Дұрыс таңдау-жарқын болашақтың кепілі

Андабаева Г.К, э.ғ.к, доцент

Иманғазы М.Қ, 6В04103 – Экономика 

БББ 2-курс студенті

 

Университет пен мамандықты дұрыс таңдау – кәсіби қызметтегі табыстың құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Сондықтан бірінші және маңыздысы мақсатыңызға қарай нық қадам басу және болашағы бар, елеусіз қалмайтын мамандық таңдау.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – жоғары білікті кадрлардың ең үлкен көзі. Республикамыздағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі орталықтарының бірі. Дәстүрлі оқу бағдарламалары мен көп жылдық білім беру тәжірибесі бар еліміздегі беделді жоғары оқу орны.

Қазіргі кезде университетіміз QS World University Rankings 2025 халықаралық рейтингінде әлемдегі топ-200 ЖОО қатарына қосылды. Биыл университет 67 позицияға жоғарылап, 230-орыннан 163-орынға көтерілді.

Атақты ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің: “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі” атты қанатты сөздері университетіміздің ұранына айналған десек қателеспейміз. Сонымен қатар, жыл сайын Экономика кафедрасында Ашық есік күндері өткізіледі, онда 9-11 сынып оқушыларымен кездесулер және университет қалашығы бойынша экскурсиялар, Алматы қаласының мектептерімен ғана емес Қазақстанның басқа да аймақтарындағы мектептермен өзара тиімді ынтымақтастық келісімдері жасалған.

ҚазҰУ барлық деңгейдегі – ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейдегі өсу мен даму драйвері болып табылады. Университет түлектерінің жергілікті және жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында білім берудегі әлемдік трендтерге ілеседі. Студенттік өмір есте қалар естеліктермен толатыны анық. Оған дәлел, ҚазҰУ-індегі түрлі ұйымдар. Түрлі іс-шаралар мен жарыстарға толы кезеңдер жастық шақтың жарқын естеліктеріне айналады. Мемлекеттік инновациялық даму саясатын жүзеге асыру арқылы ҚазҰУ өзін әлемдік білім беру нарығының бәсекеге қабілетті қатысушысы ретінде жариялай отырып, әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде (https://farabi.university/faculty/14) негізгі «6В04103-Экономика» білім бағдарламасымен бірге еңбек нарығының заманауи талаптарына бейімделген, жұмыс берушілердің сұраныстары мен талаптарын ескере отырып әзірленген жаңа «6В04103-Цифрлық экономика» және «6В04103-Креативті экономика» білім беру бағдарламалары бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ғылыми-танымдық, қоғамдық өмірдегі сан алуан оқиғаларға бай, ол жастардың ынта-жігері мен тәлімгерлердің даналығымен, білімнің құдіретті қуаты мен ғылыми ой қуатына сусынданған. Студенттердің, ғалымдардың шығармашылық ізденісі мен тынымсыз күнделікті еңбегі еліміздің университетінің даңқын әлемдік нарықта, түрлі рейтингтердің Орталық Азиядағы көшбасшысы ретінде танылып келеді. Атақты жазушы Р. Киплинг былай деп жазған болатын: «Білім – жердегі игіліктердің ішіндегі ең маңыздысы, егер оның сапасы жоғары болса. Әйтпесе бұл мүлдем пайдасыз». Осы тұрғыда ҚазҰУ сапалы білім алып, өз саласының маманы болуға бірегей мүмкіндік береді. Тоқсан жылдық тарихы бар және Қазақстандағы ең беделді оқу орнында оқып болашағыңды жарқын ету өз қолыңызда!

 

Андабаева Г.К, э.ғ.к, доцент

Иманғазы М.Қ, «6В04103 – Экономика» БББ 2-курс студент

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *