Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы

Ршимова Акмарал Берлехановна

Мектеп жасына дейінгі балалардың  жылдам дамитындығы байқалады. Баланың бойы өседі, салмағы, денесі өзгереді. Баланың жоғарғы жүйке жүйесінде улкен өзгерістер болады. 5 жастағы баланың  миы, ересек адамның миына ұқсайды.

Физиологиялық даму, баланың оқу үлгеріміне бірден-бір әсер етуші болып табылады. Баланың физиологиялық жағынан мектепке дайындығын, ағзаның негізгі функционалдық даму деңгейі мен оның жалпы денсаулығымен анықталады. Мектепке барайын деп жатқан балалардың медициналық карталарында баланың толық дамуы мен соматикалық  дамуы туралы мәліметтер ішінде баланың жүйке жүйесінің жағдайы туралы  жазылмаған.Бирақ, Питерлік ғалымдардың мәлімдеуінше 5-6 жастағы балардың 40-60% -ында минимальді жүйкелік ауытқулар  байқалған. Мектеп жасына дейінгі баланың физиологиялық жағынан дайындығын көрсететін негізгі көрсеткіштер:

  1. Дене дамуының деңгейі;
  2. Биологиялық дамуының деңгейі;
  3. Денсаулық жағдайы.

Мектеп жасына дейінгі баланың даму кестесі.

Денелік:

  • Оқуға деген жақсы, визуалды умтылысы болады;
  • Көптеген жағдайда саусақтарын құрал ретінде қолданады;
  • Олақ, асығыс сияқты көрінеді, асығыстық 6 жастағылардың негізгі ерекшелігі;
  • Сыныпта өте шулы, отырғыштардан құлайды;
  • Оң мен солын айырып үйренеді;
  • Шайнау белсенділігінің жоғарылауы
  • Қарындашты, тырнақтарын тістелейді;
  • Тез шаршайды, жиі ауырады;
  • Таза ауаны, спорт алаңда болғанды ұнатады;

Әлеуметтік:

  • Бірінші болғанды ұнатады;
  • Жарысқанды ұнатды,интузиазмға толы;
  • Кейде женіліп қалғанда әдепсіз көрінеді немесе әділетсіз ережелерді ойлап табады;
  • Қандайда бір нәрселерді жасауға тырысады, шектеулерді тексереді;
  • Мақтауды жақсы көреді;
  • Жолы болмағанға қиналады;
  • Қанағат алуға деген үлкен қабілеттілік, сыйлықтарды жақсы көреді;
  • Дөрекі моторлық қабілет;
  • Бұйрық бергенді, сынағанды жақсы көреді;
  • Оны біреу ренжіткенде тез ашуланады;
  • Дос улкен маңызға ие (жақсы дос болу мүмкін);
  • Мектеп өте маңызды қоршаған орта болғандықтан үйін алмастырады.

Тілдік:

  • Жұмыс жасағанды жақсы көреді;
  • Түсіндіргенді жақсы көреді. Айту және көрсету пайдалы;
  • Жұмбақтан тұратын әзілдерді жақсы көреді;
  • Жиі арызданады.

Танымдық:

  • Сұрақ қойғанды жақсы көреді;
  • Жаңа ойындар мен идеяларды жақсы көреді;
  • Бояғанды, сурет салғанды жақсы көреді;
  • Бәрін де дауыстап оқығанды жақсы көреді;
  • Нәтижесіне қарағанда өту үрдісін жақсы көреді;
  • Орындау қабілетіне қарамастан көбірек жасауға тырысады;
  • Драмалық ролді орындауға икемді келеді;
  • Сипат белгілері ерекше маңызды;
  • Арнаулы және қызметтік байланыстарды жақсы түсінеді;
  • Қазіргімен тығыз байланысты болған жағдайда өткен туралы бастапқы білімі бар;
  • Қызық үшін дағдылармен тәсілдерге қызығушылық көріне бастайды.

Көру және моторлық қабілеті:

Балалар тақтадан көп көшірмеу керек. Егер олардан өтінсе, олар бұл тапсырманы оңай шешеді, бірақ бұл тапсырма олар үшін қиын. Балаларға сөз арасындағы артықшылықпен жолдан шықпай жазу қиынға соғады.Көздерді бақылай алу оқуды тез үйретуге мүмкіндік береді.

Дөрекі моторлық қабілет.

Іскерлік шуға және белсенділікке тыйым салуға болмайды.Балалар көбіне тұрып жұмыс жасайды. Мұғалімдер жай жұмыс аясын кеңейту керек және сапасын көбейту мақсатындағы жұмыс көлемін шектеу керек.

Танымдық дамуы.

Ойынның барлық түрлері белгілі және пайдалы; ойындар, өлеңдер, жұмбақтар және оқуды жақсартады; Ойын арқылы оқыту, кітаппен және жаттығу арқылы оқытуға қарағанда беріктеу модель болып табылады.Шығармашылық белсенділіктің көрінуі. Бала ең алдымен Бояуды қолдана бастайды, бояйды, билейді, кітапты жаттайды,ән салады; Бала оның іс-әректін дұрыс бағалағанын және шығармашылық заттарды қолданарда дұрыс не дұрыс емес түрі жоқ екенінсезінуі тиіс. Қазіргі уақытта аздаған тәуелділік шығармашылық жағдайларға және болашаққа дағдыға қабілетті.

Әлеуметтік мінез құлық.

Мінез-құлықтың шектен шығуын түсіну керек, бирақ оған көп шыдауға болмайды. Тітіркенудің жарқ етуі еліктеу шағымдар, әңгімешілдік 6 жастағы баланың ересектермен қарым-қатынаста қолданылатын түрі болып табылады. Балалар өте сезімтал. Аздаған қолдау балалардың қиын жағдайдан шығуына жеткілікті, ал қатты сын оны қатты жаралауы мүмкін. 6 жасар балалар жарысқа қатысып жеңіп шығу және  бірінші болуға тырысады.

Отбасымен жұмыс формалары және мұқтаждарға жәрдем беру жолдары. Әлеуметтік педагогтың жұмыс нысаны –балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар яғни бүкіл отбасы мүшелері. Оларға жәрдем беру жұмыстарын мыналар құрайды: білім алуға, медициналық көмек алуға қолдау көрсету, мәлімет  беру.

Отбасындағы бала тәрбиесінде  ата – ананың қолданатын педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қолдана білуі, олардын қайсысынын балаға дұрыс ықпал ете білуі аса маңызды.

Педагогикалық жұмыста отбасындағы баланың ахуалына мән беру аса маңызды мәселе. Өйткені, ондағы ахуалы нашар болса,  баланы кемсітіп, зекіп, ұрып-соғып, қорқытып, оған сенімсіздік білдіртсе, оның жүйкесі тозып психикалық ауруға шалдығуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда педаго оның себептерін анықтап, психикасын реттеу, ішкі күйзелістерінің  себептеріне сай қалыбына келтіру жолдарын қарастырады. Ол баланың бойындағы кемшіліктерді жоюға, отбасындағы туысқандармен болған қарым-қатынысын реттеуге, оны жақсарту жолдарын қарастырып, жылы қарым қатынас орнатуға көмектеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сонымен бірге логикалық ойлауын дамыту мәселесін шешу тәрбиешіге ауыр жүк артары сөзсіз. Сонымен бірге өмірлік іс-әректтерінің шеңберін кеңейту қабілеті өзін-өзі билеу еркі сапасының болған кезінде ғана қалыптасады. «Өзін-өзі билеу еркі» яғни қалыптасқан тұлғаның өзбетті өмір сүруге қабілетті жеке адам екендігін сезінуі дегенді білдіреді. Ал бұл сезінулер мектеп жасынадейінгі балардың мектепалды даярлық мекмелерде немесе жалпы білім беретін мектептерде қалыптасады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *