Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсатын қою және жоспарлау.

Жоспар – сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат-міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т. б. байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Бұл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де шешуге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі – бала болашағын оның өзімен бірге шешу. Бұл педагогикалық тағылым. Әр баланың өзі сүйетін ісі болады (сурет салу, ән айту, биге икемінің болуы). Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштсатыру бірден-бір педагогикалық тәсіл болып табылады.

Қойылатын негізгі талаптар.

  1. Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
  2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болуы керек.
  3. Тәрбие жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.
  4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
  5. Тәрбие жоспары ықшамды әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалуы керек.
  6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, әртартпа және әржақты болуын ескеру керек.

Тәрбие жоспарының құрылымы:

  1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрақтылығы, мекен-жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
  2. Өтілген оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
  3. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
  4. Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары бөлімдерде көрсетіледі.

 

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Тәрбие жұмысын жоспарлаудың мақсатын түсіндіріңіз.

  1. Жоспарға қойылатын негізгі талаптарды анықтаңыз.

3.Тәрбие жоспарының құрылымын түсіндіріңіз.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *