанның бәрін картадан көрсет, көрсеткеннің бәрін ата» деген ережені есте сақтау керек.
8-10 сынып оқушыларына көбінесе танымын тереңдету үшін көп ізденіп ғылыми-еңбектерге сүйеніп отыру шарт. Жоғарғы сынып үшін тірек-сызбаның маңызы зор.Оқушылар әр сынып сайын термин сөздерге дәптер бастап отырады. Бұл оқушыға өткен білімге қайталап соғуына ықпал етеді. Оқушы-таным деңгейін дамытуда деңгейлік тапсырманың маңызы зор.
Сондықтан оқыту жүйесіндегі өзекті мәселе-мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі, бекітуі, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру тәсілдерін ұтымды пайдалануы деп түсінеміз. Олай дейтініміз: оқу үрдісінің негізгі күші ұзтаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекетінің жиынтығы болып табылады.

Ой еңбегінің танымдық белсенділігі мен мәдениетін дамытудың маңызы. Бүгінгі таңда білім беретін мектептердің міндеті өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет.
Танымдық белсенділік мәселелік сұрақ, берілген тапсырманы талдау, салыстыру, жинақтау және ғылыми болжам жасату арқылы туындайды. Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін мұғалім сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, тірек-сызбаларды қолдануы керек.
Егеменді еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда ауыл мектебінің де қала мектебінің қосар үлесі зор. Өркениетті елдер деңгейіндегі білім мен тәрбие беру,ойлау қабілеті, рухани байлығы жоғары мәдениетті, бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мектеп мұғалімінің де басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *