Сан есім. 2- класс

Каукаева Мадинахан Дуйсинбаевна

Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сұрақтарымен таныстыру, Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, оларды бір-бірінен ажырата отырып, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру,сөздік қорын молайтып, білімін толықтыру. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс. Математика және әдебиеттік оқу
Әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, көрнекілік, іздену
Көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, карточкалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа даярлау.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір – біріңе қарап жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет!

Біздің ұранымыз

Ұлт тілім өз – тілім, ана тілім

Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.

Болашағым бақытым дара тілім
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
460 – жаттығу
Зат есім, Етістік,Сын есім.
ІІІ Жаңа сабақ

Он алтыншы сәуір

Класс жұмысы

Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы

ІV Ой қозғау:

Сөзжұмбақты шешу:

Онның жартысы

Алты ондық

Жоқ сан

Қасиетті сан

Жүзден оны кем сан

Сан есім

Заттың санын ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші?  деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, жүз, екінші,он алтыншы.  

7 саны туралы не білесің?

7 лақ, 7 қарақшы, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата.

Неше?   сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек таптастыр.

Неше?         Нешінші?

Жиырма екі, тоғыз, жетпісінші? сегіз, оныншы, елу, сегізінші,төрт.

 

Оқулықпен жұмыс.

473 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз

Асқар … жаста. Ол … сынпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады. Үнтаспа … теңге тұрады.

Сергіту сәті.

Сөздерді сөз таптарына топтап жаз.

Күнделік, құрт, мөлдір, мың, алтыншы, жиналды, ірімшік, кенші, пайдаланады, жаман, ұмытпайды, шаңқылдайды, кең, ащы, екі.

Сандарды сөзбен жаз.

5,6,7,10,20,90,18,23,54,66,77.

Қорытындылау:

— Балалар, бүгін біз не үйрендік?
— Сан есімнің сұрақтарын ата? т. б.
V.Үйге тапсырма: 477 – жаттығу.

VІ Бағалау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *