ҚАЗІРГІ ЗАМАН ЖАСТАРЫН ЛИДЕРЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жубаназарова Н.С.,Сайлинова Қ.К.
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ЖАСТАРЫН ЛИДЕРЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Бүгінгі таңда жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі – лидерлік. Біздің жастар арасынан шыққан көшбасшылар – мыңдаған адамдардың жүрегінде намыс алауын лапылдатқан ұл-қыздарымыз қаншама, бесіктен белі жаңа шыққан, үйлерінде өнегелі тәрбие алған, өзгелерге еліктеу нысаны болған жастарымыз әр-уақытта да жеріміз, еліміз, жұртым деп алға талпынып, есімдері тарихта мәңгі сақталған. Қазір де белсенділік танытатын жастарымыз мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста, қоғамда, саясатта өздерін көрсетеді. Дәл осы тақырып аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің 1 курс магистранттары Жубаназарова Назираш Сулейменовнаның «Басқару психологиясы» пәнінде ашық әңгіме-талқы жүргіздік. Жастар ортасындағы лидерлердің психологиялық сипаттамасы: лидер дегеніміз – топ үшін маңызды болып табылатын белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл түрде сайланатын, болашақта топтың ұжымдық әрекеттерді жүзеге асыратын ресми емес топты басқаратын топ мүшесі. Жастар қауымдастықтарының жоғары немесе орташа деңгейлі өкілдеріне материалдық, тұлғалық қасиеттеріне байланысты, жеке тәжірибиесіне байланысты жоғары беделділік тән. Бүгінгі күн жастар қауымдастықтарының лидерлеріне тән қасиеттерге мыналар жатады: жігерлі болу,мақсатқа жетудегі қайсарлық, өзгелердің еркін керекті жағдайда басып тастау,Өзгелерді өз ырқына көңдіру, ақыл-ой, физикалық күш, сөзінде тұру, іскерлік, өзгелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көру, жастар ортасының ішкі және сыртқы жұмыс істеу шарттарын білу, қиын жағдайлардағы тез шешім қабылдау мен жылдам бағдарлану.
Ал енді басты тақырып «Жастар арасындағы лидер мен ересек лидер арасындағы айырмашылық қандай?» дегенге қайтып оралсақ…Бизнес пен профессионалдық ортада лидер болу мен жетісті болу дегеніміз көп жағдайда нақты нәтижелерге жетумен сипатталатын паралелльды құбылыстар. Бизнестегі лидер – ақты мақсатын білетін, өзінің идеяларын басқа адамдарға жеткізе алатын адам. Сонымен қатар өзгелерге әсер ету мен өзгелерді мотивациялау үшін белгілі бір коммуникативты қасиеттерге ие. Өзінің маңыздылығы мен нәтиженің маңыздылығына сенім – мінез-құлықтың негізі. Себебі бұл оның жетістілігінің өлшеу критерийі. Сонымен, бизнестегі лидер – нәтижеге сенімді адам.
Ал жастар арасындағы лидер қандай қасиеттерге ие болуы керек, және лидерлікті қалыптастыру процесінде қандай мақсаттар көзделеді? Көбінесе, басқа адамдарға қажетті және құнды қасиеттерге ие адамдар лидер болып таңдалады. Жасөспірімдерде қандай қажеттіліктер бар? Өзін-өзі таныту қажеттілігі, белгілі бір ортада қабылдануы мен көпшілік арасынан бөлініп шығу қажеттіліктері. Жастар арасындағы лидер үшін өзінің сөздері мен әрекеттерінде сенімді, қызықты болуы шарт.
Жастар арасындағы лидерлік процесске негізделген. Жасөспірімнің негізгі құндылықтарының бірі – уақытты қызықты өткізу. Қарым-қатынас, кей кезде ешқандай мақсат көздемейтін, карым-қатынас процессі мақсат ретінде танылады. Сол коммуникациялар кезінде жас жігіттер мен бойжеткендер құрдастарынан өз маңыздылығын растап, өз статусын анықтайды. Олар үшін қолдау өте маңызды, себебі, көптігінде өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптаспаған. Олардың құндалықтар жүйесі жиі бұқаралық ақпарат құралдарының, интернеттің, құрдастары мен ұқсағысы келген адамдармен араласу әсерімен қалыптастырылған. Сонымен қатар, ата-анасының қоластынан кеткеннен кейін олар ата-анасы мен басқа ұрпақтар насихаттаған құндылықтар жүйесін жоққа шығаруға тырысады.
Лидердің негізгі қасиеттерінің бірі, тек қана жастар арасында ғана емес, бизнесте де, өзгелердің алдында болу. Сәннің жаңа үлгілерін білу, жаңалықтарды білу, өзгелерге жетімсіз ақпаратқа ие болу. Демек, үлкен білгірлік, ақпараттың үлкен көлеміне ие болу қажет. Ақпаратқа ие болу – ресурс, осы ресурсты ие болушы адам өзгелерге әсер етуі мүмкін. Лидер қай жерден, және қандай ресурс алу керектігін біледі. Осындай ақпараттың жеткіліксіздігін жасөспірімдердің көпшілігі өзінің ойлары мен фантазияларымен толықтырады. Олар бір-бірімен өз өмірінің құрастырылып, жасанған немесе мүлде болмаған сәттерімен бөліседі, және айтқаны өз ортасында жеңіл қабылданады. Сонымен, жасөспірімнің лидерлік қасиеті қиялдарын шындыққа теңеп, басқаларға жеткізу еркіндігімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жастар арасындағы лидер өз ойларын нақты факттармен толықтыруы қажет. Осындай лидерге деген сенім тез өседі.
Жастар арасындағы лидердің тағы да бір қасиеті – қалыптыдан тыс, оригиналды, ортодоксалды болу, стандартты ойларды нұсқадағыдай емес жеткізу. Өз ойларын басқа бір, қызықты, шоғал әрекеттер арқасында жеткізу. Және өзгелерді осы ойларды жүзеге асыруға ынталандыру. Осында жастар арасындағы лидердің басты қасиеттерінің бірі – батыл болу, көрініс табады. Осы қасиеттерге ие лидерлерге сенеді, оларға ұмтылып, артынан ереді. Расталған тәуекел мен батылдық – жалпы лидерліктің сипаттамасы. Алайда, басқа жағынан шамадан тыс батылдық пен еркіндік жасөспірімге асоциалды әрекеттерге итермелеуі мүмкін, мысалы нашақорлық мен маскүнемдік және т.б. сондықтан да, лидерлік қасиеттері анық көрініс тапқан жастарға моральдік ұстанымдар мен дағдыларды үйрету керек. Осы әрекеттер жастар арасындағы лидерден ересек адамды қалыптастыруға көмектеседі.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы әр түрлі әлеуметтік топтарға «қосылу» статусы маңызды. Сондықтан да жас адамдарға бірігіп уақыт өткізу, іске қосылу мен қоршаған адамдардың қолдауы маңызды болап табылады. Олар өзінің маңыздануы, назар аудару, қайталанбастығы сияқты негізгі қажеттіліктерін өтеу үшін жеке өзіндік әлемдерін құрады. Қазіргі таңда Интернет желісінде жанды журналдар, қызығушылықтар бойынша қауымдастықтар, форумдар танымал. Мысалы: белгілі әлеуметтік топтардың өзіндік сленгінің қалыптасуы. Осындай топтарда да лидерлер пайда болады. Олар қозғалатын тақырыптарға байланысты өзгеріп отырады.
Кейбір топтар белгілі бағытқа ие. Мысалы, күрес бойынша спорт секциясындағы лидер – ең мықтысы, ал жүгірудегі ең жылдам. Себебі – жасөспірімдер үнемі күш салыстырады. Алайда, сол топтың ішіндегі жағдай контекст өзгерген жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін. Басқа бір қатысушы лидер болып тағайындалады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірім топтарының бағыты асоциалды. Егер де жасөспірімнің ең мықты, ең жақсы болуына мүмкіндігі болмаса, жағдай өзінен өзі тығырыққа тіреледі.Мысалы, жасөспірімге өзін ересек болып сезіну өте маңызды. Темекі шегу қоршағандарға өзін ересек етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Ол өзінің маңыздылығының дәлелдемесі ретінде осы жол арқылы өзін көрсетем деушілерді жинайды.
Ұжымға байланысты лидерлік сыртқы аспектілерде емес, ішкі қасиеттер мен ерекшеліктерде көрініс табуы мүмкін. Мысалы, студенттер тобында карьера мен білім сияқты құндылықтар болса, лидер сыртқы келбетіне қарай емес, белгілі білімдер мен дағдыларға байланысты. .Лидерліктің жетістіктерге жету, табыстылығы – айсбергтің тек көзге көрінетін бөлігі. Лидердің күнделікті жұмысы бәріне көріне бермейді, алайда оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Жиі лидерлер әдістемелік жобалар мен ұсыныстарға емес интуиция мен жеке тәжіриебесіне жүгінеді. Қалай да болса, лидерліктің теориялық аспектілерін білу, топтарды басқару жүйесіндегі соңғы зерттеулерді білу, әлеуметтік және педагогикалық психологиядағы базалық білімдерді игеру қажеттелігі бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, уақыт бір орында тұрмайды, және қоғам бұрынғыдан екпінді дамуда. Идеалдының жоспары нақтының жоспарынан әрдайым артта қалып отырады, және жыл сайын уақытқа сай келу қиындауда. Екінші себебі лидерліктің әлеуметтік табиғатында жатыр.
Бұл дегеніміз адамдармен жұмыс демек, бір немесе басқа әрекетттерді дұрыс талқылау, мінез-құлықтың нақты мотивтерін табу, адамдарды бір-біріне тартатын немесе алыстататын әлеуметтік күштердің векторларын түсіндіру үшін психологиялық және педагогикалық білімнің негіздерін білу қажет.
Сондықтан «Басқару психологиясы» пәнінің бізге берер пайдасы мол деп білемін. Қазіргі жастардың санасының саулығының негізі осындай психологиялық пәндердің көптеп оқытылуынан басталады.
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Жубаназарова Н.С.
Аға оқытушы
Сайлинова Қ.К.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
филология факультетінің магистранттары
Ғалбиат Тұнық,Сағынбаева Әсел
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718