Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

Корабаева Гулбану

 

Қазақ   поэзиясының  асқар биігі , ұлы ақын Абай Құнанбайұлы  келер ұрпағына  рухани мол  мұра  қалдырды. Әлем халықтарының бірі  сәулет өнерімен , енді бірі музыкасымен мақтанатын болса, қазақ халқы бай сөз өнерімен, өзінің  бас ақыны  Абаймен мақтана алады. Ұлы ақынның шығармалары  адамның  ақыл, парасатының өсуі мен кемелденуіне тигізер әсері мол. Олай дейтініміз Абайдың оқырманға ой тастап, тереңнен толғаған мәселесінің бірі-адамның адам болуға   үйренуі, естілікке ұмтылуы

Тәрбиелік мәні зор Абайдың жетінші қарасөзінде «Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай  болады  деп   көңілге салмадық»,- дейді. Оның салдары адамды сыртына қарап  бағалап,  жылтырақ нәрсеге құмар болып,сырын білмей , ақын айтпақшы , ішін танымай жататынымыз рас . Ақынның  Он сегізінші қарасөзінде:  «Бет  пішінін , сақал –мұртын , мүшесін , жүрісін, қас-қабағын қолдан түзеп, өзі қатардағылардың  ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге « әттең дүние –ай , осылардың атындай ат мініп, киім кигендердің не арманы бар екен ?» -деп мақтанатын кербездерді сынайды. Осы айтылған адам бойындағы ұнамсыз мінездерді  ақын  мына өлеңінде толықтыра түседі

Өзіңмен бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып ,

Азапқа қалма езбеден,- деп ақын бізді көрсеқызарлықтан, тәкапарлықтан сақтандырады, жаман мінезден арылуға үндейді. Ақын өз тілінің бар уытын заманы мен оның адамдары бойындағы сорақылықты мінеуге жұмсайды. Тек сырт келбетін түзеп, жақсы көрінуге тырысып жүрген сырты бүтін, іші түтін адамдарды бүгінгі күні өз ортамыздан көріп те жүрміз. Ал адамның құндылығы –адамгершілігінде, ғибратқа, ақылға  толы ісінде жатыр .«Тегінде адам баласы адам баласынан  ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселе рден озады. Одан басқа нәрселерден оздым деу масқаралық»,-деген сөзі халықтың өміріне шамшырақ болуға шақырады.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Абай тұлғасы қанша ғасыр өтсе  де биіктей түспек.   Абай айтқан сөзге құлақ асып, ой түйіп , жүрекке ұялатып, санаға  сіңіру қажет. Ар -ұятты , адамгершілікті ту еткен Абайдың әрбір сөзі –сарқылмас қазына.  Сондықтан да  кемеңгер ақынның жырлары ұрпағымен  мәңгі жасайтын хақ !

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *