Бала беру дәстурі

Қазақ халқының ұмытылып бара жатырған салт-дәстүрі.

Бала беру дәстурі

Орындаған: Ержан Үлерсін дінтану мамандығы 3 курс студенті
Жетекшісі: Phd, аға оқытушы Әлтаева Н.С

https://www.kaznu.kz/

Бала тәрбиесіне ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ назар аударып, көп көңіл бөлген. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, елдің басты құндылығы ол өскелең ұрпақ. Ұрпақ мемлекеттің іргетасы. Әрбір отбасы ол бір мемлекет. Отбасы – әр адам үшін сүйіспеншілік пен махаббатқа толы мекен. Отбасында дарығын тәрбие, өз елімізге деген сүйіспеншілік, ар-намыс қағидалары адам баласын өмір бойы алға сүйрейтін қағидалар. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны ерекше, себебі баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланың алғаш қалыптасуы тікелей ата-анаға байланысты. Ата-ананың мейірімі мен шапағатына бөленген нәресте алдағы уақытта да өмірге деген жағымды көзқарасының қалыптасуымен ерекшеленеді. «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» демекші, халқымыз ұл баланың да, қыз баланың да тәлім-тәрбие алуына ерекше көңіл бөлген.

Тағы бір дәстүр, қазақтар өз баласын туған-туыстарына тәрбиелеуге берген. Әдетте, балалары көп болған отбасылар балалары жоқ туыстарына өзінің кіші баласын береді. Және бала бөтен отбасында өз баласы ретінде тәрбиеленді.

Бауырына салу. Немерелерін ата-әжесі немесе жақын туыстары уақытша тәрбиелеуге алғанды “бауырына салу” деп атайды. Бауырына салғанымен, ата-аналарынан айырмайды. Асырап та алмайды. Бұл дәстүрдің мақсаты – жалғыз қалған ата-анасына ермек болсын деп, ал туыстарына көмек ретінде балаларын уақытша жібереді.

Бауырына салушылар тәлім-тәрбиесін беріп, қамқорлығын жасайды. Бала өскен соң, ата-анасына кетеді немесе сол шаңырақта қала береді. Қазақ халқында, әсіресе, бірінші немерелерін бауырына ұлдың әке-шешелері салады. Бірінші немере үлкендердікі деп есептеледі. Бірақ ата-анасы да қоса тәрбие береді.

Есейген балаға бауырына салған адамдар әрдайым ыстық болады. Өз баласынан кем көрмеген әже, атасына немесе туысына есейген бала ең алғашқы табысынан сый сыйлайды. Бұл оның ризашылығын білдіреді. Жүрген жерінде мақтап айтып жүреді. Үйленіп, теңін тауып, тұрмысқа шыққанда, үйлену тойларына қадірлі қонағы етіп, үлкен ата-аналары деп, тілек білдіруде сөз кезегін бірінші соларға береді. Келін түсіргенде, сол үйдің табалдырығын аттатады.

Асырап алу. Басқа халықтарда сияқты қазақ халқында да асырап алу салты бар. Нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар, ата-аналарымен және өзара ақылдасып, бала асырап алады. Құжаттарының барлығын заңды түрде жасайды.

Өздері ат қойып, өз аты-жөндеріне жаздырады. Әсіресе, баласы жоқ ерлі-зайыптылар туыстарынан асырап алуға тырысады. Мұндай жағдайда баланың әке-шешесімен алдын-ала келіседі. Асырап алған ата-аналар балаға ерекше жауапкершілікпен қарайды. Жақсы тәрбие беруге, жағдайын жасауға тырысады.

Балалар үйінен асырап алған жас нәрестеге “асырап алдық” деп айтпай тәрбиелеген жөн. Егер басқа балалары бар болып тұрып, асырап алған күнде өз балаларынан кем көрмей, бөлмегені дұрыс.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *