Тіл тағдыры

Тіл тағдыры

Биыл қазақтың ақыны,әдебиет зерттеуші ғалым,публицист ,педагог Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойы.

Қазақ тілі грамматикасы мен тарихында өшпес із қалдырған ,қоғам қайраткерінің артында  қалған еңбектері бүгінгі күннің жемісі болып отыр. Ахмет Байтұрсыновтың басты мақсаттарының бірі, қазақ тілінің құндылығын ұлт санасына сіңіру. Қазақ тілінің маңызы мен дербестігін әрбір қазаққа түсіндіру.

Қоғам қайраткерінің „Қазақ” газетіне жазған мақаласында айтылғандай «-Ұлттың сақталуына да ,жоғалуына да себеп болатын нарсенің ең қуаттысы тіл». Тіл тақырыбы қашанда актуалды болған,қазақ тілі тағдыры әрбір қазақ азаматының қолында . Бірақ ,бүгінгі күнде біздер ақынның сол мақсат- арманың орындай алып жатырмыз ба?! Менің ойымша ,өте әлсіз. Неге?! Себебі, көп қазақ қандастарымыз қазақ бола тұра өз ана тілін білмейді,ол былай тұрсын оны білудің өзің ұятқа санайды. Осындай ойды қалыптастырған кеңес үкіметі болса да , қазір біз тәуелсіз елміз, ешбір елге басымызды бұғып тәуелді болып отырған жоқпыз. Күнделікті өмірде қазақтың қазақпен өзге тілде сөйлесіп тұрғаның көріп,жүрегін қан жылайды . Кешегі көк түрік ұландары мен Алаш қоғам қайраткерлері ,өзіміздің елімізде, өзіміздің жерде ,өзге тілде сөйлеу үшін қан төккен жоқ. Ендеше неге біз тіл тағдыры үшін күреспейміз? Қазақ ұлты болып қалу үшін, мемлекетімізді сақтау үшін, тіл тағдырын жолда қалдырмай ,бірінші орынға қою менің, сенің, баршамыздың міндеттіміз деп түсінуіміз керек. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады ,сондықтан әрқашанда тіл мүддесін жанымыздан артық көрейік .

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *