Тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік тұғырымсың сен менің!

Көңілдегі көркем жырдың сеп лебін

Мадақтаймын, мадақтауға тұрарлық

Еркіндікті, ризықты берген еңбегің!

 

Тәуелсіздік!

Тәуелсіздік -таңымсың!

Азаттық пен бірліктің де бағысың!

Құстай самғап келем, міне, сен үшін

Азаттықтың ары үшін.

 

Керегеміз өзге елмен теңесті.

Тарих куә:  қолдан бермей жеңісті.

Қиындықпен жеткен тәуелсіздікті

Ең қиыны ұстап тұру емес пе?!

 

Тәуелсіздік отыр міне тағында.

Жарасады қарасаң қай жағынан.

Қапыда жүріп, айырып қалма, ей қазақ!

Еркіндік дейтін еншіге түскен бағыңнан!

 

Дүйсенбек Ақмоншақ

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *