Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Астана — 2026
Мазмұны
Кіріспе
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 26 тамызда өткен республикалық Тамыз конференциясында білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын айқындап, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі мұғалімнің рөліне ерекше мән берді. Осы міндеттерді ескере отырып, 2026–2027 оқу жылында білім беру процесінде мынадай бағыттарға басымдық беріледі:
➢
➢
➢
➢
➢
➢
бағыттағы жұмыс кітап оқу мәдениетін дамыту, ғылымға қызығушылықты арттыру және қоғамдық өмірге жауапкершілікпен қатысу дағдыларын қалыптастырумен ұштастырылады.
Аталған бағыттар оқу-тәрбие процесінде өзара сабақтастықта жүзеге асырылады. Оларды іске асыру білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруға, өз бетінше ойлауына, алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдануына және жауапты шешім қабылдауына бағытталады. Осыған орай, білім беру процесін әрбір білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып ұйымдастыру және оның тұлғалық, зияткерлік әрі әлеуметтік дамуына жағдай жасау маңызды.
Білім беру саласындағы осы міндеттерді іске асырудың құқықтық негізін 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы (бұдан әрі – Конституция) құрайды. Конституцияда бекітілген нормалар мен құндылықтар білім беру мазмұнын жетілдіруде, сондай-ақ оқыту мен тәрбие процесін ұйымдастыруда ескеріледі.
Конституцияның 33-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет азаматтарға мемлекеттік мекемелерде ақысыз және міндетті бастауыш және негізгі орта білім алуға кепілдік береді. Ал осы баптың 4-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС) сәйкес жүзеге асырылады.
Осы жоғары құқықтық нормаларды орындау мақсатында МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі – ҮОЖ) және барлық пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ҮОБ) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Білім беру мазмұнын конституциялық нормалармен сәйкестендірудің негізгі бағыттары жүйеленді (1-кесте).
| Салыстыру параметрі | Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар) | Негізгі орта білім беру (5-9 сыныптар) | Конституциялық негіз |
|---|---|---|---|
| Басты мақсат | Білім алушы тұлғасының қалыптасуына негіз қалау, оқу әрекетінің негізгі дағдыларын дамыту | Білім алушының функционалдық сауаттылығын, дербестігі мен жауапкершілігін дамыту, қабілеті мен қызығушылығына сәйкес кәсіптік бағдарлануына жағдай жасау | 1-бап. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – ең қымбат қазына |
| Негізгі басымдық | Оқу, жазу және математикалық сауаттылықтың базалық дағдыларын қалыптастыру | Функционалдық сауаттылықты дамыту, білім алушының қабілеті мен қызығушылығын айқындау | 33-баптың 1-тармағы. Білім алу құқығы |
| Цифрлық | Ақпараттық және | Жасанды интеллект | Кіріспе. |
| сауаттылық және технологиялық құзыреттілік | цифрлық сауаттылық негіздерін меңгеру, цифрлық гигиена мен қауіпсіздік қағидаларын сақтау | құралдарын саналы және қауіпсіз пайдалану, бағдарламалау негіздерін меңгеру және робототехникалық жүйелермен жұмыс істеу | … Мәдениет пен білім, ғылым мен инновациялар құндылықтары 3-баптың 2-тармағы. Адам капиталын, білім беруді, ғылымды, инновацияларды дамыту |
|---|---|---|---|
| Құндылықтар | Адамгершілік нормаларын, мінез-құлық пен этика ережелерін ұлттық дәстүрлер арқылы түсіну | «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтары және қоғамдық үлес | Кіріспе. Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын басшылыққа ала отырып… бірлік пен ынтымақтастық қағидаттарына сүйене отырып 3-баптың 1-тармағы. Заң мен Тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті нығайту; тарихи-мәдени мұраны сақтау; ұлттық мәдениетті қолдау |
| Тілдік және коммуникативті к құзыреттілік | Күнделікті қарым-қатынас жағдайларында өз ойын түсінікті жеткізу және тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту | Дәлелді сөйлеу, ақпараттың дұрыстығын тексеру және жасанды интеллект арқылы жасалған контентті сыни бағалау дағдыларын дамыту | 9, 22-баптар. Мемлекеттік тіл мәртебесі, тілдерге және мәдени дамуға құрмет көрсету |
| Құқықтық сауаттылық және жауапкершілік | Мектепте және қоғамда белгіленген мінез-құлық ережелерін білу және сақтау, өз құқықтары мен міндеттері туралы бастапқы түсінік қалыптастыру | Құқық негіздерін меңгеру, өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң алдындағы жауапкершілікті түсіну, дербес деректерді қорғау қағидаларын сақтау | 12-баптың 3-тармағы Заңды/құқықтық көмек алу құқығы; 36-баптың 1-тармағы Конституцияны және заңдарды сақтау міндеті 21-баптың 1 және 2-тармақтары Дербес деректерді (соның ішінде цифрлық) қорғау |
| Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаға жауапкершілік | Экологиялық бақылаулар мен үнемшілдік арқылы табиғатқа ұқыпты және | Экологиялық жауапкершілікті түсіну, қазіргі заманғы технологиялардың қоршаған ортаға әсерін | 37-бап. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау міндеті 3-баптың 1-тармағы |
| жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру | талдау | Экологиялық мәдениетті қалыптастыру | |
|---|---|---|---|
| Денсаулық және қауіпсіздік | Қозғалыс белсенділігі, денсаулықты нығайту және жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру | Салауатты өмір салтын ұстану, қауіпсіз мінез-құлық және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, ұлттық спорт түрлерімен айналысу | 32-бап. Денсаулықты сақтау құқығы |
| Кәсіптік бағдар | Еңбекке құрмет пен әртүрлі кәсіптер туралы бастапқы түсінік қалыптастыру | Қабілеті мен қызығушылығына сәйкес білім алу және болашақ кәсіптік бағытын саналы таңдауға даярлау | 27-баптың 1-тармағы еңбек ету бостандығы, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы |
| Бағалаудың объективтілігі мен әділдігі | Білім алушылардың оқу жетістіктерін айқын критерийлер негізінде объективті бағалау | Оқу жетістіктерін объективті бағалау, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, жобалық және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін бағалау | Кіріспе Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған стратегиялық бағдар |
2026–2027 оқу жылында қолданыстағы пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары жетілдіріліп, жаңа пәндер мен курстар енгізіледі (2-кесте).
| № | Пәндер | Сынып | Негіздеме |
|---|---|---|---|
| 1 | Қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасы | 1 сынып | Қазақ тілінде оқытатын, оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін білім алушылардың мектепке бейімделуіне және қазақ тілін меңгеруіне қолайлы жағдай жасау |
| 2 | «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» пәні | 1–4 сыныптар | Цифрлық сауаттылықты, қауіпсіз және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, алгоритмдік ойлауды дамыту және жас ерекшелігіне сәйкес жасанды интеллектіні қолданудың бастапқы дағдыларын меңгерту |
| 3 | «Информатика және жасанды интеллект» пәні | 5–9 сыныптар | Информатика пәнінің мазмұнын жас ерекшелігіне сәйкес жасанды интеллект тақырыптарымен толықтыру, ЖИ құралдарын саналы, қауіпсіз және тиімді пайдалану, деректермен жұмыс істеу және алгоритмдік ойлау дағдыларын дамыту |
| 4 | «Информатика | 10-11 | IT саласындағы тереңдетілген құзыреттерді |
| және жасанды интеллект» пәні | сыныптар | қалыптастыру, жасанды интеллектінің қолданбалы технологияларын, нейрондық желілердің негіздерін және жүйелік талдауды меңгерту, сондай-ақ білім алушыларды жоғары технологиялық салалардағы кәсіби бағдарға даярлау мақсатында | |
|---|---|---|---|
| 5 | «Орыс тілі мен әдебиет» пәні | 5 сынып | Бастауыш мектептен негізгі орта мектепке ауысқан кезде оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету, функционалдық сауаттылықты дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын және көркем мәтіндерді талдауды жетілдіру мақсатында |
| 6 | «Шет тілі» пәні | 5 сынып | Тілдік білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету, пәнаралық-коммуникативтік құзыреттерді дамыту және негізгі орта білім беру деңгейіне өту кезінде сөздік қорды кеңейту мақсатында |
| 7 | «Құқық негіздері» пәні | 9 сынып | Білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін дамыту, өз құқықтары мен міндеттерін, негізгі құқықтық нормаларды және заң алдындағы жауапкершілікті түсінуін қалыптастыру мақсатында |
| 8 | «Құқық негіздері» пәні | 10-11 сыныптар | Мемлекеттік-құқықтық құрылым туралы білімді жүйелеу, құқықтың негізгі салалары бойынша білімді тереңдету, құқықтық сауаттылық пен жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту және құқықтық нормаларды практикалық жағдайларда қолдану мақсатында |
| 9 | «Бастапқы әскери даярлық» пәні | 10-11 сыныптар | Білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік қорғаныс саласындағы базалық білімді қалыптастыру, әскери қызмет, азаматтық қорғаныс негіздерін меңгерту және алғашқы көмек көрсету дағдыларын дамыту мақсатында |
| Міндетті курстар | |||
| 1 | «Конституция негіздері» курсы | 5-7 сынып | Мемлекеттік құрылым, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, конституциялық міндеттері туралы негізгі түсініктерді қалыптастыруға бағытталған |
| 2 | «Заң мен Тәртіп» курсы | 8-9 сыныптар | Құқықтық сауаттылықты, әлеуметтік жауапкершілікті және заң талаптарын сақтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған |
| «Заң мен Тәртіп» курсы | 10-11 сыныптар | Құқықтық құзыреттілігін қалыптастыруға, өз бетінше құқыққа сай әрекет етуге және қоғамдық өмірге жауапкершілікпен қатысуға даярлауға бағытталған. Бұл ретте әлеуметтік жобалау, құқықтық жағдаяттарды зерттеу және мектептегі құқықтық бастамаларға қатысу көзделеді. | |
| 3 | «Жеке қауіпсіздік» курсы | 5-9, 10-11 сыныптар | Қоғамдық және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, қауіпті және қиын жағдайларды анықтауға және қажетті жағдайда көмекке жүгінуге үйретуге бағытталған |
«Конституция негіздері» және «Заң мен Тәртіп» курстарын тарих және құқық негіздері мұғалімдері, ал «Жеке қауіпсіздік» курсын педагог-психолог бейнематериалдарды пайдалана отырып, тренинг форматында жүргізеді.
Ескерту: Барлық оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының 1-тарауына жасанды интеллект, халықтық Конституцияның қағидаттары, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының және «Заң мен Тәртіп» қағидатының құндылықтары кіріктірілді.
2026–2027 оқу жылында аталған пәндер мен курстар бойынша жаңа және жетілдірілген үлгілік оқу бағдарламалары қолданылады.
Педагогтерге:
— күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда;
— қысқамерзімді сабақты жоспарлауда;
— оқу тапсырмалары мен бағалау материалдарын әзірлеуде үлгілік оқу бағдарламаларының оқу мақсаттары мен мазмұнын басшылыққа алу ұсынылады.
2026 жыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды
Қазіргі білім беру жүйесін дамытудың маңызды шарттарының бірі – сапалы, сенімді және қолжетімді цифрлық деректердің болуы. Бүгінгі таңда білім беру саласындағы деректердің едәуір бөлігі цифрлық форматқа көшірілді, дегенмен олардың толықтығына, өзектілігіне және келісілдігіне байланысты жекелеген мәселелер сақталып отыр.
Сапалы деректер білім беру процестерін талдау және негізделген басқарушылық әрі педагогтік шешімдер қабылдау үшін маңызды. Үлгерім, сабаққа қатысу және оқу нәтижелері туралы өзекті мәліметтер білім алушылардың қиындықтары мен қажеттіліктерін уақтылы анықтап, тиісті педагогтік қолдауды жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондықтан цифрлық деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге мән беріледі.
Нәтижелерді тіркеу
Тапсырмаларды талдау
Қиындықтарды анықтау
Ақпаратты жаңарту
Нақты
Толық
Өзекті
Сенімді
Нәтижелер динамикасы
Білім беру тапшылықтары
Жеке қажеттіліктер
Деректерді талдау. Заңдылықтарды анықтау
Оқытуды даралау
Педагогтің шешімдерін қолдау
1. КIРIСПЕ ЖӘНЕ НОРМАТИВТIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА
1.1 Нормативтік құқықтық актілер
2026-2027 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру білім беру сапасына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, жүйелі түрде құрылады және келесі нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі – НҚА) негізінде іске асырылады (3-кесте).
| 1. | «Қазақстан Республикасының Конституциясы» Конституция 2026 жылы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданды | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2600000000 |
|---|---|---|
| 2. | «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_ |
| 3. | «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ. | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000230 |
| 4. | «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ. | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293 |
| 5. | Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 мамырдағы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы | https://surl.li/wzhifu |
| 6. | ««Келешек мектептері» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2200000963 |
| 7. | «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000249 |
| 8. | «2026 – 2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 56 қаулысы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2600000056 |
| 9. | «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысы. | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000748 |
| 10. | «Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1143 қаулысы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2400001143 |
| 11. | «Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 576 қаулысы. | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000576 |
| 12. | Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_ |
| 13. | «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200030721 |
|---|---|---|
| 14. | «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жоба туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 159-НҚ бұйрығы | https://adilet.zan.kz/rus/docs/G26HP000159 |
| 15. | «Орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 29 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G26HP000213 |
| 16. | «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031 |
| 17. | «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 Бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008170 |
| 18. | «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029767 |
| 19. | «Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 24 ақпандағы № 47-НҚ бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G26HP000047 |
| 20. | «Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 143-НҚ бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2600038855 |
| 21. | «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005191_ |
| 22. | «Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы»» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 123 бұйрығы | https://uba.edu.kz/qaz/nauka/9 |
| 23. | «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029187 |
| 24. | «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010348 |
| нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы |
| 25. | «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020486 |
|---|---|---|
| 26. | «Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020708 |
| 27. | «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029329 |
| 28. | «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700016138 |
| 29. | «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272 |
| 30. | «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013317 |
| 31. | «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025128 |
| 32. | «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900 |
| 33. | «Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317 |
| 34. | «Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033682 |
| 35. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 125 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен). | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020292 |
|---|---|---|
| 36. | «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023890 |
| 37. | «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020567 |
| 38. | «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V15H0010279 |
| 39. | «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013420 |
| 40. | «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013085 |
| 41. | «Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017553 |
| 42. | «Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013067 |
| 43. | «Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 333 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028915 |
| 44. | «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007355 |
| 45. | «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200031053 |
| 46. | «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027414 |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығы | ||
| 47. | «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын және бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026618 |
| 48. | «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036047 |
| 49. | «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200031505 |
| 50. | «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033166 |
| 51. | «Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020449 |
| 52. | «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022857 |
| 53. | «Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 45 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013088 |
| 54. | «Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020622 |
| 55. | «Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 253 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033285 |
| 56. | «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығы | https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026752 |
Қолданыстағы НҚА енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар https://adilet.zan.kzақпараттық жүйесінде жарияланады.
Педагогтер кәсіби қызметінде МЖМБС, ҮОЖ және ҮОБ электрондық нұсқаларын пайдалана алады.
1.2 Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы
Баланың мектепке дайындығы оның физиологиялық, зияткерлік және психологиялық дамуына, оқу қызметінің алғышарттарын, дербестікті, коммуникативтік дағдыларды және оқуға деген оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталуға тиіс. Мектепалды даярлық міндетті болып табылады және балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда және мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады (4-кесте).
| Физиологиялық дайындық | Интеллектуалдық дайындық | Психологиялық дайындық |
|---|---|---|
| — ірі және ұсақ моториканың, қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің дамуы; — салауатты өмір салты мен жеке гигиена дағдыларының қалыптасуы; — қауіпсіз және денсаулық сақтаушы білім беру ортасында әрекет ету дағдыларының қалыптасуы. | — зейіннің, есте сақтаудың, ойлаудың, қабылдаудың, қиял мен сөйлеудің жеткілікті деңгейде дамуы; — бақылау, салыстыру, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және қарапайым қорытынды жасау қабілеті; — өз ойын анық жеткізу, толық сөйлемдермен жауап беру, әңгіме құрастыру, мәтінді мазмұндау және әңгімелесуге қатысу дағдылары; — ойын әрекеті арқылы қалыптасқан бастапқы математикалық түсініктер мен жазу дағдылары; — практикалық әрекеттерде көрнекі және дидактикалық материалдарды пайдалана білу. | — эмоциялық-еріктік саланың дамуы және оқу мотивациясының қалыптасуы; — дербестіктің, қарым-қатынас дағдыларының және өз мінез-құлқын реттеу қабілетінің қалыптасуы; — нұсқауларды түсіну және орындау қабілеті; — үлгі бойынша жұмыс істеу және бастаған ісін аяғына дейін жеткізу білігі. |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес, тәрбиелеу-білім беру процесі іске асырылады:
– 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін – мектепке дейінгі ұйымдар үшін оқу жылы (Бағдарламаны меңгеру кезеңі);
– 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін – мектептердің (лицей, гимназия) мектепалды сыныптары үшін оқу жылы (Бағдарламаны меңгеру кезеңі), оқу жылы ішінде мектептердің (лицейлер мен гимназиялардың) ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес демалыс уақыты белгіленеді.
Жалпы білім беретін мектептердің (лицейлер мен гимназиялардың) мектепалды сыныптарында тәрбиелеу — білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар https://irrd.kz/old/sites/irrd.kz/uploads/docs/2025/11/1714k.pdf
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгіұйымның орта білім беру ұйымымен өзара іс-қимылы бойынша ұсынымдар» басшылыққа алу қажет https://irrd.kz/old/sites/irrd.kz/uploads/docs/2025/04/d-k1410.pdf
«Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық бағдарламасы сілтеме арқылы қолжетімді https://irrd.kz/old/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/dr13.pdf
Бейімдеу бағдарламасын іске асыру
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 24 ақпандағы № 47-НҚ бұйрығымен бекітілген «Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасы» (бұдан әрі — Бейімдеу бағдарлама) қазақ тілінде оқытатын мектепте іске асырылады. Оны енгізу тәртібі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 143-НҚ бұйрығымен белгіленеді. Бейімдеу бағдарламасы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, МЖМБС және ҮОБ-на сәйкес әзірленген. Бейімдеу бағдарламасының мақсаты – білім алушылардың қазақ тілінде базалық коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру және олардың оқу бағдарламаларын меңгеруге және білім беру ортасында өзара әрекеттесуге дайындығын қамтамасыз ету.
Бейімдеу бағдарламасы оқу жылы ішінде аптасына кемінде екі академиялық сағат көлемінде іске асырылады. Сабақтардың формалары, мазмұны мен кестесін білім беру ұйымы білім алушылардың тілдік қажеттіліктерін, олардың оқу жүктемесін және педагогтердің мүмкіндіктерін ескере отырып айқындайды.
Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды: − оқу сабақтары – қазақ тіліндегі ауызша және жазбаша сөйлеудің базалық дағдыларын дамыту;
− сынып сағаттары – әлеуметтік-эмоционалдық бейімдеу, коммуникативтік дағдыларды дамыту және мектептегі мінез-құлық ережелерін игеру;
− сыныптан тыс қызмет – сөздік қорды кеңейтуге және қазақ тілін практикалық қолдануға бағытталған танымдық, шығармашылық, спорттық және әлеуметтік бағдарланған іс-шаралар.
Ескерту: Бағдарламаға оқу жоспарынан жеке сағат бөлінбейді және ол сабақ кестесіне жеке пән ретінде енгізілмейді. Бағдарлама аптасына кемінде 2 академиялық сағат көлемінде, пәндер бойынша белгіленген апталық бөлу кестесіне сәйкес әртүрлі оқу пәндерінің сабақтарында арнайы тапсырмалар мен жұмыс түрлері арқылы іске асырылады. Бағдарлама мазмұны сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар барысында да жүзеге асырылады.
Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын бекіту туралы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G26HP000047
1.3 «Келешек мектептері» Ұлттық жобасын жүзеге асыру
2026-2027 оқу жылында «Келешек мектептері» желісінің қызметі білім беру сапасын арттыруға, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және заманауи білім беру тәсілдерін енгізуге бағытталады. «Келешек мектептері» қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен басқарушылық шешімдерді апробациялау және енгізу бойынша ұлттық алаңдар ретінде қарастырылады. Мұндағы жинақталған озық тәжірибелер кейіннен Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне кеңінен таратылып, кезең-кезеңімен енгізілмек.
Мектептің даму бағдарламасында мектептің мүмкіндіктері мен білім алушылардың білім беру сұраныстарын ескере, 7-сыныптан бастап негізгі бағыттар бойынша бейіналды даярлықты кезең-кезеңімен енгізу ұсынылады. Бастауыш мектепте базалық құзыреттерді, оқу дағдыларын және логикалық ойлауды қалыптастыруға басымдық беріледі. Ал негізгі және жалпы орта білім беру деңгейінде практикалық тапсырмаларды орындауға және жасанды интеллект негіздері бойынша базалық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Кәсіптік бағдар беру жұмысы өңірлік колледждермен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүргізіледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруға және оларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға ерекше назар аудару ұсынылады.
Практикалық даярлықты ұйымдастыру кезінде физика, химия, биология, STEM және робототехника кабинеттерінің материалдық-техникалық әлеуетін барынша тиімді пайдалану ұсынылады. Білім беру процесі 5-11-сынып білім алушыларының зертханалық, практикалық жұмыстардың орындалуын, сондай-ақ зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға және пәндік білімді практикалық-бағдарланған міндеттерді шешуде қолдануға бағытталған жобалық қызметті қамтиды.
Оқытуды дербестендіру және білім беру процесін цифрлық трансформациялау мектептің LMS платформасын кезең-кезеңімен енгізу арқылы жүзеге асырылады. Педагогтерге көрнекі оқу материалдарын, дидактикалық карточкаларды және бағалау тапсырмаларын әзірлеу барысында қолжетімді жасанды интеллект құралдарын пайдалану ұсынылады. Бұл оқу-әдістемелік материалдарды дайындауға жұмсалатын уақытты оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім беру процесіне қатысты барлық қорытынды педагогикалық шешімдер мен бағалау нәтижелері педагогтің кәсіби құзыретінде қалады.
Білім беру практикасында тәжірибелік және шығармашылық жұмыстарды, кейс-тапсырмаларды, сондай-ақ жеке және топтық жобаларды қорғауды пайдалану ұсынылады. Тапсырмаларды пәнаралық негізде әзірлеп, оларды практикалық міндеттерді шешумен байланыстыру ұсынылады. Бағалау жүргізуде қолданыстағы критериалды бағалау жүйесі шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау нысандарының бірі ретінде практикалық-бағдарланған тапсырмалар мен жобаларды пайдалану ұсынылады.
Сабақтан тыс қызмет пен дарынды балаларды қолдау мектеп жанындағы үйірмелер мен секциялар арқылы ұйымдастырылады. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жетілдіру шеңберінде пилоттық режимде «Тоғызқұмалақ», «Шахмат», «Оқы. Сахнала», «Домбыра», «Workout», «Қоғамға қызмет ету» және «Тәлімгерлік» жобалық бағыттарын іске асыру көзделеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 576 Қаулысын іске асыру шеңберінде бастауыш сыныптарда «Шахмат негіздері» курсын кезең-кезеңімен енгізу ұсынылады.
Білім алушыларды олимпиадаларға және зияткерлік жарыстарға даярлау 6-сыныптан бастап қолжетімді онлайн-платформаларды пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Олимпиадалық қозғалыс пен жобалық қызмет аясында дарынды білім алушыларды анықтаудың, сүйемелдеудің және дамытудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету ұсынылады. Өңірлік жоғары оқу орындарымен, ғылыми және өзге де бейінді ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде «мектеп – жоғары оқу орны – ғылым – индустрия» моделі бойынша серіктестікті дамытуға ерекше назар аудару қажет. Жыл сайын «Келешек мектептері» жобасына қатысушы мектептердің педагогтері мен білім алушылары арасында пәндік олимпиадалар, зияткерлік және шығармашылық конкурстар, сондай-ақ бірлескен білім беру жобаларын іске асыру көзделеді.
Педагогтердің кәсіби қоғамдастығын қалыптастыру мақсатында заманауи педагогикалық тәсілдерді интеграциялауға, цифрлық құзыреттерді дамытуға, дәлелді педагогика қағидаттарын, креативті оқыту тәсілдерін және педагогикалық рефлексияны енгізуге жағдай жасау ұсынылады. «Келешек мектептері» жобасы мектептері арасында тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибелер, әдістемелік әзірлемелер және табысты білім беру шешімдерімен алмасуға бағытталған желілік ынтымақтастықты дамыту ұсынылады. Әрбір мектепте тиімді педагогикалық тәжірибелерді анықтау, қолдау және тарату, сондай-ақ кәсіби тәлімгерлікті дамыту мақсатында «Педагог-лидерлер» тізімін қалыптастыру қажет. Педагогтердің кәсіби даму қажеттіліктерін диагностикалау нәтижелерін ескере, біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.
Білім сапасын басқару білім алушылардың оқу жетістіктеріне тұрақты мониторинг жүргізу, сабақтардың сапасын талдау және мектептің өзін-өзі бағалау рәсімдері арқылы жүзеге асырылады. Педагогтер, білім алушылар және ата-аналармен жедел кері байланысты қамтамасыз ету, басқарушылық шешімдердің орындалуын бақылау және туындайтын мәселелерді уақтылы анықтау мақсатында Daily Management қағидаттарына негізделген Telegram-бот арқылы цифрлық құралдарды енгізу көзделеді.
Тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде ұйымдастырылып, «Заң мен Тәртіп», «Еңбек адамы» және «Таза Қазақстан» негізгі қағидаттары оқу процесіне кіріктіріледі. Бұл ретте еңбекке баулу, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, цифрлық этиканы дамыту және мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады.
1.4 Оқу мәдениеті және «Зерделі ұлт» жалпыұлттық бастамасын іске асыру
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес оқу мәдениеті білім, тәрбие және ағарту ісінің негізгі элементі ретінде қарастырылады.
— мотивациялық – оқуға қызығушылықты қалыптастыру және қолайлы оқырмандық орта құру;
— когнитивтік – классикалық және заманауи әдебиет туындыларымен, мультимодальды мәтіндермен, инфографикамен және бейнематериалдармен жұмыс істеу арқылы білім мен оқырмандық ой-өрісті кеңейту;
— сыни-талдамалық – мәтінді талдау, фактілер мен пікірлерді ажырату, ашық және астарлы мағыналарды түсіну, қорытынды жасау және өз ұстанымын дәлелдеу білігін дамыту;
— рефлексиялық – оқығанын пайымдау, өз пайымдарын бағалау және жасалған қорытындыларды жеке тәжірибеде қолдану.
Оқу мәдениетін қалыптастыру барлық пәндік салаларда жүзеге асырылуы тиіс. Осыған байланысты кітап оқу мәдениетін және жаңа білім алуға деген тұрақты ынтаны дамытуға бағытталған «12 ай – 12 кітап» жобасы ұсынылады. Жоба мағыналық оқудан өнімді оқырмандық әрекетке біртіндеп көшу қағидатына негізделеді. Осыған сәйкес білім алушылардың оқу және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін кезеңдерге бөліп, оқырмандық жұмысты жүйелі ұйымдастырған жөн. Осылайша оқу процесі мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:
-шығармамен танысу, оның мазмұнын болжау және кітап оқуға қызығушылық тудыратын стратегияларды қолдану (мотивациялық кезең);
-мәтінді саналы оқу, мазмұнын түсіну, интерпретациялау және талдау (оқырмандық сауаттылықты дамыту кезеңі);
-авторлық ұстанымды анықтау, өз пікірін білдіру, шығарманы жеке тәжірибесімен салыстыру және ондағы құндылықтар жүйесін айқындау (құндылыққа бағдарланған кезең);
-дербес оқырмандық өнім әзірлеу, оның жоспары мен жобасын талқылау (шығармашылық-өнімді кезең).
Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың тапсырмаларды өздігінен орындауын мынадай кезеңдер бойынша ұйымдастыру ұсынылады:
-кітапты таңдау және өз таңдауын негіздеу (мотивациялық кезең); -кітаптың мазмұнын түсінуге, интерпретациялауға және талдауға арналған тапсырмаларды орындау (оқырмандық сауаттылықты дамыту кезеңі);
-оқылған шығарма туралы пікір дайындау және кітапты құрдастарына ұсыну (құндылыққа бағдарланған кезең);
-шығарма, эссе, презентация, инфографика, подкаст, цифрлық материал және т.б. форматта оқырмандық өнім әзірлеу (шығармашылық-өнімді кезең).
Оқуға арналған шығармалар осы сілтеме бойынша ұсынылған https://edu.bookfund.gov.kz/
2. ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Үлгілік оқу жоспарларын жетілдіру
Қазақстан Республикасының жаңа халықтық Конституциясын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 мамырдағы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру, сондай-ақ білім алушылардың сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасау мақсатында үлгілік оқу жоспарлары жетілдірілді.
Мемлекет басшысы республикалық Тамыз кеңесінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударып, мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту, сондай-ақ білім беру мазмұнына «Конституция негіздері» және «Заң мен Тәртіп» курстарын енгізу қажеттігін атап өтті.
Үлгілік оқу жоспарларын жетілдіру алдында төмендетілген оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын іске асыру тәжірибесіне зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында оқу пәндерін толық көлемде меңгеру, күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу, білім сапасы және білім алушылардың пәндерді таңдау мүмкіндіктері зерделенді.
10- сыныптарда:
Құқық негіздері – 1 372 сыныпта, 27 440 білім алушыға (31,9%); Химия – 1 130 сыныпта, 22 600 білім алушыға (26%); География – 965 сыныпта, 19 300 білім алушыға (22,4%); Физика – 949 сыныпта, 18 980 білім алушыға (22%); Биология – 755 сыныпта, 15 100 білім алушыға (17,6%); Дүниежүзі тарихы – 584 сыныпта, 11 680 білім алушыға (13,6%) оқытылмаған. Әрбір үшінші 10-сыныпта «Құқық негіздері» пәні оқытылмаған.
11- сыныптарда:
Химия – 638 сыныпта (25,2%); География – 549 сыныпта (21,7%); Биология – 498 сыныпта (19,7%); Физика – 484 сыныпта (19,1%) оқытылмаған.
Вариативтік компонент есебінен ғана ұсынылған пәндер:
Екінші шет тілі – 741 сыныпта (53,3%); Құқық негіздері – 426 сыныпта (30,7%); География – 258 сыныпта (18,6%); Дүниежүзі тарихы – 142 сыныпта (10,2%).
Таңдау пәні ретінде ғана ұсынылған пәндер:
Графика және жобалау – 1 457 сыныпта (57,6%); Кәсіпкерлік және бизнес негіздері – 1 132 сыныпта (44,7%); Құқық негіздері – 715 сыныпта (28,3%); Дүниежүзі тарихы – 389 сыныпта (15,4%).
Зерттеу нәтижелері төмендетілген оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын қолдану білім алушылардың негізгі оқу пәндерін толық меңгеруіне және барлығы үшін белгіленген күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуіне бірдей мүмкіндік бермегенін көрсетті.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығынан төмендетілген оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарлары алып тасталады:
— бастауыш білім беруге арналған 11, 12, 13-қосымшалар; — негізгі орта білім беруге арналған 16, 17, 18-қосымшалар; — жалпы орта білім берудің 10-сыныптарына арналған 21, 22, 23, 24, 25,
26-қосымшалар. Сонымен қатар білім беру мазмұнындағы өзгерістерге сәйкес 2026–2027 оқу жылынан бастап 1–11-сыныптарға арналған жетілдірілген үлгілік оқу жоспарлары енгізіледі.
Жетілдірілген үлгілік оқу жоспарлары:
— білім беру бағдарламаларының шамадан тыс саралануын болдырмауға;
— негізгі оқу пәндерінің толық көлемде оқытылуын қамтамасыз етуге;
— барлық білім алушы үшін сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасауға;
— күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуге;
— білім алушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауына;
— жеке білім беру траекториясын икемді қалыптастыруына мүмкіндік беруге бағытталған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
10–11-сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар сақталады.
2026–2027 оқу жылында 11-сынып білім алушылары 10-сыныпта таңдаған оқу пәндері бойынша оқуын жалғастырады. Сонымен қатар оқу жоспарына жаңадан енгізілген курстарды оқиды.
Білім беру ұйымдары оқу процесін ұйымдастыру кезінде тиісті сыныпқа, оқыту тіліне және білім беру бағытына сәйкес үлгілік оқу жоспарын басшылыққа алады.
3. ОҚУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Бастауыш білім беру
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ
1–4-сыныптарда тілдік пәндерді оқыту: − әріптерді, сөздерді және ережелерді меңгеруден логикалық, сыни және шығармашылық ойлауды дамытуға дәйекті түрде көшуді;
− тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымды интеграциялауды; − жүйелі-іс-әрекеттік тәсілді, ойын әдістерін, цифрлық технологияларды және ЖИ элементтерін қолдануды қарастырады (5-кесте).
| Оқу пәні | Қызмет бағыты | Практикалық тәсіл |
|---|---|---|
| Қазақстан Республикасы Конституциясының 3, 33-баптары | ||
| «Ана тілі» | Ақпаратты түсіну, талдау және сыни бағалау дағдыларын дамыту | «Цифрлық болжау» тәсілі. Мәтінді оқымас бұрын педагог ЖИ көмегімен жасалған екі түрлі бейнені ұсынады. Білім алушылар суреттерді салыстырып, олардың мазмұны бойынша болжам жасайды және өз пікірін негіздейді. |
| Тілдер | Ақпараттық сауаттылықты, сыни ойлауды және ақпараттың шынайылығын тексерудің бастапқы дағдыларын қалыптастыру | «Ақпаратты тексеру» тәсілі. Педагог тақырып бойынша ЖИ көмегімен жасалған мәтін немесе тұжырымдар ұсынады. Білім алушылар ондағы ақпаратты талдап, дұрыс және күмәнді мәліметтерді ажыратады, оларды тексеру жолдарын анықтайды. |
| «Әдебиеттік оқу» | Цифрлық құралдарды пайдалану арқылы шығармашылық және жобалық дағдыларды дамыту | «Цифрлық постер» жобасы. Білім алушылар оқыған шығармасының мазмұны, кейіпкерлері және негізгі идеясы туралы пікірін электрондық постер түрінде ұсынады. |
Мәтінге бағдарланған оқыту қағидаты мәтінді тіл мен әдебиетті меңгертудің негізгі бірлігі ретінде қарастырады. Мәтіндер білім алушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарына сәйкес іріктелуі тиіс.
Абай Құнанбайұлы мен А.С. Пушкиннің өлеңдері негізінде 1-4 сынып білім алушыларының оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жұмысты сыныптар бойынша ұйымдастыру үлгісі ұсынылған (6-кесте).
| Мотивациялы қ | «Жыл мезгілдері» туралы түсінікті білім алушының жеке әсерімен және бейнелі қабылдауымен байланыстыру | Ассоциация әдісі: туған өлкенің табиғатын әртүрлі жыл мезгілдерінде елестету |
|---|---|---|
| Когнитивтік | Абай Құнанбайұлы мен Александр Пушкин шығармаларындағы жыл мезгілдерінің бейнелену ерекшеліктері мен өзара байланысын анықтау | Шығармалардың мазмұны бойынша «Жыл мезгілдері» картасын құрастыру |
| Сыни-талдамалық | Авторлардың оқырманға әсер ету үшін қолданған көркемдік құралдарын анықтау және салыстыру | Герменевтикалық талдау |
| Рефлексиялық | Табиғатты аялау құндылығын білім алушының күнделікті мінез-құлқы мен іс-әрекетімен байланыстыру | «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі: 1. Табиғатты сипаттауда авторлар ұлттық дүниетанымды танытатын қандай сөздер мен көркемдік құралдарды қолданған? 2. Әр жыл мезгілінің суреттелуі сізде қандай сезім тудырады? 3. Шығармаларда сол кезеңдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі қалай бейнеленген? 4. Өлеңдердің көркемдік және тәрбиелік құндылығы неде? 5. Егер екі ақын жыл мезгілдері туралы бірлесіп өлең жазса, оның мазмұны қандай болар еді? 6. Осы өлеңдерді оқығаннан кейін жыл мезгілдерінің ауысуына және табиғатқа деген көзқарасыңыз қалай өзгерді? |
Саналы, дұрыс, шапшаң және мәнерлеп оқу дағдыларын, сондай-ақ таныса оқу, зерделей оқу және ізденіп оқу түрлерін қалыптастыру оқу сауаттылығының негізі болып табылады.
Методические рекомендации по применению искусственного интеллекта в обучении и преподавании учебных предметов «Русский язык» (во 2-4 классах), «Русский язык и литература» (в 5-11 классах) https://surl.li/igwgdb
3-11-сыныптарда «Шетел тілі» оқу пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/donyjj
Ана тілін, екінші тілді және шетел тілін кезең-кезеңімен оқыту коммуникативтік құзыреттілікті дамытуға, сөздік қорды молайтуға, сөйлеу әрекетінің түрлерін өзара кіріктіруге, тілдік кедергіні азайтуға және CEFR дескрипторларын ескере отырып, оқыту сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Шетел тілі сабақтарында құндылық бағдарларын ойын, коммуникативтік және проблемалық тапсырмалар, диалог пен рефлексия, балаларға арналған мәтіндер мен ертегілерді, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдау, сондай-ақ оқу
материалын білім алушылардың өмірлік тәжірибесімен байланыстыру арқылы қалыптастыру ұсынылады.
ББЖМ нәтижелері негізінде оқу сауаттылығын дамыту бойынша
әдістемелік ұсынымдар
2026 жылғы білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) нәтижелері бойынша 4-сынып білім алушыларында көркем және көркем емес мәтіндерді ажырату, кейіпкерлердің мінезін талдау және іс-әрекетін бағалау, көркемдегіш құралдарды анықтау, мәтіннің негізгі ойын тұжырымдау және қорытынды жасау дағдылары бойынша қиындықтар анықталған.
ББЖМ нәтижелерін ескере отырып, мынадай жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру ұсынылады:
-көркем және көркем емес мәтіндерді мақсаты, мазмұны мен тілдік ерекшеліктері бойынша салыстыру;
-мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын ажырату, қорытындыны мәтіндегі деректермен негіздеу;
-кейіпкердің мінезін сөзі мен іс-әрекеті арқылы сипаттау, әрекетінің себебін түсіндіру және бағалау;
-эпитет пен теңеуді анықтау, олардың көркем бейнені ашудағы қызметін түсіндіру.
Тапсырмаларды орындауда білім алушылардың жауаптарын мәтінге сүйеніп дәлелдеуіне мән беріледі. Анықталған қателер бойынша жеке және шағын топтық жұмыстар жүргізіледі.
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА
«Математика және информатика» білім беру саласын оқытуда математикалық, цифрлық және ақпараттық сауаттылықты, логикалық және алгоритмдік ойлауды, практикалық есептерді шығару дағдыларын дамытуға, сондай-ақ ЖИ туралы бастапқы түсінік қалыптастыруға бағытталған пәнаралық кіріктіруді қамтамасыз ету ұсынылады.
Математика пәнінің оқу мақсаттары өмірлік жағдаяттарға негізделген есептерді шығаруды, сандармен, шамалармен, кестелермен және диаграммалармен жұмыс істеуді, заңдылықтарды анықтауды және математикалық модельдер құруды көздейді.
«Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» пәнінде бұл дағдылар алгоритмдер құрастыру, ақпаратты цифрлық нысанда ұсыну және цифрлық ортада жауапты мінез-құлықты қалыптастыру арқылы дамытылады.
Бұл ретте аталған дағдыларды қалыптастыруды математикалық мазмұнды шынайы өмірлік жағдайлармен интеграциялайтын практикалық тапсырмалар арқылы қамтамасыз ету мақсатқа сай келеді. Мысалы, білім алушыларға су мен электр энергиясын тұтынуды, жиналған макулатура мен пластик көлемін, жасыл желектердің ауданын есептеуге, Қазақстан қалалары арасындағы қашықтықты анықтауға және алынған нәтижелерді кестелер, схемалар немесе диаграммалар түрінде ұсынуға арналған тапсырмалар ұсынылуы мүмкін. Ұлттық мәнмәтінмен
мазмұндық байланысты күшейту үшін геометриялық материалды Қазақстанның мәдени және тарихи мұра объектілерімен, мемлекеттік нышандарымен, ұлттық сәулет өнерімен және қазақтың орнамент өнерімен байланыстыру ұсынылады. Мұндай тапсырмалар пәндік білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырып қана қоймай, логикалық ойлауды, коммуникацияны, ынтымақтастықты, графикалық ақпаратпен жұмыс істеу және STEM-модельдеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Төменде сыныптар бойынша осындай қызметті ұйымдастырудың нақты мысалдары, соның ішінде тиісті оқу мақсаттары, даму бағыттары және практикалық тәсілдер берілген (7-кесте).
| Сынып | Кіріктіру бағыты | Практикалық тәсіл |
|---|---|---|
| 1-сынып (ОМ 1.1.2.1) | Логикалық ойлау, коммуникация | Геометриялық фигуралар топтарын біріктіру және олардың белгілі бір бөлігін алып тастау арқылы қосу мен азайтуды заттық модельдеу |
| 2-сынып (ОМ 2.1.2.1) | Ынтымақтастық, практикалық есептерді шығару | «Математикалық құрастырғыш» тәсілі: білім алушылар заттарды пайдалану арқылы көбейту мен бөлу амалдарының мәнін анықтап, қорытынды жасайды |
| 3-сынып (ОМ 3.1.1.6) | Графикалық ақпаратты оқу | «Үлестер мен бөліктер» тәсілі: дөңгелек модельдерін пайдалану арқылы бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстыру |
| 4-сынып (ОМ 4.2.1.8) | STEM-модельдеу | Қозғалыс сызбаларын құру, жақындау және алыстау жылдамдықтарын анықтау, нәтижелерді кесте түрінде ұсыну |
Оқу бағдарламасының негізгі өзгерістері:
— Жасанды интеллект компонентін күшейту. Жасанды интеллект технологияларын зерделеу мазмұнды біртіндеп күрделендіру қағидаты бойынша ұйымдастырылған: 1-сыныпта ЖИ мүмкіндіктерімен танысудан бастап, 4-сыныпта генеративті модельдерді қауіпсіз әрі жауапты пайдалану дағдыларын қалыптастыруға, жасанды интеллект жауаптарының дұрыстығын тексеруге, тиімді сұраныстар (промпттар) құрастыруға және ЖИ-дің адамның кәсіби қызметіне әсерін түсінуге дейін;
— Жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Бағдарлама мазмұнына дербес деректерді қорғау, ақпараттың дұрыстығын тексеру, ЖИ-ді пайдалану кезіндегі академиялық адалдық, жасанды интеллектіні қолдану
орынды болатын жағдайларды анықтау, сондай-ақ оның жұмыс нәтижелеріне сыни көзқарас қалыптастыру мәселелері енгізілген;
— Заманауи ЖИ құралдарымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын енгізу. Білім алушылар нысандарды тану, кескіндер мен мәтіндерді генерациялау құралдарымен танысады, қауіпсіздік және академиялық адалдық нормаларын сақтай отырып, оқу міндеттерін шешу үшін дайын жасанды интеллект сервистерін пайдалануды үйренеді;
— Цифрлық қауіпсіздік бойынша мазмұнды жаңарту. Интернет желісінде қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, дербес деректерді қорғауға, сенімді құпиясөздер жасауға, интернет-алаяқтық белгілерін тануға және цифрлық сервистермен қауіпсіз өзара әрекеттесуге ерекше назар аударылған;
— Оқытудың практикалық-бағдарланған бағытын күшейту. Тақырыптардың басым бөлігі шағын жобаларды орындау, цифрлық өнімдер жасау, Scratch ортасында бағдарламалар әзірлеу, мультимедиа, робототехникалық құрылғылар және заманауи цифрлық сервистерді пайдалана отырып практикалық тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асырылады;
— Алгоритмдеу және бағдарламалау бөлімдерінің мазмұнын өзектендіру. Алгоритмдік құрылымдарды (сызықтық алгоритмдер, тармақталу, циклдер, кірістірілген циклдер, айнымалылар және логикалық операторлар) зерделеу реттілігі сақталған, бұл білім алушылардың есептеу ойлауын кезең-кезеңімен дамытуға мүмкіндік береді;
— Робототехника бойынша мазмұнды кеңейту. Бағдарлама білім беру роботтарын бағдарламалау қағидаттарын кезең-кезеңімен меңгеруді, датчиктер мен қозғалтқыштарды пайдалануды және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған практикалық жобаларды әзірлеуді көздейді;
Жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру білім алушыларда базалық цифрлық құзыреттерді ғана емес, сонымен қатар оқуға, күнделікті өмірге және негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде «Информатика және жасанды интеллект» пәнін одан әрі меңгеруге қажетті жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз, жауапты және тиімді пайдаланудың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
| Сынып | Тақырыптар | Оқу мақсаттары |
|---|---|---|
| 1-сынып | Жасанды интеллект не істей алады? | 1.3.3.1 қоршаған ортада ЖИ қолданылуына мысалдар келтіру (телефонда, автокөлікте, «ақылды колонка» және т.б.) |
| Роботтар мен ақылды программалар қалай жұмыс істейді? | 1.3.3.2 ЖИ оқып-үйреніп және өзгере алатын алгоритмдер негізінде жұмыс істейтінін түсіндіру; 1.3.3.3 «жасанды интеллект», «робот» ұғымдарын ажырату | |
| 2-сынып | ЖИ-мен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік | 2.3.3.1 ЖИ-мен жеке (дербес) деректермен бөлісуге болмайтынын түсіндіру, хабарлауға болмайтын дербес деректердің мысалдарын келтіру (аты, мекен-жайы, телефон нөмірі, құпия сөз және т. б.) |
| Компьютер қашан қателесуі мүмкін? | 2.3.3.2 толық ЖИ-ға сүйенбей ақпаратты тексерудің маңыздылығы туралы қорытынды жасау | |
|---|---|---|
| Компьютерлер қалай «үйренеді»? | 2.3.3.3 компьютер адам сияқты мысалдар арқылы «үйрене» алатынын қарапайым тілмен түсіндіру; 2.3.3.4 дайын құралдың (мысалы, Teachable Machine) көмегімен нысандарды танудың қарапайым моделін үйрету үдерісін сипаттау | |
| ЖИ-мен бірге сурет саламыз | 2.3.3.5 қарапайым суреттер жасау үшін ЖИ құралдарын (Quick, Draw!, Magic Sketchpad, Dream.ai, Autodraw AI) пайдалану; 2.3.3.6 жұмыстың авторы адам, ал жасанды интеллект көмекші екенін түсіндіру | |
| 3-сынып | ЖИ өмірді қалай жеңілдетеді | 3.3.3.1 ЖИ-дің күнделікті өмірде қолданылуына мысалдар келтіріп, оның қандай тапсырмаларды адамға қарағанда жылдамырақ немесе дәлірек орындайтынын түсіндіру |
| Ақылды машиналармен достық ережелері | 3.3.1.1 «ақылды» құрылғылармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін тұжырымдау; 3.3.1.2 академиялық адалдық ережелерін сақтау және тапсырмаларды орындау барысында жасанды интеллектті пайдаланғаны туралы хабарлау | |
| Ертегі қалай пайда болады | 3.3.3.2 идеялар мен мәтінді құру үшін ЖИ қолдану; | |
| 4-сынып | Генеративті модельдер дегеніміз не | 4.3.3.1 генеративті модель адамның сұранысы бойынша мәтін, сурет немесе музыка жасай алатынын қарапайым сөзбен түсіндіру |
| ЖИ-мен қалай дұрыс сөйлесу керек | 4.3.3.2 ЖИ үшін түсінікті және қауіпсіз сұраныстарды тұжырымдау | |
| ЖИ оқу мен өмірде қалай көмектеседі | 4.3.3.3 ЖИ оқу және күнделікті тапсырмаларды орындауға қалай көмектесетінін сипаттау; 4.3.3.4 қандай тапсырмаларды өз бетінше және қандай тапсырмаларды ЖИ көмегімен орындауға болатынын бағалау | |
| ЖИ жауабының дұрыстығын қалай тексеруге болады | 4.3.3.5 ЖИ берген жауаптарды нақты деректермен салыстыру және ақпарат көздерін тексерудің маңыздылығын түсіндіру | |
| Болашақ мамандықтары | 4.3.3.6 ЖИ-дің әртүрлі мамандықтарға әсерін сипаттау |
*Назар аударыңыз!!! Бастапқы алгоритмдік дағдыларды қалыптастыру, бағдарламалаудың базалық операцияларын меңгеру, егер оны қолдануды педагог арнайы қарастырмаған болса, ЖИ-ді пайдалану ұсынылмайды. ЖИ көмегімен алынған барлық нәтижелерді білім алушы міндетті түрде тексеруге тиіс.
ББЖМ нәтижелері негізінде математикалық сауаттылықты дамыту
бойынша әдістемелік ұсынымдар
2026 жылғы ББЖМ нәтижелері бойынша 4-сынып білім алушыларында аудан мен периметр формулаларын қолдану, шамалар арасындағы
тәуелділіктерді талдау, логикалық және комбинаторлық есептерді шығару бойынша қиындықтар анықталған.
ББЖМ нәтижелерін ескере отырып, мынадай жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру ұсынылады:
— периметр мен аудан ұғымдарын сызу, өлшеу және салыстыру арқылы ажырату, есептеу тәсілдерін практикалық тапсырмаларда қолдану;
— баға, сан және құн; жылдамдық, уақыт және қашықтық; жұмыс өнімділігі, уақыт және жұмыс көлемі арасындағы тәуелділіктерді кесте мен сызба арқылы көрсету;
— мәтіндік есептің шарты мен сұрағын талдау, математикалық моделін құру, шешу жолын негіздеу және жауаптың есеп шартына сәйкестігін тексеру;
— логикалық және комбинаторлық есептерді шешуде мүмкін нұсқаларды ретімен қарастыру, оларды кесте немесе сызба арқылы көрсету.
Қателерді талдау кезінде есеп шартын түсіну, амалдарды таңдау және есептеулерді орындау дағдыларына назар аударылады. Қосымша тапсырмалар анықталған қиындықтарға сәйкес беріледі.
1-4-сыныптарға арналған «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» және 5–9 сыныптарға арналған «Информатика және жасанды интеллект» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу https://surl.li/hkvanl
«Цифрлық сауаттылық», «Информатика» оқу пәндерін оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/jfcolg
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
Жаратылыстану бойынша бағдарламаны іске асыру кезінде зерттеушілік, тәрбиелік және цифрлық дағдыларды дамыту, Қазақстанның табиғаты мен мәдени мұрасына құндылық қатынасын қалыптастыру ұсынылады. Осы бағыттар бойынша оқу бағдарламаларын іске асырудың мысалдары төменде берілген (9-кесте).
| Оқу мақсаты | Кіріктірілетін зерттеушілік оқу мақсаты | Сабақта іске асыру тәсілі |
|---|---|---|
| 1-сынып | 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарын бақылау | «Жасыл досымыздың құрылысы» практикалық жұмысы: өсімдікті бақылау, оның негізгі бөліктерін анықтау және суретін салу |
| 2-сынып | 2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге тіркеу | «Көрінбейтінді ұстап ал» шағын зертханалық эксперименті: ауаның қасиеттерін анықтау және эксперимент нәтижелерін кестеге тіркеу |
| 3-сынып | 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу | «Таза тамшы» STEM жобасы: суды тазартуға арналған сүзгі моделін жоспарлау және құрастыру |
| 4-сынып | 4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау немесе эксперимент) таңдауды оның артықшылықтары мен кемшіліктеріне сүйене отырып негіздеу | «Батады ма, қалқып шыға ма?» зерттеу практикумы: болжам жасау, эксперимент жүргізу және зерттеу әдісін таңдауды негіздеу |
|---|
Сабақтарды жоспарлау кезінде пәндік және зерттеушілік мақсатты бір мезгілде іске асыру ұсынылады. Қарапайым эксперименттер, топтық бақылаулар және нәтижелерді тіркеу сыни ойлауды, креативтілікті, коммуникацияны және ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
ББЖМ нәтижелері негізінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты
дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар
2026 жылғы ББЖМ нәтижелері бойынша 4-сынып білім алушыларында табиғаттағы себеп-салдарлық байланыстарды талдау, білім мен дағдыларды зерттеуді жоспарлау және жүргізу барысында қолдану, табиғи нысандар мен үдерістердің модельдерін құрастыру бойынша қиындықтар анықталған.
ББЖМ нәтижелерін ескере отырып, мынадай жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру ұсынылады:
-табиғи құбылыстардың себептері мен салдарын анықтау, оларды бақылау нәтижелеріне сүйеніп түсіндіру;
-зерттеу сұрағын қою, болжам жасау, қажетті құралдар мен зерттеу әдісін таңдау, жұмыс кезеңдерін жоспарлау;
-бақылау мен тәжірибе нәтижелерін тіркеу, оларды бастапқы болжаммен салыстыру және деректерге сүйеніп қорытынды жасау;
-табиғи нысандар мен үдерістердің қарапайым модельдері мен сызбаларын құрастыру, олардың көмегімен құбылыстардың жүру ретін және өзара байланыстарын түсіндіру.
Практикалық тапсырмаларда білім алушылардың зерттеуді жоспарлауына, әдіс таңдауын негіздеуіне және нәтижесін түсіндіруіне мән беріледі.
АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Дүниетану Оқу пәні адам, қоғам және табиғат арасындағы өзара байланыстар туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, Конституцияны және мемлекеттік нышандарды оқып-үйрену, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды бағыттар болып табылады (10-кесте).
| Сынып | ӘНХ бағыты | Сабақта практикалық іске асыру |
|---|---|---|
| 1-сынып | Цифрлық әлем және ЖИ сауаттылығы | «Ақылды және қауіпсіз үй» модельдеу сабағы: тұрмыстық құралдар мен гаджеттерді пайдалану ережелерін және интернеттегі қауіпсіз әрекет ету тәсілдерін меңгеру |
| 2-сынып | Конституциялық негіздер және отаншылдық | «Тәуелсіздік рәміздері» зерттеушілік шағын жобасы: Қазақстан Республикасы Туы мен Елтаңбасының элементтерін және Мемлекеттік Әнұранның мәтінін зерделеу, шығармашылық тапсырма орындау және оны қорғау |
|---|---|---|
| 3-сынып | STEM білім беру және практикалық бағыттылық | «Жорыққа дайындаламыз» STEAM зертханасы: ауа райы болжамын талдау, қажетті жабдықтарды таңдау және қауіпсіздік бойынша чек-парақ құрастыру |
| 4-сынып | Құқықтық ағарту және функционалдық сауаттылық | «Мектеп құрылтайы» іскерлік ойыны: мектептегі мәселені талқылау үдерісін модельдеу, өз ұстанымын құқықтық нормалар негізінде дәлелдеу және құқықтары мен міндеттерін түсіну |
Педагогтерге: − визуалды кейстерді, карточкаларды, ребустарды және тексеру тапсырмаларын жасау үшін генеративті құралдарды пайдалану;
− функционалдық сауаттылықты дамыту үшін құқықтық модельдеуді, шағын топтардағы жұмысты, симуляцияларды және өмірлік жағдаяттарды талдауды қолдану ұсынылады.
ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР
Бейнелеу өнері «Бейнелеу өнері» пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асырудың ерекшеліктері (1–4-сыныптар)
«Бейнелеу өнері» пәні әртүрлі визуалды шығармашылық түрлері арқылы көркемдік-бейнелі ойлауды, көзбен қабылдауды және эмоционалды өзін-өзі көрсету тәсілдерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама құрылымы өзара байланысты төрт бөлімге сүйенеді: «Көркемдік сауат негіздері», «Көркемдік қызмет түрлері», «Қоршаған әлем» және «Шығармашылық». Олардың әрқайсысы бес негізгі бағытты қамтиды: графика, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер (СҚӨ), сондай-ақ дизайн және сәулет.
Бағдарламаның ұйымдастырушылық-әдістемелік ерекшеліктері:
«Көркемдік сауат негіздері» және «Көркемдік қызмет түрлері» бөлімдерінде теориялық тұрғыдан меңгеру үшін «Өнер туындыларын қабылдау» бөлімшесі жеке бөлініп көрсетілген, ал «Қоршаған әлем» және «Шығармашылық» бөлімдерінде бұл бағыт практикалық қызметке үйлесімді түрде енгізілген.
Ортақ тақырыптар тәрбие үдерісі мен пәнаралық интеграцияның маңызды құралы болып табылады. Олар білім беру контекстін кеңейте отырып, сабақ мазмұнын толықтырады, бірақ сабақтың тікелей тақырыбы болып табылмайды.
Ұзақ мерзімді жоспарға сүйене отырып, педагог оқу сағаттарын тоқсан ішінде дербес бөледі, бұл бағдарламаны сыныптың жеке ерекшеліктері мен даму қарқынына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Сыныптар бойынша даму басымдықтары:
Бағдарламалық мақсаттар құзыреттердің біртіндеп дамуын қамтамасыз ете отырып, сыныптан сыныпқа қарай дәйекті түрде күрделене түседі:
1- сыныпта (1.1.1.1 мақсаты) өнер туындыларына эмоционалды жауап қайтаруға, визуалды образдарды талдаудың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға және жеке әсерлерді жеткізе білуге басты назар аударылады.
2- сыныпта (2.1.2.1 мақсаты) «Графика» тақырыбы аясында штрихты, сызықты және дақты еркін меңгеруге негіз болатын құралдар мен материалдарды игеруге көңіл бөлінеді.
3- сыныпта (3.2.1.1 мақсаты) «Өнер туындыларын қабылдау» арқылы оқушылар мәнерлі құралдар мен техникаларды жүйелеуді үйренеді, бұл дербес шығармашылық жобаларға дайындықты қалыптастырады.
4- сыныпта (4.4.6.1 және т.б. мақсаттар) «Дизайн және сәулет» модулінде оқушылар күрделі көркемдік ойларды жүзеге асыру үшін сәндік техникаларды, макеттеу мен құрастыруды біріктіре отырып, идеяларды шығармашылықпен ұсынуды үйренеді.
Бейнелеу өнерін оқытудың кешенді тәсілі бастауыш мектеп білім алушыларының шығармашылық әлеуетін, функционалдық дағдыларын және ұлттық мәдениетке саналы түрде құрметпен қарауын дамытуды қамтамасыз етеді.
Музыка
Музыкалық іс-әрекеттің негізгі түрлеріне музыка тыңдау, ұжыммен ән айту, музыкалық-ырғақтық қимылдар орындау, балалар музыкалық аспаптарында және ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау, импровизациялау мен сахналау жатады.
Пәннің мазмұны қазақтың музыкалық фольклорын, ғұрыптық әндер мен күйлерді, ұлттық музыкалық аспаптарды және отандық композиторлардың шығармаларын қамтиды. Пәнді оқытуда ойын және іс-әрекетке негізделген әдістерді, музыкалық ертегілерді, музыкалық аспаптарда қарапайым әуендер орындауды, «Әдебиеттік оқу» және «Бейнелеу өнері» пәндерімен кіріктіруді, сондай-ақ цифрлық аудиоэнциклопедияларды, виртуалды музейлер мен білім беру қосымшаларын пайдалану ұсынылады.
Музыкалық іс-әрекет психоэмоциялық шиеленісті төмендетуге, сөйлеу тілін дамытуға және білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
2–6-сыныптарда «Музыка» оқу пәнін оқыту мен оқу процесінде жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/nmyzor
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Оқытуды ойын әдістерін басым қолдана отырып, қимыл-қозғалыс ойындары, эстафеталар мен дене жаттығулары арқылы ұйымдастыру ұсынылады. Бұл салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының қағидаттарын дарытуға ықпал етеді.
Сабақ мазмұнына мынадай бағыттарды енгізу ұсынылады:
— денсаулық және жауапкершілік – тыныс алу жаттығуларын орындау, денені дұрыс ұстау және су ішу режимін сақтау;
— азаматтық және отаншылдық тәрбие – білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қазақтың ұлттық ойындары мен спорт түрлерінің элементтерін меңгеру: асық ату, бес асық;
— жеке қауіпсіздік – спорт залында және спорт алаңында қауіпсіздік ережелерін сақтау, жарақаттанудың алдын алу және төтенше жағдайларда әрекет етудің қарапайым алгоритмдерін меңгеру.
Педагогтер мен мектеп әкімшілігі санитариялық талаптардың сақталуын, балалардың жасы мен бойына сәйкес спорттық құрал-жабдықтардың пайдаланылуын және спорт залы кеңістігінің қауіпсіз ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Сабақтан тыс іс-әрекетті денсаулық күндері, «Көңілді старттар» және спорттық үйірмелер арқылы ұйымдастыру ұсынылады. Педагог-ассистенттердің қажетті қолдауын қамтамасыз ете отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың аталған іс-шараларға толыққанды қатысуына ерекше назар аудару қажет.
3.2 2–4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
тәртібі
Қазақстан Республикасындағы білім сапасын бағалау жүйесі критериалды тәсілге негізделеді. Ол білім алушылардың оқу жетістіктерін тұрақты ағымдағы бақылауды, оқу бағдарламаларының оқу мақсаттарының бөлімшелерін, бөлімдерін (ортақ тақырыптарды) меңгеру деңгейін жүйелі түрде тексеруді және қорытынды бақылауды қамтиды. Оларды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларымен» (өзгерістер мен толықтыруларымен) реттеледі.
2026–2027 оқу жылынан бастап 2–4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Оқу үлгерімін ағымдық бақылау формативті, аралық және қорытынды бағалауды қамтиды.
Формативтік бағалау оқу үдерісі барысында жүргізіледі, аралық бағалау — оқу материалының белгілі бір көлемін (бөлімді немесе бөлімдерді) меңгеру аяқталғаннан кейін, ал қорытынды бағалау — тоқсан мен оқу жылының қорытындысы бойынша өткізіледі.
1- сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағаламау тәртібі сақталады.
1) Формативтік бағалау
Формативтік бағалау әрбір сабақта білім алушының оқу мақсаттарына қол жеткізу деңгейін бақылау, оқуындағы қиындықтарды уақтылы анықтау және сабақ барысында сараланған жұмысты одан әрі жоспарлау мақсатында жүргізіледі.
Педагог академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, бағаланатын білім алушылардың санын, бағалау нысандарын, әдістері мен тәсілдерін оқу мақсатына және сабақтың мазмұнына қарай дербес айқындайды.
Әрбір білім алушы әрбір оқу пәні бойынша тоқсан ішінде өткізілген сабақтардың кемінде 30 пайызында бағаланады.
Формативтік бағалау 1-ден 10 балға дейінгі шәкіл бойынша жүзеге асырылады. Ең жоғары 10 балл бір тапсырманы немесе сабақтың бір кезеңіндегі жұмысты орындау нәтижесі бойынша қойылмайды. Қорытынды балл білім алушының сабақтың әртүрлі кезеңдерінде орындаған оқу тапсырмалары нәтижелерінің жиынтығы негізінде айқындалады.
2) Аралық бағалау
Аралық бағалау білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау және тіркеу мақсатында үлгілік оқу бағдарламасында көзделген бөлімді аяқтағаннан кейін жүргізіледі.
Педагог аралық бағалау тапсырмаларын үлгілік оқу бағдарламаларында көзделген оқу мақсаттарына сәйкес дербес әзірлейді. Бұл ретте педагог Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аралық бағалау бойынша әзірлеген әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа алады.
Тапсырмаларды әзірлеу кезінде оқу пәнінің ерекшелігі, оқу мақсаттары, тапсырмалардың мазмұны мен құрылымы, күрделілік деңгейі, орындалу ұзақтығы, ең жоғары балл және бағалау критерийлері ескеріледі.
3) Оқу пәндері бойынша аралық бағалауды өткізу ерекшеліктері
Тілдік оқу пәндері бойынша аралық бағалау сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлері бойынша жүргізіледі. Тыңдалым мен айтылым дағдыларын бағалау аралық бағалау жоспарланған апта ішінде сабақ барысында жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі» және «Орыс тілі» оқу пәндері бойынша аралық бағалау диктантты және диктант мәтіні негізінде оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған тапсырмаларды қамтиды.
«Әдебиеттік оқу» оқу пәні бойынша аралық бағалаудың негізгі нысандары шығарма мен мазмұндама болып табылады. Олардың мазмұнына оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған тапсырмалар енгізіледі.
«Математика» оқу пәні бойынша аралық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін және математикалық сауаттылықты бағалауға бағытталған тапсырмаларды қамтитын бақылау жұмысы нысанында жүргізіледі.
«Жаратылыстану» және «Дүниетану» оқу пәндері бойынша аралық бағалау тоқсанына бір рет жүргізіледі. Білім алушылардың оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын, зерттеушілік және практикалық дағдыларын бағалауға бағытталған ауызша, жазбаша, практикалық, зертханалық, жобалық және зерттеу жұмыстары мен тапсырмалары арқылы жүргізіледі.
«Цифрлық сауаттылық», «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Музыка» және «Дене шынықтыру» оқу пәндері бойынша аралық бағалау тоқсанына бір
рет жүргізіледі. Бағалау тиісті оқу пәнінің ерекшелігіне сәйкес білім алушылардың цифрлық, практикалық, шығармашылық, орындаушылық және қимыл-қозғалыс дағдыларын бағалауға бағытталған практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және командалық жұмыстар мен тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушы бір аралық бағалау үшін ала алатын ең жоғары балл мөлшері:
2- сыныпта – 12 балл; 3- сыныпта – 14 балл; 4- сыныпта – 16 балл. 4) Қорытынды бағалау 2–4-сыныптарда тоқсандық қорытынды бағалау тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың (ТЖБ) орнына қолданылады. Бұл ретте тоқсан соңында тоқсандық жиынтық бағалауға ұқсас жеке бақылау жұмысын өткізу қарастырылмайды. Қорытынды бағалау нәтижесі білім алушының бүкіл тоқсан бойы формативті және аралық бағалау барысында көрсеткен оқу жетістіктері негізінде анықталады.
Осылайша, тоқсандық қорытынды баға бір ғана қорытынды жұмыстың нәтижесі бойынша емес, білім алушының тоқсан бойы алған бағалау нәтижелерінің жиынтығы негізінде қалыптастырылады. Бұл білім алушының сабақтардағы жүйелі оқу әрекетін, сондай-ақ оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдерін меңгеру деңгейін ескеруге мүмкіндік береді.
Формативтік және аралық бағалауды өткізу және нәтижелерін
бағалау тәртібі.
1) Формативтік бағалау ағымдағы тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарының кемінде 50%-ын қамтуы тиіс. Формативті бағалау үшін қойылатын ең жоғары балл – 10 балл. Алынған балдарды пайыздық көрсеткішке айналдыру үшін келесі формула қолданылады:
2) Аралық бағалау
Аралық бағалау білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау және тіркеу мақсатында бөлімді немесе бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін жүргізіледі және оқу пәнінің ерекшелігін ескере отырып, оқу тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырылады.
Аралық бағалау нәтижесі барлық аралық бағалау жұмыстары бойынша жинақталған балдар сомасының ең жоғары мүмкін болатын балдар сомасына қатынасы ретінде келесі формула бойынша анықталады:
3) Қорытынды бағалау
Тоқсандық қорытынды бағалау келесідей анықталады: Тоқсан бойынша формативтік бағалау нәтижесі білім алушының сабақтарда алған балдарының сомасына, бағаланған сабақтар санына және формативті бағалаудың ең жоғары балына — 10 балға сүйене отырып, пайыздық көрсеткіште есептеледі;
Аралық бағалау нәтижесі тоқсан ішінде өткізілген барлық аралық бағалаулар бойынша білім алушы алған балдар негізінде пайыздық көрсеткіште анықталады;
Тоқсандық қорытынды бағалау нәтижесі формативтік және аралық бағалау нәтижелерінің пайыздық көрсеткіштегі орташа мәні ретінде анықталады.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) жеке бағалау жұмысы ретінде өткізілмейді. Осыған байланысты педагог тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және тексеру жұмыстарынан босатылады.
Бастауыш білім беру деңгейінде аралық бағалау жұмыстарына модерация жүргізілмейді.
4) Жылдық бағаны қою
Оқу жылы аяқталғаннан кейін 2–4-сынып білім алушыларына әрбір оқу пәні бойынша жылдық баға қойылады.
Жылдық баға тоқсандық бағалар негізінде анықталады және оқу жылы
бойынша жеке бақылау, тексеру немесе қорытынды жұмысын өткізуді қарастырмайды.
Оқу жылы бойынша қорытынды бағалау тоқсандық бағалардың арифметикалық орташа мәні ретінде анықталып, алынған нәтиже ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектенеді. Алынған баға оқу жылының қорытынды бағасы болып табылады.
Ескерту: Осы тармақта көрсетілген формулалар бойынша есептеулерді мұғалім жүргізбейді. Тоқсандық қорытынды нәтиже мен тиісті баға LMS жүйесінде автоматты түрде есептеліп, шығарылады.
Тоқсан бойынша қорытынды бағалау нәтижелері балдардың пайыздық мәні түрінде электрондық (қағаз) журналға қойылады.
Оқу пәндері бойынша аралық бағалаудың тапсырмаларының көлемі
мен саны
Қазақ тілі/ Орыс тілі
| 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|---|
| тоқсан | Аралық бақылау диктанты | Аралық бақылау диктанты | Аралық бақылау диктанты |
| I | 2 | 2 | 2 |
| II | 2 | 2 | 2 |
| III | 2 | 2 | 2 |
| IY | 2 | 2 | 2 |
| Барлығы | 8 | 8 | 8 |
| 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|---|
| тоқсан | Аралық жазба жұмысы (шығарма, мазмұндама) | Аралық жазба жұмысы (шығарма, мазмұндама) | Аралық жазба жұмысы (шығарма, мазмұндама) |
| I | 2 | 2 | 2 |
| II | 2 | 2 | 2 |
| III | 2 | 2 | 2 |
| IY | 2 | 2 | 2 |
| Барлығы | 8 | 8 | 8 |
Шет тілі (ағылшын)
| 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|
| тоқсан | Аралық жазба жұмысы | Аралық жазба жұмысы |
| I | 2 | 2 |
| II | 2 | 2 |
| III | 2 | 2 |
| IY | 2 | 2 |
| Барлығы | 8 | 8 |
Математика
| 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|---|
| тоқсан | Аралық бақылау жұмысы | Аралық бақылау жұмысы | Аралық бақылау жұмысы |
| I | 2 | 3 | 3 |
| II | 3 | 3 | 3 |
| III | 3 | 3 | 3 |
| IY | 3 | 3 | 3 |
| Барлығы | 11 | 12 | 12 |
Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект
| 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|---|
| тоқсан | Жобалық/ практикалық жұмыс | Жобалық/ практикалық жұмыс | Жобалық/ практикалық жұмыс |
| I | 1 | 1 | 1 |
| II | 1 | 1 | 1 |
| III | 1 | 1 | 1 |
| IY | 1 | 1 | 1 |
| Барлығы | 4 | 4 | 4 |
Жаратылыстану
| 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|---|
| тоқсан | Жобалық/ практикалық жұмыс | Жобалық/ практикалық жұмыс | Жобалық/ практикалық жұмыс |
| I | 1 | 1 | 1 |
| II | 1 | 1 | 1 |
| III | 1 | 1 | 1 |
| IY | 1 | 1 | 1 |
| Барлығы | 4 | 4 | 4 |
Дүниетану
| 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|---|
| тоқсан | Жобалық/ практикалық жұмыс | Жобалық/ практикалық жұмыс | Жобалық/ практикалық жұмыс |
| I | 1 | 1 | 1 |
| II | 1 | 1 | 1 |
| III | 1 | 1 | 1 |
| IY | 1 | 1 | 1 |
| Барлығы | 4 | 4 | 4 |
Бейнелеу өнері
| 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|---|
| тоқсан | Шығармашылық жұмыс | Шығармашылық жұмыс | Шығармашылық жұмыс |
| I | 1 | 1 | 1 |
| II | 1 | 1 | 1 |
| III | 1 | 1 | 1 |
| IY | 1 | 1 | 1 |
| Барлығы | 4 | 4 | 4 |
Еңбекке баулу
| 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|---|
| тоқсан | Шығармашылық жұмыс | Шығармашылық жұмыс | Шығармашылық жұмыс |
| I | 1 | 1 | 1 |
| II | 1 | 1 | 1 |
| III | 1 | 1 | 1 |
| IY | 1 | 1 | 1 |
| Барлығы | 4 | 4 | 4 |
Музыка
| 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|---|
| тоқсан | Шығармашылық жұмыс | Шығармашылық жұмыс | Шығармашылық жұмыс |
| I | 1 | 1 | 1 |
| II | 1 | 1 | 1 |
| III | 1 | 1 | 1 |
| IY | 1 | 1 | 1 |
| Барлығы | 4 | 4 | 4 |
Дене шынықтыру
| 2 сынып | 3 сынып | 4 сынып | |
|---|---|---|---|
| тоқсан | Спорттық іс-шара | Спорттық іс-шара | Спорттық іс-шара |
| I | 1 | 1 | 1 |
| II | 1 | 1 | 1 |
| III | 1 | 1 | 1 |
| IY | 1 | 1 | 1 |
| Барлығы | 4 | 4 | 4 |
Формативтік және аралық бағалау нәтижелерінің тең арақатынасы күнделікті оқу еңбегінің маңызын арттырып, жүйелі оқуға ынталандырады және жекелеген бағалау нәтижесінің қорытынды бағаға ықпалын азайтады.
Формативтік және аралық бағалауды тиімді жүзеге асыру үшін педагогке: — формативтік бағалау нәтижелерін сабақ өткізілгеннен кейін немесе ағымдағы жұмыс күнінің соңына дейін электрондық журналға жүйелі түрде тіркеу;
— оқу мақсаттарына сәйкес формативтік бағалауды тұрақты түрде жүргізу және тоқсан бойы барлық білім алушылардың бағалау процесімен қамтылуын қамтамасыз ету;
— білім алушылардың жеке нәтижелерінің динамикасын талдау және оқыту мазмұны мен әдістеріне уақтылы түзетулер енгізу;
— күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға сәйкес оқу бөлімін зерделеу аяқталғаннан кейін аралық бағалауды жүргізу;
— тоқсандық бағаны қою кезінде осы Қағидаларда көзделген бірыңғай есептеу тәртібін қолдана отырып, формативтік және аралық бағалау нәтижелерін пайдалану ұсынылады.
Білім беру ұйымының әкімшілігіне бағалау нәтижелерінің электрондық журналға толық әрі уақтылы енгізілуіне, бағалау рәсімдерін өткізудің белгіленген талаптарының сақталуына және қорытынды бағалардың объективті қойылуына іріктемелі мониторинг жүргізу ұсынылады.
Аталған жүйе білім алушылардың жеке ілгерілеуін бақылауға, олардың функционалдық сауаттылығын, академиялық адалдығын және жоғары деңгейдегі дағдыларын (коммуникация, ынтымақтастық, зерттеу қызметі) дамытуға бағытталған. Бұл ретте қатаң бақылау моделінен қолдау көрсету және оқу мотивациясын арттыру моделіне көшу қамтамасыз етіледі.
3.3 Негізгі орта және жалпы орта білім беру
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ
«Тіл және әдебиет» блогы шеңберінде оқу пәндері тілдік және мәдени әралуандық жағдайында тиімді өзара әрекеттесуге қабілетті көптілді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тұтас білім беру жүйесіне біріктірілген.
Мазмұндық аспект: -білімді меңгеруден талдаушылық, сыни, логикалық және шығармашылық ойлауды дамытуға көшуді;
-тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымды интеграциялауды; -тілдік және сөйлеу компоненттерін когнитивтік, мәдениеттанушылық және прагматикалық мазмұнмен ұштастыруды қамтиды.
Әдістемелік аспект цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді пайдалана отырып, жүйелі-іс-әрекеттік тәсілге негізделеді.
Оқытуда ЖИ-ді қолдану келесі принциптермен айқындалады: -инструменталдық – ЖИ көмекші құрал ретінде әрекет етеді; -интерактивтілік – білім алушымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
-дербестеу және бейімделгіштік – оқытуды даралауға ықпал етеді. Тілдік цикл пәндерін оқыту цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қоса алғанда, мақсаттардың, мазмұнның және заманауи оқыту әдістерінің бірлігіне негізделеді (2-сурет).
Оқу процесін коммуникативтік, функционалдық және когнитивтік тәсілдерді интеграциялау арқылы құру, оқытудың практикалық бағыттылығын, сөйлеу қызметінің барлық түрлерін, талдаушылық, сыни және шығармашылық ойлауды дамытуды, сондай-ақ интерактивті әдістерді, цифрлық технологияларды және жасанды интеллект құралдарын пайдалануды қамтамасыз ету ұсынылады.
Оқыту мазмұнын жоспарлау кезінде келесі дәйектілікті сақтаған мақсатқа сай келеді (3-сурет).
«Адал азамат» бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аудару ұсынылады, ол азаматтылыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, мәдени-тарихи мұраны сақтауға және қоғам мен өз еліне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Оқу пәндерінің әлеуеті көркем және публицистикалық мәтіндермен жұмыс істеу, сөйлеу қызметін ұйымдастыру, өнегелілік мәселелерін талқылау және жеке сөйлеу өнімдерін құрастыру арқылы бағдарлама құндылықтарын интеграциялауға мүмкіндік береді. «Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның тілін, әдебиетін, тарихы мен мәдениетін түсінуге бағытталған жобалау қызметін және цифрлық білім беру өнімдерін (подкасттар, бейнероликтер, цифрлық көрмелер, виртуалды экскурсиялар, инфографика және т.б.) пайдалану ұсынылады. Бұл тәсіл функционалдық сауаттылықты, азаматтық жауапкершілікті, ұлттық бірегейлікті және қоғамның рухани құндылықтарын құрметтеуді қалыптастыруға ықпал етеді.
ББЖМ-2026 қорытындысы бойынша ұсынымдар
ББЖМ-2026 қорытындылары бойынша 9-сынып білім алушыларында оқу сауаттылығының 3-суретте ұсынылған проблемалық аспектілері анықталды.
шығармадағы оқиғалардың дамуын болжау
56,0%
жанама себеп-салдарлық байланыстар негізінде
54,7%
қорытынды жасау
бейнелеуіш-экспрессивтік құралдарды (эпитет, салыстыру)
53,3%
анықтау
кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдау және оларға баға
52,3%
беру
ББМЖ нәтижелері
ББЖМ нәтижелерін ескере отырып, оқу сауаттылығын дамыту бойынша мынадай жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру ұсынылады:
-мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп оқыту, әр бөліктен кейін оқиғаның әрі қарай дамуын болжату және болжамды мәтіндегі деректермен салыстыру;
-кейіпкердің іс-әрекетін «әрекеті – себебі – салдары – оған берілген баға» ретімен талдату. Білім алушының өз бағасын мәтіннен алынған дәлелдермен негіздеуіне назар аудару;
-эпитет пен теңеуді мәтіннен тапқызып, олардың кейіпкер бейнесін, оқиғаны және көңіл күйді жеткізудегі қызметін түсіндіру тапсырмаларын беру;
-мәтінде тікелей айтылмаған себеп-салдарлық байланыстарды анықтау үшін «Бұл оқиға неліктен болды?», «Оған мәтіндегі қандай дерек дәлел болады?», «Қандай қорытынды жасауға болады?» сұрақтарын қолдану;
-9-сыныпта публицистикалық мәтіннің тақырыбын, көтерілген мәселені және негізгі ойын анықтату; автордың ұстанымын білдіретін сөздер мен тілдік құралдарды талдату; қорытындыны мәтіндегі дәлелдермен негіздету.
-әртүрлі стильдегі сипаттау, әңгімелеу, пайымдау және аралас мәтіндерді салыстыру кестесін қолдану. Кестеде мәтіндердің мақсатын, композициялық құрылымын, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін көрсету;
-күрделі мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырату, микротақырыптарды белгілеу, жоспар мен тезистер құру, мазмұнын сызба арқылы көрсету және қысқаша баяндау тапсырмаларын беру.
Білім алушылардың жауаптарын талдау негізінде нақты қиындықтарға арналған жеке және шағын топтық жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады.
Қазақ тілін оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар (5-9-сыныптар) https://surl.li/sscssa
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар (5-9-сыныптар) https://surl.li/scjdfp
Методические рекомендации по применению искусственного интеллекта в обучении и преподавании учебных предметов «Русский язык», «Русская литература» в 5-11 классах с русским языком обучения https://surl.li/btujwp
3-11-сыныптарда «Шетел тілі» оқу пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/vezjxc
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА
«Математика», «Алгебра, «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» оқу пәндерін 5-11-сыныптарда оқыту білім алушылардың математикалық және цифрлық сауаттылығын, логикалық, алгоритмдік және сыни ойлауын, зерттеушілік құзыреттері мен құндылықтық бағдарларын дамытуға бағытталған.
Үлгілік оқу жоспарларының 16-18-қосымшалардың алынып тасталуына байланысты:
− жалпы білім беретін мектептердің 7-9-сыныптарында геометрия курсы аптасына 2 сағат көлемінде (оқу жылына 68 сағат) оқытылатын болады;
− Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Геометрия» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасынан (54-қосымша) 3-тарау («Геометрия» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен) алынып тасталды.
Математика мектеп курсын оқыту барысында құндылықтарды кіріктіру және құзыреттерді қалыптастыру бойынша ұсынымдар:
− Қазақстанның тарихына, мәдениетіне, географиясы мен экономикасына қатысты, сондай-ақ қазақстандық ғалымдардың ғылымның дамуына қосқан үлесін көрсететін есептерді қолдану;
− жұптық және топтық жұмыстарды, есептерді бірлесіп шешуді, шешудің түрлі тәсілдерін талқылауды, математикалық пікірталастар мен жобалық қызметті ұйымдастыру;
− дәл есептеу, өзі жұмысын талдау, өзара тексеру және қателермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
− шешудің әртүрлі тәсілдерін таңдауға, өзін-өзі тексеруге, білім алушылардың өздерінің математикалық есептерін құрастыруына арналған тапсырмаларды ұсыну;
− қайталауға, логикалық және сыни ойлауды дамытуға, күрделілігі жоғары, бірнеше тәсілмен шығарылатын есептерге және практикалық жағдайларды модельдеуге арналған тапсырмаларды жүйелі түрде қолдану;
− отбасы бюджетін есептеу, салымдар мен кредиттер бойынша пайыздарды есептеу, су мен электр энергиясын тұтыну, ресурстарды ұтымды пайдалану және т.б. тақырыптарға байланысты практикаға бағытталған тапсырмалар арқылы қаржылық және экологиялық сауаттылықты дамыту;
− жауапкершілікті, дербестікті, ынтымақтастықты, коммуникативтік дағдыларды және математикалық білімді оқу және практикалық міндеттерді шешуде қолдана білу қабілетін дамытуға жағдай жасау.
Мектептегі математика курсын оқыту барысында цифрлық сауаттылықты дамыту бойынша ұсынымдар:
– білімді өзектендіру және бекіту мақсатында цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану;
– деректерді өңдеу мен графиктер құруды қамтитын шағын зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
– машиналық есептеулердің дұрыстығын және цифрлық ақпараттың сенімділігін тексеру дағдыларын қалыптастыру;
– ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын және академиялық адалдық қағидаттарының орындалуын қамтамасыз ету.
Оқу процесін жоспарлау және оқыту әдістерін таңдау кезінде білім алушылардың оқу жетістіктерін сыртқы бағалау нәтижелерін де ескеру қажет.
ББЖМ-2026 нәтижелері бойынша білім алушылардың математика пәні бойынша тапсырмаларды орындау барысында бірқатар қиындықтарға тап болатыны анықталды.
Негізгі проблемалық бағыттар 4-суретте көрсетілген.
алынған нәтижелерге сыни тұрғыдан баға беру
66%
алгоритм негізінде контекстік есептерді шығару
63,60%
нақты сандармен есептеулер орындау
61%
көпбұрыштарды жіктеу
58,90%
анализ бастамалары», «Геометрия»)
Анықталған олқылықтар математикалық сауаттылықты дамыту және білім алушылардың білімі мен дағдыларындағы кемшіліктерді жою бойынша жүйелі әрі сабақтастықты жұмысты қажет ететінін көрсетеді. Бұл жұмыс анықталған қиындықтарды ескере отырып және оқу материалының күрделілігін біртіндеп арттыру арқылы 5–9-сыныптарда сабақтастықпен жүзеге асырылуы тиіс. Анықталған олқылықтарды жою бойынша ұсынымдар 11-кестеде берілген.
жою жөніндегі ұсынымдар (5-9-сыныптар)
| Сынып | Ұсынылатын әдістемелік тәсілдер мен оқу тапсырмаларының түрлері |
|---|---|
| Бағыт: Нақты сандармен есептеулер жүргізу | |
| 5 | Ауызша есептеулерді тұрақты жүргізу. Амалдардың орындалу ретін пысықтау. Натурал және бөлшек сандармен есептеу дағдыларын қалыптастыру. Практикалық мазмұндағы есептерді қолдану (құнын, массасын, ұзындығын, уақытын есептеу). Нәтижелерді кері амалдар арқылы тексеруді қолдану. |
| 6 | Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану дағдыларын жетілдіру. Оң және теріс сандармен есептеу дағдыларын қалыптастыру. Шынайы жағдайлардың математикалық модельдерін қолдану. |
| 7 | Рационал сандарға амалдар қолдану дағдыларын жетілдіру және есептеу дәлдігін дамыту. Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттері бойынша білімді бекіту. |
| 8 | Иррационал өрнектерді түрлендіру дағдыларын жетілдіру. Квадрат түбірлермен есептеулерді бекіту. Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану дағдыларын дамыту. |
| 9 | Алгебралық өрнектерді түрлендіруді жетілдіру. Иррационал сандармен есептеу дағдыларын бекіту. Есептерді шығару үшін сандық әдістерді пайдалану. |
| Бағыт: Есептерді шығару алгоритмдерін қолдану және есептеу нәтижелерін бағалау | |
| 5 | Есептің шарты мен сұрағын бөліп көрсетуге, қысқаша жазылуын, схемалары мен кестелерін құрастыруға үйрету. Шешу тәсілін өздігінен таңдауға біртіндеп көше отырып, мәтіндік есептерді шығарудың типтік алгоритмдерін талдау. Жауаптың дұрыстығын тексеру және оның есеп шартына сәйкестігін талдау әдетін қалыптастыру. |
| 6 | Схемалар мен кестелерді пайдалана отырып, бірнеше амалдан тұратын есептерді және сызықтық теңдеулерді шығару алгоритмдерін құрастыру. Есептеуге дейін және одан кейін жауапты бағалау, қателерді талдау және шығарудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру. Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру. |
| 7 | Мәтіндік есептерді шығару кезінде математикалық модельдеуді қолдану. Тиімді шешу тәсілін таңдау дағдыларын дамыту. Мәнді орнына қою арқылы шешімді тексеруді орындау және жауапты бақылау үшін жуықтап есептеулерді пайдалану. Алынған нәтижені практикалық мән тұрғысынан талдау. |
| 8 | Теңдеулер жүйесін және квадраттық теңсіздіктерді шығарудың графикалық және аналитикалық тәсілдерін қолдану. Практикалық мазмұндағы контекстік есептерді орындау. Шешімдерді әртүрлі тәсілдермен тексеру, дөңгелектеудің соңғы нәтижеге әсерін талдау және жауаптың дұрыстығын бағалау. |
| 9 | Шешудің ең тиімді алгоритмін таңдау дағдыларын қалыптастыру. Қолданбалы есептерді шығару кезінде математикалық модельдеуді пайдалану. Есеп шарттарын ескере отырып нәтижелерді талдау және практикалық жағдайларда математикалық тұжырымдарды интерпретациялау (түсіндіру). Шешімді |
| тексерудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану. | |
| Бағыт: Көпбұрыштардың классификациясы мен қасиеттері | |
| 5–6 | Көрнекі модельдерді, сызбаларды және фигураларды тұрғызу бойынша практикалық жұмыстарды пайдалану. Квадрат пен тіктөртбұрыштың периметрін, ауданын және белгісіз элементтерін есептеуге арналған тапсырмаларды енгізу. |
| 7 | Үшбұрыштардың теңдік белгілеріне назар аудару. Үшбұрыштың белгісіз элементтерін табуға арналған есептерді және дәлелдеуге берілген есептерді шығару. |
| 8 | Төртбұрыштардың (параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, квадрат) қасиеттерін жүйелеу. Геометриялық тұжырымдарды дәлелдеуге арналған есептерді пайдалану. |
| 9 | Көпбұрыштардың қасиеттері туралы білімді жүйелеу және оларды жоғары деңгейдегі есептерді шығаруда қолдану. Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін қолдану. Геометриялық тұжырымдарды дәлелдеу және құрама есептерді шығару дағдыларын дамыту. |
Әдістемелік ресурстар:
Мектептің математика курсын оқыту барысында практикаға бағытталған тапсырмаларды құрастыру және қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surli.cc/nzrmpy
Мектептегі математика курсын оқытуда білім алушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/spioiy
5–11-сыныптарда «Математика», «Алгебра», «Геометрия» және «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәндерін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/mnfeew
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында пәнді оқыту есептеу, алгоритмдік және сыни ойлау дағдыларын дамытуға, базалық алгоритмдерді, машиналық оқытуды және генеративті нейрожелілердің негіздерін меңгертуге бағытталған.
ЖИ оқытудың зерттеу нысаны әрі көмекші құрал ретінде қарастырылады және «Шешімді адам қабылдайды – ЖИ ақпараттық қолдау көрсетеді» қағидаты негізінде қолданылады. Білім алушылар сұраныстарды сауатты құрастыра білуі, деректер мен алгоритмдердің дұрыстығын тексеруі, қателер мен жасанды интеллекттің жалған жауаптарын анықтай алуы, сондай-ақ оның технологиялық және этикалық шектеулерін түсінуі тиіс.
Жобаларды орындау барысында жасанды интеллектті пайдалану тәсілдері мен білім алушының жеке үлесі нақты көрсетілуі тиіс. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, дербес деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және шешімдерді дербес қабылдау міндетті талаптар болып табылады.
| Негізгі орта білім беру (5-9-сыныптар) | Жалпы орта білім беру (10-11-сыныптар) |
|---|---|
| 5-9-сыныптарда ЖИ компьютерлік графика, мультимедиа, бағдарламалау және модельдеу бөлімдерін оқытуда идеяларды генерациялау, оқу | 10-11-сыныптарда жасанды интеллект оқытудың зерттеу нысаны ретінде де қарастырылады. Білім алушылар жасанды интеллекттің әлеуметтік, құқықтық және этикалық аспектілерін |
| материалдарын жүйелеу, бағдарламалық кодтағы қателерді анықтау, бағдарламаларды тестілеу және прототиптерді әзірлеу үшін пайдаланылады. | зерделейді, оны деректерді талдау, пайдаланушы интерфейстерін жобалау, алгоритмдерді оңтайландыру және стартаптарды әзірлеу барысында қолданады. Сонымен қатар білім алушы әзірлеген бағдарламалық шешімнің жұмыс істеу қағидатын, қолданылған тәсілдерді және алынған нәтижелерді өз бетінше түсіндіріп бере алуы тиіс. |
|---|
Педагогтерге білім алушының және ЖИ жұмысының нәтижелерін салыстыруға, қателерді талдауға және баламалы шешімдерді іздеуге арналған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. Жобалық және зерттеу жұмыстарында ЖИ-ді қолдану тәсілі мен автордың өздік үлесі міндетті түрде көрсетіледі (12-кесте).
пәніне ЖИ интеграциялау жөніндегі ұсынымдар
| 5 сынып | Программалық жасақтама және жасанды интеллект | 5.1.1.2 программалық жасақтаманы қызметіне қарай (жүйелік, қолданбалы, инструменталды) жіктеу және заманауи программаларда жасанды интеллектіні қолдану мысалдарын келтіру |
|---|---|---|
| Графика және жасанды интеллект | 5.3.3.2. кіріс деректердің цифрлық жүйелер жұмысы нәтижесіне әсерін түсіндіру | |
| Мәтіндік құжаттар құру кезінде жасанды интеллектіні этикетке сай қолдану | 5.4.2.1 жасанды интеллектіні авторлық құқықты сақтау мен плагиатқа жол бермеу тұрғысында жауапкершілікпен пайдалану принциптерін қолдану | |
| 6 сынып | Жасанды интеллектідегі деректердің рөлі | 6.3.3.1 «деректер», «ақпарат», «білім» ұғымдарының мәнін ажырата білу және жасанды интеллект моделдерін оқытудағы деректердің рөлі туралы түсіндіру |
| Жобаны дайындау және қорғау | 6.4.2.1 әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты талдау және цифрлық жүйелерге сұраныс құрылымының алынатын нәтижеге, оның объективтілігі мен сенімділігіне әсерін түсіндіру | |
| 7 сынып | Шешім қабылдау жүйелері | 7.3.3.1 білімнің ереже немесе модель ретінде ұсынылатынын түсіндіру және шарттар мен деректер негізінде қарапайым шешім қабылдау жүйесін модельдеу; 7.4.2.1 жасанды интеллекттен алынған кодты қолданбас бұрын оның қауіптерін тану және тексеру |
| 8 сынып | Алгоритмнің ауытқуы | 8.4.2.1 алгоритмнің ауытқуы (bias) ұғымын түсіндіру және ЖИ оқыту үшін қате ақпараттың қолданылуы дискриминацияға алып келетіндігіне мысалдар келтіру |
| Электрондық кестелерде үдерістерді модельдеу | 8.3.3.1 жасанды интеллект моделі болжамдар жасау немесе жіктеу үшін деректер қасиеттерін пайдаланатынын түсіндіру | |
| Болжамды мәселелерді деректерге негіздеп | 8.3.3.2 деректерді өңдеу және оларды қарапайым болжамды мәселелерді модельдеу үшін пайдалану |
| модельдеу | ||||
| 9 сынып | Жасанды интеллектіні қолданудың әлеуметтік және этикалық аспектілері | 9.4.2.1 жасанды интеллектінің түрлі салаларда (медицина, білім беру, қаржы, әлеуметтік желілер) қолданылуының адам мен қоғам үшін салдары (жауапкершілік, әділдік, ашықтық) тұрғысынан талдау | ||
| Есептеу жүйелерінің логикалық және ықтималдық принциптері | 9.3.3.1 жасанды интеллект жүйелеріндегі жіктеу, болжау және генерация жұмысының ықтималдық сипатын түсіндіру | |||
| 10 сынып | Жасанды интеллектің даму тарихы | 10.1.2.1 жасанды интеллекттің даму кезеңдерін талдау және технологиялар мен деректер көлеміндегі өзгерістер оның дамуына қалай әсер еткенін талдау | ||
| Машиналық оқытудың негізгі ұғымдары | 10.1.2.2 машиналық оқытудың негізгі ұғымдарын (модель, оқыту, оқыту деректері, негізгі белгілері және болжау) түсіндіру | |||
| Перцептрон және оның мақсаты | 10.1.2.3 перцептрон құрылымын (кірістер, салмақ, белсендіру функциясы, шығыс) сипаттау; 10.1.2.4 электронды кестелерде бірлік секіріс (Хевисайд) функциясын қолданып, перцептрон жұмысын модельдеу және салмақтың өзгеруі оқыту үдерісіне қалай әсер ететінін түсіндіру | |||
| Машиналық оқыту модельдері | 10.1.2.5 машиналық оқыту түрлерін (мұғаліммен, мұғалімсіз, негіздеп) жіктеу | |||
| Машиналық оқытудың алгоритмдері | 10.1.2.6 электрондық кестелерде практикалық тапсырмалардың шешімін табу үшін k-means (ең жақын көршілер) және сызықтық регрессия оқыту алгоритмдерін модельдеу | |||
| 11 сынып | Нейрондық желілер | 11.1.2.1 жасанды нейрондық желінің | ||
| архитектурасын (кіріс, жасырын және шығыс | ||||
| қабаттары) түсіндіру; | ||||
| 11.1.2.2 белсендіру функцияларын (единичного | ||||
| скачка функциясы, Sigmoid и ReLU) олардың | ||||
| жасанды нейрондық желілерде қолданылу | ||||
| ерекшеліктерін түсіндіру арқылы салыстыру; | ||||
| 11.1.2.3 шешім қабылдауда нейрондық желілер | ||||
| қолданылатын міндеттерді (жіктеу, регрессия, | ||||
| бейнелерді тану) анықтау | ||||
| Жасанды интеллект міндеттерінің классификациясы | 11.1.2.4 жасанды интеллект технологияларын (компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу, генеративті модельдер, сөйлеуді тану және синтездеу) қолдану салалары бойынша жіктеу | |||
| Нейрондық желілерді жобалау | 11.1.2.5 электрондық кестелердегі дайын деректер жиынтығында қарапайым шығын функцияларын (MSE орташа квадраттық қате) қолданып модельдің қатесін есептеу; 11.1.2.6 қатенің тура және кері таралу (backpropagation) принциптерін тұжырымдамалық деңгейде түсіндіру | |||
5-6-сыныптардағы «Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш мектептегі
жаратылыстану курсы мен биология, география, физика және химия пәндерін жүйелі оқыту арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Оқыту іс-әрекетке негізделген тәсіл арқылы ұйымдастырылады және зерттеу жұмысының толық циклін қамтиды: гипотеза ұсыну, зерттеуді жоспарлау, бақылау немесе эксперимент жүргізу, деректерді жинау мен жіктеу, нәтижелерді сызбалар, кестелер және графиктер түрінде ұсыну, сондай-ақ алынған қорытындыларды дәлелдеу.
Экологиялық мазмұн «Таза Қазақстан» бағдарламасымен кіріктіріліп, келесі құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады:
− Әділдік және Жауапкершілік – жеке экологиялық ізді азайту және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіну;
− Бірлік және Ынтымақтастық – экологиялық акцияларға бірлесіп қатысу, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, қалдықтарды бөлек жинау және энергияны үнемдеу;
− Заң мен Тәртіп – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, су мен энергияны үнемдеу;
− Тәуелсіздік және Патриотизм – Қазақстан табиғатын танып-білу және өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге қатысу;
− Жасампаздық пен Жаңашылдық – STEM/STEAM жобаларын әзірлеу, экологиялық тәуекелдерді модельдеу және нәтижелерді көрнекі түрде ұсыну үшін жасанды интеллектті қолдану.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/twfvxz
География (7-9 сыныптар)
Географиялық мәдениет табиғат, халық және халықтардың мәдениеті туралы білімді меңгерту, оны күнделікті өмірде қолдану, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру және табиғатты қорғау жобаларына қатысу арқылы дамытылады.
Сандық тақырыптық карталарды әзірлеу мен сипаттау арқылы оқушылардың кеңістіктік ойлауын және картографиялық дағдыларын дамытуға басымдық берілуі тиіс.
Зерттеу жұмыстарында келесі цифрлық ресурстарды пайдалануға болады:
– Google Maps, Google Earth Web және OpenStreetMap – жер бедерін және кеңістіктік заңдылықтарды зерттеу үшін;
– Worldometer, Our World in Data және stat.gov.kz – демографиялық және әлеуметтік-экономикалық деректерді талдау үшін;
– Seterra және LearningApps – картографиялық дағдыларды бекіту үшін; – Google Кестелері және Google Презентациялар – деректерді өңдеу және көрнекі түрде ұсыну үшін.
«Адал азамат» бағдарламасына сәйкес пән мазмұны білім алушылардың отаншылдық қасиеттерін, экологиялық жауапкершілігін және азаматтық белсенділігін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақтастық, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп,
еңбекқорлық, кәсіби құзыреттілік, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтары нақты географиялық мазмұн арқылы ашылуы қажет.
ББЖМ нәтижелері негізінде географияны оқыту бойынша әдістемелік
ұсынымдар
2026 жылғы ББЖМ нәтижелері бойынша 9-сынып білім алушыларында географиялық қабықтың сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау әдістерін қолдану, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңызын бағалау бойынша қиындықтар анықталған.
ББЖМ нәтижелерін ескере отырып, мынадай жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру ұсынылады:
— географиялық нысандар мен құбылыстарды сипаттауда қолданылатын бақылау, өлшеу, салыстыру және картографиялық әдістерді тапсырманың мақсатына сай таңдау және қолдану;
— карта, климатограмма, кесте және график деректерінен сандық көрсеткіштерді анықтау, есептеу және олардың географиялық мағынасын түсіндіру;
— аумақтардың табиғи жағдайларын сандық және сапалық белгілері бойынша салыстыру, қорытындыны деректермен негіздеу;
— су, жер және минералдық ресурстарды пайдалану тәсілдерін салыстырып, олардың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық салдарын бағалау;
— жергілікті немесе өңірлік деректер негізінде табиғи ресурстарды үнемдеу және ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Тапсырмаларды бағалауда әдістің дұрыс таңдалуы, есептеулердің дәлдігі, деректерді түсіндіру және ұсыныстарды негіздеу ескеріледі.
География (10-11 сыныптар)
Географияны оқытуда білім алушылардың географиялық ойлауын, зерттеушілік және функционалдық сауаттылығын дамытуға, алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдануға басымдық беріледі.
Білім алушыларды әртүрлі ақпарат көздерінен географиялық деректерді іздеуге, іріктеуге, талдауға, түсіндіруге, салыстыруға және сыни тұрғыдан бағалауға үйрету қажет. Карталар, диаграммалар, кестелер, статистикалық деректер мен географиялық модельдер негізінде заңдылықтарды анықтау, себеп-салдарлық байланыстарды түсіндіру және дәлелді қорытынды жасау дағдыларын жүйелі дамыту ұсынылады.
Оқыту барысында картографиялық материалдарды, өлкетану деректерін, электрондық оқулықтарды, географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ), цифрлық карталар мен ЖИ құралдарын, бейнематериалдарды, практикалық және зерттеушілік тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. ГАЖ технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың кеңістіктік деректерді талдау, аумақтарды салыстыру және географиялық үдерістерді модельдеу дағдыларын дамытуға назар аудару қажет.
Қазіргі геосаяси, геоэкономикалық, демографиялық және экологиялық
үдерістерді зерделеу кезінде Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны мен ұлттық мүдделерін ескере отырып, ақпаратты әртүрлі дереккөздер негізінде талдау ұсынылады.
Практикаға бағытталған тапсырмаларды климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, урбандалу, көші-қон, экологиялық мәселелер, табиғи және техногендік қауіптер сияқты нақты мәселелермен байланыстыру орынды.
ЖИ құралдарын географиялық ақпаратты іздеу, деректерді жүйелеу, салыстыру және визуализациялау үшін қолдануға болады. Бұл ретте ЖИ көмегімен алынған ақпараттың дұрыстығын сенімді дереккөздер арқылы тексеруге және дереккөздермен жауапты жұмыс істеуге ерекше назар аудару қажет.
7–11-сыныптарда «География» оқу пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/fcmdml
Физика
Білім алушыларды физикалық құбылыстарды түсіндіруге, есептерді шешу кезінде физика заңдарын қолдануға және эксперимент нәтижелерін талдауға үйрету қажет. Практикалық және зерттеушілік тапсырмаларды, цифрлық ресурстарды, виртуалды зертханалар мен ЖИ құралдарын пайдалану ұсынылады.
ЖИ физика сабағында қолдану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды терең түсінуге мүмкіндік береді.
ЖИ-ді қолданудың негізгі бағыттары: 1. Модельдеу және визуализациялау. Күрделі физикалық құбылыстарды көрнекі түрде түсіндіру үшін PhET, Runway, Midjourney сияқты құралдарды қолдануға болады.
2. Виртуалды зертханалық жұмыстар. Нақты эксперимент жүргізу мүмкін болмаған жағдайда Labster, CloudLabs, ExploreLearning Gizmos платформалары арқылы гипотезаларды тексеру және тәжірибелерді модельдеу тиімді.
3. Есептерді шығару және талдау. ChatGPT, WolframAlpha сияқты ЖИ құралдары есептердің шешу жолдарын талдауға, формулалардың қолданылуын түсіндіруге және қателерді анықтауға көмектеседі.
4. Сараланған оқыту. Curipod, Quizizz AI, MagicSchool AI көмегімен білім алушылардың деңгейіне сәйкес тапсырмалар, есептер және дескрипторлар әзірлеуге болады.
Осылайша, ЖИ физиканы оқытуды көрнекі, зерттеушілік және білім алушының жеке қажеттіліктеріне бейімделген форматта ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Заңнама нормаларын физикалық ұғымдармен, эксперименттермен және шынайы өмірлік жағдайлармен байланыстыра отырып ашу ұсынылады (13-
кесте).
– Физикалық ұғымдардың құқықтық нормалармен пәнаралық байланысы
| Заң | Мазмұн |
|---|---|
| «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (https://adilet.zan.kz/kaz/ docs/Z040000588 ) | «Электр тогы», «Электр тогының жұмысы мен қуаты», «Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері» тақырыптарын оқытуда электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тұтыну мәселелерін құқықтық жауапкершілікпен байланыстыру ұсынылады. Электр энергиясын үнемдеу, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, электр желілеріне зақым келтірмеу, энергия ресурстарына ұқыпты қарау қажеттілігі түсіндіріледі. |
| Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (https://adilet.zan.kz/kaz/ docs/K2100000400) | «Жылу қозғалтқыштары», «Жылулық процестердегі энергияның сақталу және түрлену заңы», «Қазақстандағы жаңартылған энергия көздері», «Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер» тақырыптарында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін қарастыру ұсынылады. |
| «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (https://adilet.zan.kz/kaz/ docs/Z1600000442) | «Атом ядросының құрамы», «Радиоактивтілік», «Ядролық реакциялар мен радиоактивті ыдырау теңдеулері», «Ядролық реактор», «Радиациядан қорғану» тақырыптарын оқытуда радиациялық қауіпсіздік, ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану және қауіпсіздік нормаларын сақтау мәселелерін түсіндіру қажет. |
| «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (https://adilet.zan.kz/kaz/ docs/Z1400000188) | «Қатты денелердегі қысым, сұйықтар мен газдардағы қысым», «Ішкi энергия», «Электр тогы», «Механикалық қозғалыс» тақырыптарында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, табиғи апаттар, өндірістік және тұрмыстық қауіпсіздік мәселелерін қарастыру ұсынылады. |
| «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (https://adilet.zan.kz/kaz/ docs/Z2000000396) | «Физикалық шамаларды өлшеу» «Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі», «Физикалық шамалар», «Физикалық шамалардың қателіктері» тақырыптарында өлшеу нәтижелерінің нақтылығы, құралдардың қауіпсіздігі және техникалық талаптарды сақтау мәселелерін қарастыру ұсынылады. |
| «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Жол жүрісі қағидалары (https://adilet.zan.kz/kaz/ docs/Z1400000194) | «Механикалық қозғалыс», «Жылдамдық», «Үдеу», «Инерция», «Үйкеліс күші», «Импульс», «Кинетикалық энергия» тақырыптарын оқытуда жол қозғалысы қауіпсіздігімен байланысты тапсырмалар қолдану ұсынылады. |
| «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы | «Күш», «Қатты денелердегі қысым, сұйықтар мен газдардағы қысым», «Массалар центрі», «Тепе-теңдік түрлері», «Тартылыс құбылысы және ауырлық күші», «Серпімділік күші», «Қатты денелердің механикалық қасиеттері», «Дыбыс» тақырыптарын оқытуда құрылыс қауіпсіздігімен байланысты практикалық тапсырмалар ұсыну тиімді. |
Қазақстан Республикасының заңдарын физика сабағына кіріктіру қауіпсіздік мәдениетін, құқықтық сауаттылықты, экологиялық жауапкершілікті, ғылыми адалдықты және азаматтық жауапкершілікті қалыптастырады.
ББЖМ-2026 нәтижелері бойынша ұсынымдар
ББЖМ-2026 мониторингінің нәтижелерін талдау барысында оқушылардың базалық теориялық білім деңгейі жоғары болғанымен, алған білімді өмірлік жағдаяттарда қолдану, модельдеу және бағалау дағдыларында (С деңгейі) олқылықтар бар екені анықталды. Сондықтан, жаңа оқу жылында физика пәні мұғалімдеріне оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін келесідей практикалық әдістемелік ұсынымдар беріледі:
1. Теориялық білімнен «Зерттеуге негізделген оқыту» моделіне көшу. Анықталған олқылық: білім алушылардың физикалық заңдар мен шамаларды білу деңгейі жоғары (77%) болғанымен, өздігінен гипотеза тұжырымдап, модель құрастыру (60%) көрсеткіші төмен. Әдістемелік шешім — сабақты проблемалық сұрақтар мен когнитивті диссонанс тудыратын жағдаяттардан бастау қажет. Практикалық мысал – білім алушыларға «Неліктен қазіргі заманғы термостар жылуды ұзақ сақтайды және оның ішкі құрылымы қандай физикалық заңдарға негізделген?» деген проблемалық сұрақ тастау. Оқушылар топта зерттеу жүргізе отырып, өз термостарының оңтайлы модель-схемасын сызып, қорғауы тиіс.
2. Оқу процесіне STEM-тәсілдер мен жобалық жұмыстарды интеграциялау. Анықталған олқылық — білім алушылардың физикалық құбылыстарды синтездеу және модельдеу дағдыларының (60%) жеткіліксіздігі. Әдістемелік шешім – физиканы тек теориялық пән ретінде емес, қолданбалы инженерлік шығармашылық құралы ретінде оқыту, қолмен жасау белсенділігін арттыру. Практикалық мысал – білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай шағын конструкторлық немесе робототехникалық тапсырмаларды енгізу (мысалы, берілген сипаттама бойынша электр тізбегін жинау, аэродинамика заңдарын зерттеу үшін зымыран немесе наноспутниктердің қарапайым макеттерін жасау). Бұл теориялық білімді қолданбалы модельге трансформациялауға мүмкіндік береді.
3. PISA форматындағы контекстік және функционалдық сауаттылық тапсырмаларын жүйелі қолдану. Анықталған олқылық – тандартты формулаларды қолдана алу деңгейі қанағаттанарлық (72%) болғанымен, физикалық технологиялардың экология мен адам денсаулығына әсерін бағалау дағдысы (61%) артта қалып келеді. Әдістемелік шешім – қалыптастырушы және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырмаларына PISA форматындағы жабық және ашық контекстік сұрақтарды міндетті түрде енгізу. Практикалық мысал – «Электр тогының жұмысы мен қуатын есептеу» тақырыбында оқушыларға нақты тұрмыстық электр энергиясының түбіртегін (квитанциясын) ұсыну. «Үйдегі қай құрылғы энергияны көп тұтынады, оны үнемдеудің қандай жолдары бар және бұл аймақтың экологиялық қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?» деген секілді сыни ойлау мен бағалауды талап ететін кешенді тапсырмалар әзірлеу.
4. Эксперименттік мәліметтерді талдау және графиктермен жұмыс істеу дағдысын дамыту. Анықталған олқылық – деректерді талдау, кестелермен жұмыс және себеп-салдарлық байланыстарды анықтау (69%) көрсеткішін одан әрі жетілдіру қажеттілігі. Әдістемелік шешім – зертханалық және практикалық жұмыстарды дайын нұсқаулық бойынша механикалық орындау тәжірибесінен бас тарту. Практикалық мысал – білім алушыларға қателіктері немесе
ауытқулары бар дайын графиктер мен эксперимент нәтижелерін беріп: «Бұл графиктегі ауытқулардың себебі неде? Тәжірибе кезінде қандай сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін?» деген сұрақтар төңірегінде талқылау ұйымдастыру. Білім алушы ақпаратты кестеден графикке, графиктен мәтіндік қорытындыға еркін көшіре алу дағдысын меңгеруі тиіс.
5. Сабақты жоспарлауда саралау (дифференциация) саясатын қайта қарау. Анықталған олқылық – оқу процесінде Блум таксономиясының төменгі деңгейлеріне (білу, түсіну, қолдану) арналған тапсырмалардың басым болуы және жоғары деңгей дағдыларының (талдау, синтез, бағалау) тасада қалуы. Практикалық мысал – әр сабақтың оқу мақсатына сай тапсырмаларды деңгейлерге бөлу кезінде тек білім деңгейі төмен оқушыларды қолдап қана қоймай, дарынды оқушылардың жоғары деңгей дағдыларын дамытуға баса назар аудару. Практикалық мысал – «Жаңа ғылыми гипотезаны тексеру алгоритмін құру» немесе «жасыл технологиялардың тиімділігіне ғылыми сараптама жасау» секілді шығармашылық-ізденіс сипатындағы баламалы тапсырмалар ұсыну.
7–11-сыныптарда «Физика» оқу пәнін оқыту мен оқыту процесінде жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар https://uba.edu.kz/storage/app/media/555%20TT%20KZ%20KZ.pdf
Химия
ЖИ сабақтарды жоспарлау, әртүрлі деңгейдегі оқу және бағалау тапсырмаларын, зертханалық жұмыстарға арналған нұсқаулықтар мен PISA форматындағы мәнмәтіндік тапсырмаларды әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Анимациялар, үшөлшемді модельдер мен цифрлық симуляциялар атомдар мен молекулалардың құрылысын, химиялық байланыстарды, заттардың кеңістіктік құрылымын және химиялық реакциялардың жүру механизмдерін көрнекі түрде зерделеуге мүмкіндік береді.
Виртуалды зертханаларды эксперименттерді қауіпсіз модельдеу, нәтижелерді болжау және тәжірибенің жекелеген кезеңдерін бірнеше рет қайталау үшін қолдану ұсынылады. Практикаға бағытталған тапсырмаларды су сапасын, тамақ өнімдері мен тұрмыстық химия өнімдерінің құрамын зерттеумен, сондай-ақ экологиялық мәселелермен және ресурстарды ұтымды пайдаланумен байланыстыру қажет.
Педагогтерге:
— виртуалды зертханалар мен цифрлық симуляцияларды пайдалану; — оқу және бағалау тапсырмаларын әзірлеуде ЖИ құралдарын қолдану; — мәнмәтіндік және зерттеушілік тапсырмаларды енгізу; — бағалаудың интерактивті тәсілдерін пайдалану; ЖИ көмегімен жасалған материалдардың дұрыстығын, сенімділігін және оқу бағдарламасына сәйкестігін міндетті түрде тексеру ұсынылады.
7–11-сыныптарда «Химия» оқу пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/qtkcwf
ББЖМ-2026
ББЖМ-2026 нәтижелері бойынша анықталған мәселелер төменде берілген (5-сурет).
химиялық заттардың адам денсаулығы мен қоршаған
69,40%
ортаға әсерін бағалауда
заттардың қасиеттерінің олардың құрылысына
67,40%
тәуелділігін талдауда
электролиттік диссоциация теориясы мен периодтық
58,60%
заңды қолдануда
Білімдегі олқылықтарды жою 7–9-сыныптарда келесі бағыттар
бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс:
1. Электролиттік диссоциация теориясы және периодтық заң. Ерітінділердің электр өткізгіштігін және электролиттердің қолданылуын өмірлік жағдаяттармен байланыстыра түсіндіру; заттардың иондарға ыдырау сызбаларын, иондар қозғалысының модельдерін, цифрлық симуляциялар мен зертханалық тәжірибелерді пайдалану. Атом құрылысы мен элемент қасиеттері арасындағы байланысты анықтау, бір топтағы және бір периодтағы элементтердің қасиеттерін салыстыру дағдыларын дамыту.
2. Заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі. «Құрамы → құрылысы → химиялық байланыс түрі → қасиеттері → қолданылуы» алгоритмін жүйелі қолдану. Химиялық құрылымдарды шар-өзекті, электрондық және цифрлық модельдер арқылы модельдеу, салыстыру және жіктеу тапсырмаларын пайдалану.
3. Заттардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері. Тұрмыстық химия, су сапасы, ауаның ластануы, тыңайтқыштарды қолдану және қалдықтарды қайта өңдеу мәселелеріне негізделген мәнмәтіндік тапсырмаларды кеңінен қолдану. «Жасыл химия» қағидаттарын, химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеуді, ресурстарды ұтымды пайдалануды және өндірістің қоршаған ортаға әсерін бағалауды оқу мазмұнына кіріктіру.
Биология
ЖИ құралдарын деректерді өңдеу, заңдылықтарды анықтау, болжам жасау және тапсырмаларды білім алушылардың білім алу қажеттіліктеріне бейімдеу үшін пайдалануға болады. Цифрлық сервистер мен генеративті ЖИ көмегімен алынған ақпараттың дұрыстығын сенімді дереккөздер арқылы тексеру қажет.
«Таза Қазақстан» жобасының экологиялық идеяларын биоалуантүрлілік, экожүйелер, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану тақырыптарын оқыту барысында кіріктіру ұсынылады.
Оқу процесінде экологиялық бағыттағы зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Мысалы, «Мектеп аумағын зерттеу»
жобасы аясында білім алушылар ластану көздерін анықтайды, өсімдіктердің жай-күйін бағалайды, алынған деректерді тіркеп, талдайды және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Бағалау кезінде зерттеу жұмысының сапасы, мәселені түсінуі, деректерді талдауы, қорытындылар мен ұсыныстарды негіздеуі ескеріледі.
7–11-сыныптарда «Биология» оқу пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/ikwiqe
ББЖМ-2026 ББЖМ-2026 нәтижелері бойынша анықталған мәселелер төменде берілген (6-сурет).
өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының мүшелер
69,60%
жүйелерін білуде
биологиялық процестердің заңдылықтары мен заттар
60,60
%
айналымын талдауда
технологиялар мен адам қызметінің табиғатқа әсерін
6,90% 5
бағалауда
Анықталған білім олқылықтарын 7-9-сыныптарда мынадай бағыттар бойынша жүйелі түрде жою қажет (TALDAU):
1. Адам мен технологиялардың табиғатқа әсері. Қазақстан мен өңірлердің экологиялық кейстерін, PISA форматындағы тапсырмаларды, статистикалық деректерді, инфографика мен карталарды пайдалану. Антропогендік әсерді зерттеуді, экологиялық акцияларды, экскурсиялар мен қоршаған орта мониторингін ұйымдастыру.
2. Биологиялық процестердің заңдылықтары мен заттар айналымы. Экожүйелерді модельдеуді, интеллект-карталарды, сызбаларды, диаграммаларды, цифрлық симуляциялар мен виртуалды зертханаларды қолдану. Процестерді түсіндіруге, өзгерістерді болжауға және себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға арналған тапсырмаларды енгізу.
3. Өсімдіктер мен жануарлардың мүшелер жүйелері. Салыстырмалы кестелерді, модельдерді, муляждарды, биологиялық суреттерді, интерактивті атластар мен цифрлық 3D-модельдерді пайдалану. Өсімдіктердің, жануарлар мен адамның мүшелерін салыстыруға және «құрылыс – қызмет» байланысын анықтауға арналған тапсырмалар ұсыну.
АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
2026–2027 оқу жылында «Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде жаңартылады. Мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығына, ұлттық құндылықтарға, адам құқықтары мен бостандықтарына, «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарына, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікке ерекше назар аударылады.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерін оқыту азаматтық бірегейлікті, құқықтық сананы, тарихи ойлауды, экологиялық және ақпараттық мәдениетті, қоғамдық процестерді сыни талдау дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Білім беру процесінде ұсынылады: тарихты оқып-үйрену кезінде қазақ мемлекеттілігінің сабақтастығына, Әлемдік өркениеттегі Ұлы даланың рөліне және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын объективті түсінуге басымдық беру ұсынылады. Мысалы, 6-сыныпта 6.2.1.3 мақсатын іске асыру кезінде «Ұлы дала елі» ұғымы түркі өркениетінің мемлекеттілікке, ғылымға, тілге, мәдениетке және руханилыққа қосқан үлесі арқылы ашылады. «Түркі мәдениеті әлемдік өркениеттің дамуына қандай үлес қосты?» сұрағы шеңберінде тарихи өткен шақ пен қазіргі заманды салыстыра отырып, Махмұд Қашқаридың, Юсуф Баласағұнидың және Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын оқып-үйрену ұсынылады.
«Құқыққ
«Құқық негіздері» пәнін оқытудың ерекшеліктері
2026–2027 оқу жылында 9-сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жетілдірілген Үлгілік оқу бағдарламасы енгізіледі. Бағдарлама мазмұны құқықты салалық қағидат негізінде зерделеу ерекшеліктерін ескере отырып құрылымдалған және білім алушылардың қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу туралы жүйелі түсінігін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын және құқықтық нормаларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бағдарлама төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің оқу жүктемесі оқу тоқсандарына сәйкес бөлінген: 1. «Адам мен қоғам өміріндегі құқықтың рөлі»; 2. «Азаматтық және еңбек қатынастарын құқықтық реттеу»; 3. «Құқықтық қатынастарға қатысушы ретінде кәмелетке толмағандардың
жауапкершілігі»; 4. «Отбасы – қоғам мен мемлекеттің негізі».
Бағдарлама мазмұны цифрлық ортадағы заманауи құқықтық қатынастарға байланысты тақырыпшалармен толықтырылды. Атап айтқанда, дербес деректер мен жеке ақпаратты қорғау, құпиялылық құқығын сақтау, Интернет желісінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ құқықтық ақпаратпен
жұмыс істеу барысында цифрлық құралдарды пайдалану мәселелерін зерделеу қарастырылған.
Оқу бағдарламасы құқықты салалық қағидат бойынша зерделеу, қазіргі қоғамның құндылықтары және «Құқық негіздері» пәнін оқытудағы практикаға бағдарланған тәсіл ескеріле отырып жетілдірілді. Әр тоқсанда бір немесе екі құқық саласы практикаға бағдарланған мазмұндағы тұтас тақырыптық блок ретінде оқытылады. Оқу барысында білім алушыларға қолданыстағы құқықтық нормаларды пайдалана отырып шешу жолдарын іздеуді талап ететін нақты өмірлік жағдаяттар ұсынылады. Құқықтық нормаларды зерделеуді өмірлік жағдаяттарды талдаумен, құқықтық кейстерді шешумен, нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеумен, құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындаумен, құқықтық салдарды бағалаумен және нақты мәселені заңды жолмен шешу тәсілдерін анықтаумен ұштастыру ұсынылады.
2026–2027 оқу жылынан бастап 10–11-сыныптарда «Құқық негіздері» пәні таңдау компоненті аясында емес, міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Осыған байланысты 10–11-сыныптарға арналған «Құқық негіздері» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны Қазақстан Республикасының 2026 жылғы Конституциясының ережелеріне сәйкес толықтырылып, нақтыланды.
9- сыныпта конституциялық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қағидаттарын, мемлекеттік органдар жүйесін және конституциялық құқық институттарын зерделеу мазмұны кеңейтілді.
Бағдарлама мазмұны цифрлық құқықтар мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерімен де толықтырылды. Құқықтық мемлекеттің дамуына цифрландырудың ықпалы, адамның цифрлық ортадағы құқықтары, Интернет желісіндегі құқыққа сай және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, құқық бұзушылықтардың алдын алу, ақпарат пен дербес деректерді қорғауға байланысты құқықтық жағдаяттарды талдау қарастырылған.
10- сыныпта заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын, сайлау құқығы мен электоралдық мәдениетті, сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешудің құқықтық тетіктерін практикаға бағдарлап оқыту күшейтілді.
Жетілдірілген мазмұн білім алушылардың құқықтық сауаттылығын дамытуға, заңнаманы нақты өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын қалыптастыруға және қоғамдық әрі цифрлық ортада жауапты мінез-құлық танытуына бағытталған.
5-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/mtkpsg
5-11-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/jaeiiq
9-11-сыныптарда «Құқық негіздері» пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/orsjhc
ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР
Музыка 2026-2027 оқу жылында «Музыка» пәнін оқыту ұлттық музыкалық мұраны цифрлық технологиялармен ұштастыруға, білім алушылардың креативтілігін, функционалдық сауаттылығын және орындаушылық дағдыларын дамытуға бағытталады.
ЖИ мен цифрлық технологияларды оқу процесіне интеграциялау
5.2.2.1, 5.2.2.2, 6.2.2.1, 6.2.2.2, 5.1.1.1 және 6.1.1.1 оқу мақсаттарын жүзеге асыру кезінде:
− генеративті ЖИ – ән мәтіндерімен жұмыс істеу, музыкалық фрагменттер мен визуалды безендірулерді жасау үшін;
− музыканы талдау құралдары – аккордтарды, ырғақтарды және мәнерлеу құралдарын танып-білу, жыр, терме және айтыс жанрларын жіктеу үшін;
− DAW-станциялар мен ноталық редакторлар (GarageBand, FL Studio, Audacity және MuseScore) – дыбыс жазу, өңдеу, аранжировка жасау және ноталық сауаттылықты меңгеру үшін;
− Piano Marvel, Synthesia және Rhythm Cat виртуалды тренажерларын – музыкалық есту қабілетін, ырғақ сезімін және нотаны бірден оқып орындау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болады.
ЖИ білім алушылардың өзіндік шығармашылығы мен орындаушылық қызметін алмастырмайтын көмекші құрал ретінде пайдаланылуға тиіс.
− Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына сәйкес:
− жасампаздық пен жаңашылдықты – мультимедиалық жобалар, музыканы визуализациялау және дәстүрлі шығармаларды цифрлық форматқа бейімдеу арқылы;
− тәуелсіздік пен отаншылдықты – Құрманғазының, Дина Нұрпейісованың, Н. Тілендиевтің мұрасын, күйлер мен заманауи патриоттық әндерді зерделеу арқылы;
− бірлік пен еңбекқорлықты – ұжымдық және ансамбльдік музыка орындау, партияларды бөлу және орындаушылық жауапкершілікті қалыптастыру арқылы дамыту ұсынылады.
Аспаптық оқыту әдістемесі және орындаушылық
5.1.3.3 және 6.1.3.3 оқу мақсаттарын іске асыру кезінде «ауызша/қолдануды үйрету» тәсілдерін, «қарапайымнан күрделіге» қағидатын, жыр, терме және күй ырғақтарын меңгертуді, ансамбльде ойнауды, цифрлық бейнесабақтар мен шеберлік сыныптарын ұштастыру ұсынылады. Бейнеесептерді музыкалық жетістіктерді көрсету және өзіндік талдау үшін пайдалануға болады.
ЖИ, цифрлық сервистер және музыкалық жабдықтарды пайдалану кезінде дербес деректерді қорғау, академиялық адалдық пен цифрлық әдеп қағидаттарын сақтау, сондай-ақ компьютерлермен, техникалық жабдықтармен және музыкалық аспаптармен қауіпсіз жұмыс істеу талаптарын орындау қажет.
«2–6-сыныптарда «Музыка» оқу пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/pkqybj
Көркем еңбек, Графика және жобалау
Пәндерді оқыту дәстүрлі әдістерді, цифрлық құралдарды, 3D-модельдеу мен ЖИ мүмкіндіктерін ұштастыру арқылы білім алушылардың техникалық шығармашылығын, кеңістіктік ойлауын және жобалау дағдыларын дамытуға бағытталады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына сәйкес оқу және жобалау қызметінде келесі құндылықтарды қалыптастыруға назар аудару ұсынылады:
— еңбекқорлық және кәсіби біліктілік – 2D және 3D жобаларды әзірлеу кезінде дәлдік, пропорция, эргономика және сапа талаптарын сақтау;
— жауапкершілік және еңбекті құрметтеу – жобаны жоспарлау, орындау, таныстыру, қорғау және өзара бағалау барысында жауапкершілік таныту;
— жасампаздық және жаңашылдық – заманауи дизайн және интерьер шешімдерін әзірлеу, шығармашылық идеяларды іске асыру;
— экологиялық жауапкершілік – экологиялық қауіпсіз материалдарды таңдау, апсайклинг тәсілдерін қолдану және орнықты даму қағидаттарын ескеру.
5–9 сыныптарда цифрлық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар
| Көркем еңбек | Графика және жобалау |
|---|---|
| − Tinkercad-тен Fusion 360-қа көшу; − цифрлық жобалауды қолмен эскиздеу және физикалық макет жасаумен ұштастыру; − виртуалды зертханаларды пайдалану; − цифрлық портфолио жүргізу және бірлескен жұмысты, соның ішінде Beyim AI платформасында ұйымдастыру. | Оқыту жазықтықта сызудан 3D-жобалауға, автоматтандырылған жобалау жүйелерінде кешенді сызбалар мен спецификацияларды рәсімдеуге кезең-кезеңімен көшуді көздейді. Қолдануға ұсынылады: — VR/AR – сәулеттік және инженерлік объектілерді визуализациялау мен талдау үшін; — 3D-басып шығаруды – модельдерді дайындау, слайсинг жасау және физикалық прототиптер әзірлеу үшін; — CAD-жүйелерін – бұйымдарды жобалау және техникалық тұрғыдан рәсімдеу үшін. |
Пән мазмұнына ЖИ-ді интеграциялау
«Көркем еңбек» пәнінде ЖИ шығармашылық идеяларды іздеу, түс үйлесімдерін таңдау, композиция нұсқаларын әзірлеу, сондай-ақ симметрияны, пропорция мен стиль ерекшеліктерін талдау үшін көмекші құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін.
«Графика және жобалау» пәнінде ЖИ жобалау идеяларын әзірлеу, сызбаларды талдау және қателерді анықтау, өлшемдер мен техникалық сипаттамаларды нақтылау, 3D-модельдер құрастыру барысында қолданылуы мүмкін.
ЖИ білім алушының шығармашылық және жобалау қызметін алмастырмайды. Ол идеяларды іздеу, талдау және жобаны жетілдіру үшін көмекші құрал ретінде қолданылуы тиіс.
5–9-сыныптарда «Көркем еңбек» оқу пәнін оқуда және оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар бойынша әдістемелік ұсынымдар. https://surl.li/xhjabk
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
5–9-сыныптарда негізгі назар қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге, техникалық даярлыққа, командалық ойындардағы тактикалық әрекеттерді меңгеруге және жалпы дене дайындығын дамытуға бағытталады.
10–11-сыныптарда білім алушылардың жеке дене қасиеттерін жетілдіруге, техникалық-тактикалық даярлығын тереңдетуге және дене жаттығуларын өз бетінше ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға басымдық беріледі.
Мектеп әкімшілігі мен педагогтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Спорттық мүкәммал білім алушылардың жас және антропометриялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, тиісті сәйкестік құжаттары болуы және жүйелі түрде техникалық тексеруден өткізілуі тиіс.
Бір спорт залында бірнеше сыныппен сабақты бір уақытта өткізуге белгіленген алаң нормалары сақталған және кеңістік қауіпсіз аймақтарға бөлінген жағдайда ғана жол беріледі.
Сабақтағы оқу қызметін білім алушылардың мектеп спорт лигаларына, секцияларға, спартакиадаларға және денсаулық күндеріне қатысуымен сабақтастыру ұсынылады.
Әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығының материалдарын пайдалануға болады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың сабаққа қатысуы олардың жеке қажеттіліктері ескеріле отырып, педагогтер мен тиісті мамандардың қолдауымен қамтамасыз етіледі.
БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЯРЛЫҚ
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10–11-сыныптарына арналған «Бастапқы әскери даярлық» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 1-бабы 1-тарауының 26) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жаңартылды. Негізгі өзгерістер пән атауының «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінен «Бастапқы әскери даярлық» болып өзгертілуіне және оқу бағдарламасының мазмұнын қазіргі әскери-саяси жағдай мен технологиялық даму талаптарына сәйкес жетілдіруге байланысты.
Оқу бағдарламасының мазмұны практикаға бағытталған оқытуды күшейтуге, білім алушылардың психологиялық және физикалық төзімділігін, қауіпсіз мінез-құлық, командалық өзара іс-қимыл және әртүрлі жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтық жауапкершілігін, тәртіптілігі мен патриоттық санасын дамытуға бағытталған.
Бағдарлама бастапқы әскери даярлықтың іргелі негіздерін сақтай отырып,
пән мазмұнын заманауи талаптарға сәйкес жаңартуды көздейді.
Қолданыстағы бағдарлама мазмұнының 70 %-ы сақталып, қайта өңделді және білім алушыларды даярлаудың қазіргі талаптарына бейімделді. Мазмұнның 30 %-ға жуығы заманауи әскери технологиялар мен практикалық даярлыққа бағытталған жаңа тақырыптарды қамтиды:
1) ұшқышсыз авиациялық жүйелер – «Бақылаудағы дрон: басқару және қарсы
әрекет ету», «Ұшқышсыз жүйелер операторы: 3D-ортада басқару»; 2) жасанды интеллект және цифрлық қауіпсіздік – «Ұрыстың цифрлық
картасы: бағдарлау және талдау», «Жауынгерлік жүйелердегі жасанды интеллект», «Цифрлық қорғаныс»; 3) тактикалық медицина – «Алтын сағат: күш емес, жылдамдық пен
батылдық шешетін кез», «Алғашқы көмек: жылдам әрі дұрыс әрекет ет», «Жауынгерлік іс-қимылдар аймағындағы алғашқы көмек», «Алғашқы көмек көрсету алгоритмі»; 4) психологиялық және физикалық төзімділік – тактикалық дайындық және
өмір қауіпсіздігі бөлімдерінің мазмұны арқылы қалыптастырылады; Аталған мазмұнды меңгеру нәтижесінде білім алушылардың әскери-қолданбалы құзыреттіліктері қалыптастырылады.
10–11 сыныптарда «Бастапқы әскери даярлық» пәнін оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар https://surl.li/jyegep
4. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ «АДАЛ АЗАМАТ»
2026–2027 оқу жылындағы тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 «Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» бұйрығының негізінде жүзеге асырылады және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына негізделген бірыңғай тәрбиелік ортаны қалыптастыруға бағытталады.
Білім беру ұйымының тәрбие жұмыс жоспарын әзірлеу кезінде Бағдарламаның № 1, 2 қосымшалары негізге алынады.
Оқу-тәрбие процесінің негізгі басымдықтары:
– Конституция құндылықтарын, «Еңбек адамы» құндылығын, «Заң мен Тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын оқу-тәрбие процесінің барлық бағыттарына жүйелі кіріктіру;
– Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған брендбук негізінде мектептің ішкі ортасын безендіру арқылы білім беру ұйымының тәрбиелік әлеуетін арттыру;
– Әрбір оқу пәнінің мазмұнына Бағдарламада айқындалған құндылықтарды жүйелі кіріктіру арқылы білім алушылардың бойында тиісті құндылықтарды қалыптастыру.
«Білім күнін» өткізу бойынша ұсынымдар Білім беру ұйымдары «Білім күнін» өткізу форматын бүкіл мектеп қауымдастығының қатысуын қамтамасыз ете отырып, дербес айқындайды.
Ұсынылатын тақырып — «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі».
Жаңа оқу жылында педагогтер «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына ерекше назар аударып, оларды оқу жылы бойы білім алушылардың бойында жүйелі түрде қалыптастыруы қажет.
Педагогтерге ұсынылады: – оқу жылының басында «Менің жауапты таңдауым» тақырыбында ашық диалог ұйымдастыру. Диалог барысында білім алушылардың мақсаттары, армандары, өмірлік таңдауы және олардың қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасу;
– «Мен жазда оқыған ең қызықты кітап» тақырыбында оқылған шығармаларды талқылау. Шығарма мазмұнын әділдік, адалдық және жауапкершілік құндылықтарымен байланыстырып, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне адамгершілік және құқықтық тұрғыдан баға беру;
– «Конституция және мен» тақырыбында шағын пікірталас немесе талқылау өткізу. Пікірталас барысында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін, заңды орындау және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелерін талқылау;
– заманауи технологияларды пайдалана отырып, «Қазақстанның болашағы» бейнесін жасау. Интерактивті тақта, презентациялар,
бейнематериалдар және жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы эссе, сурет, бейнеролик немесе идеялар топтамасын әзірлеу ұсынылады.
Қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жобалар 1–11-сынып білім алушылары арасында жүзеге асырылады. Жобаларды іске асыруға арналған әдістемелік материалдар Академияның ресми сайтында орналастырылған.
Сонымен қатар барлық жобаларды іске асыру бойынша әдістемелік материалдар «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ-ның ресми сайтында орналастырылған
5. ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ
5.1 Инклюзивті білім беру: құқықтық негіздері мен басты өзгерістер
2021 жылдан бастап ерекше білім беру қажеттіліктері ұғымы кеңейтіліп, мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі балаларды ғана емес, сонымен қатар оқуда уақытша немесе тұрақты қиындықтарға тап болатын барлық білім алушыларды қамтиды.
Медициналық модельден әлеуметтік-педагогикалық модельге көшу жүзеге асырылды. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі -ПМПК) қызметі білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ерекше білім беру қажеттіліктерін және баланы оқыту үшін қажетті жағдайларды анықтауға бағытталған.
Білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мыналар көзделген: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (бұдан әрі — ЕБҚ бар балалар) оқытуды жан басына шаққандағы қаржыландыру; мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы; педагог-ассистент және жеке көмекші лауазымдары.
Көрсетілген нормативтік құқықтық өзгерістерді іске асыру және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі (16-кесте).
әдістемелік ұсынымдары
| Педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды орындауы бойынша әдістемелік ұсынымдар, 2023 жыл. | Инклюзия жағдайында білім беру процесінде заманауи ресурстарды пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2023 жыл. | ||
|---|---|---|---|
| Инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды сүйемелдеу бойынша білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне, білім басқармаларының (бөлімдерінің) әдіскерлеріне арналған әдістемелік ұсынымдар, 2023 жыл. | Инклюзивті білім берудің негізгі аспектілерін (мәдениет, саясат, практика) дамыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2024 жыл. | ||
| Білім берудің барлық деңгейлерінде (балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны) сабақтастық және инклюзивтілік қағидаттарын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2024 | Білім беру ұйымдарында қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2024 жыл. |
| жыл. | |||
| Білім беру процесінің инклюзивтілігін мониторингілеу құралдарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2024 жыл | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2025 жыл | ||
5.2 Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі (ППҚҚ) – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
Білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) психологиялық-педагогикалық қолдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары мен бағдарламаларына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады және тар бейінді мамандарды тарта отырып, сынып, ППҚҚ және білім беру ұйымы деңгейінде, сондай-ақ мүдделі органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып ұйымдастырылады.
2026–2027 оқу жылында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бірыңғай алгоритм бойынша жүзеге асырылады:
— педагогикалық бақылау және қиындықтарды анықтау; — ППСҚ мамандарының тереңдетілген психологиялық-педагогикалық зерделеуі;
— білім алушының (тәрбиеленушінің) ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындау;
— қажет болған жағдайда — ПМПК-ға консультацияға жолдау; — психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын әзірлеу, іске асыру және мониторинг жүргізу.
Нәтижелілік оқу жетістіктерінің динамикасы, әлеуметтік бейімделу, уәждеме, ата-аналар мен педагогтердің қанағаттану деңгейі бойынша бағаланады және сүйемелдеудің жеке бағдарламасында тіркеледі.
Психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 264 «Психологиялық қолдау орталықтарының қызмет қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Дағдарыстық жағдайлар, буллинг, аутодеструктивті мінез-құлық немесе психоэмоционалдық проблемалар анықталған кезде бала орталыққа жолданады, ал ППСҚ мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, сүйемелдеуді жалғастырады.
Педагогтер мен ППСҚ мамандарына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарын
пайдалану ұсынылады (17-кесте).
ППСҚ бойынша әдістемелік ұсынымдары
| Инклюзивті білім беру ортасында педагогтер мен мамандардың рефлексивті құзыреттерін дамыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2023 жыл. | Инклюзивті білім беру жағдайында «Дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2023 жыл. | ||
|---|---|---|---|
| Мектепте оқуға даярлау мақсатында балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, 2023 жыл. | Оқытуда (оқу, жазу, санау) ерекше қиындықтары бар балаларға білім беру ортасын құру бойынша әдістемелік ұсынымдар, 2024 жыл. | ||
| Инклюзивті білім беру процесіне қатысушылардың барлығының коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар, 2024 жыл. | Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ерте кәсіби бағдарлауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, 2024 жыл. | ||
| Инклюзивті білім беру жағдайында педагог-ассистенттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, 2024 жыл. | Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау бойынша педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар, 2025 жыл. | ||
| Инклюзивті білім беру жағдайында «Технология және өнер» білім беру саласының оқу бағдарламаларын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, 2025 жыл. | Инклюзивті орта жағдайында бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар, 2025 жыл. | ||
| Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2025 жыл. | Инклюзивті білім беру ортасы жағдайында оқытудың әмбебап дизайнын қолдану бойынша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған әдістемелік ұсынымдар, 2026 жыл. | ||
| Мектептерде инклюзивті практиканы үйлестіру және енгізу бойынша білім беру органдарының әдіскерлеріне арналған әдістемелік ұсынымдар, 2026 | Мектепке дайындықтан бастап кәсіп алуға дейін ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды үздіксіз психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, 2026 |
5.3 Арнайы білім беру
Оқыту арнайы мектептерде немесе жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында бұзылыстардың алты негізгі түрі (есту, көру қабілеттерінің және сөйлеу тілінің бұзылыстары, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары, психикалық дамудың тежелуі, зияттың зақымдалуы) бойынша ұйымдастырылады (18-кесте).
| Бұзылыстар санаты | Арнайы сыныпты жинақтау (№ 385 бұйрық) | Педагогтердің біліктілігі (бастауыш мектеп) | Берілетін аттестат |
|---|---|---|---|
| Көру | 12 (нашар көретіндер) / 8 (көрмейтіндер) | Тифлопедагог | Мемлекеттік үлгідегі (зияттың зақымдалуы болғанда – БТ сериялы) |
| Есту | 10 (нашар еститіндер) / 8 (естімейтіндер) | Сурдопедагог | Мемлекеттік үлгідегі (зияттың зақымдалуы болғанда – БТ сериялы) |
| Сөйлеу (СТКД) | 12 адам | Логопед | Мемлекеттік үлгідегі |
| ТҚАБ | 10 адам | Мұғалім + ББ курстары | Мемлекеттік үлгідегі (зияттың зақымдалуы болғанда – БТ сериялы) |
| ПДТ | 12 адам (0–1 сыныптарда, сирек жағдайда 2-сыныпта жинақталады) | Мұғалім + ББ курстары | Мемлекеттік үлгідегі |
| Зият | 10 (жеңіл) / 6 (орташа) | Олигофренопедагог | БТ сериялы (МББС іске асырылмайды) |
Арнайы сыныптарға/мектептерге аутистік спектр бұзылыстары бар балаларды бір сыныпқа екі білім алушыдан асырмай қабылдауға жол беріледі.
Оқу процесінің ерекшеліктері: — Оқу мерзімі бастауыш мектепте 5 жылды (0–4-сыныптар), негізгі орта мектепте 6 жылды (5–10-сыныптар) құрайды. Зият мүмкіндіктері сақталған білім алушылар үшін 11–12-сыныптарда бейіндік оқыту ұйымдастырылады;
— оқыту бірінші ауысымда педагогикалық қорғау режимін сақтай отырып жүргізіледі; түзету сабақтарын өткізу үшін ұзартылған күн топтары қарастырылады;
— міндетті түзету компонентіне емдік дене шынықтыру, әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістікте бағдарлау, логопедиялық және басқа да сабақтар кіреді;
— үйде оқыту Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және ПМПК ұсынымдары негізінде ұйымдастырылады;
— оқу бағдарламалары мен әдістемелік материалдар Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының https://special-edu.kz/kz/ сайтында орналастырылған.




Бірнеше жерде «академиясының» деп жазылу керек сөз «академисының » деп жазылып әріп қалып қойған.