Қасым-Жомарт Тоқаев: «Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ»

«Мектеп тапшылығы – еліміздегі аса өзекті мәселенің бірі. Мектеп салу қарқыны бала санының өсу қарқынына ілесе алмай келеді.

Алдағы үш жылда мектептегі орын тапшылығы 400 мыңға дейін жетуі мүмкін. Соның ішінде елордада 28 мың оқушыға орын жетіспейді деген болжам бар.

Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында осындай жағдай қалыптасуы мүмкін.

Әрине, бұл бағытта біраз шаруа атқарылды. Соңғы 5 жылда бір миллионнан астам оқушыға арналған мыңға жуық мектеп пайдалануға берілді.

Астанада 75 мектеп салынды. Қазір қалада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ.

Бұл ретте «Келешек мектептерін» ерекше атап өткен жөн. Архитектуралық және техникалық тұрғыдан қарағанда, бұл – заманауи әрі жоғары деңгейде жабдықталған мектептер.
Аталған бағытта әжептәуір тәжірибе жинадық. Сондықтан ауқымды жобадан гөрі қауіпсіз, сапалы құрылыс жұмыстарына кірісуіміз керек. Дегенмен оның бағасы қымбат болмауға тиіс.

Бұл еліміздегі білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуда қалыпты жұмысқа айналуы керек».

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Bilimger.kz Республикалық білім және ғылым порталы Республикалық білім және ғылым порталы ✅ ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі тіркелген 📋 Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718
Прокрутить вверх