КӘСІБИ ӘРЕКЕТ НӘТИЖЕЛІЛІГІНІҢ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕКЕ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТӘУЕЛДІЛІГІ
Жубаназарова Н.С.
КӘСІБИ ӘРЕКЕТ НӘТИЖЕЛІЛІГІНІҢ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕКЕ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТӘУЕЛДІЛІГІ
Қазіргі заманның жастары білім алуға құштарлығын еңбек етіп нан табумен жақсы үйлестіре алады. Жасөспірімдерге бір уақытта жемісті жұмыс жасап, әріптестермен жақсы қарым-қатынас орнату қолжетімді болып жатады. Қолына 4 жылдық еңбегінің жемісі – дипломын алған әрбір жас маман өзін керемет жұмыс орнында биік белестерден көруге асық.
Жастардың жаңа жұмыс орнына келу уақытында кезіктіретін кейбір қиындықтар мен түсініспеушіліктердің болмауы мүмкін емес. Оған себеп, тәжірибелі мамандардың қалыптасқан тұрақты ережелерінің болуы, жас аралығындағы өзгешеліктер немесе жұмыс мәнін түсінудегі қиындықтар. Осындай қиындықтарға кезіккенде жастардың барлығы бірдей позитивті ұстаным сақтап қалуы өте қиын. Әрбір адамның мінез-құлқына және төзімділік қасиеттеріне сай критиканы қабылдауы өзгешеленеді.
Кейде күрделі жайтты дұрыс қабылдап, анық шешімін табу үшін психологиялық білімнің жетіспеушілігі кедергі келтіріп жатады. Конфликтті ситуациялардың көпшілігінде мәселе істің шешілмеуінде емес, біздің оған психологиялық тұрғыдан әрекет етуіміз. Осы таңда университет студенттері үшін «Басқару психологиясы» пәні өмірінің әрбір секторына берілетін кеңеске толы құнды ақпаратқа айналды. Жұмыстағы ұйымдық коммуникация және гармония тақырыптары жастардың ұстанып жүрген екі саласында да орасан зор көмек көрсетеді. Психологияның теорияларымен таныс адам көптеген жағдайда қалай әрекет етіп, айналасымен қалай қарым-қатынас орнатуды біледі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде магистранттарға Басқару психологиясы пәнін енгізіп, оларды ересек өмірге дайындауы өте керекті және дұрыс қадам деп есептеймін. Қазіргі таңда психологиясыз ешбір салада жетістікке жету мүмкін емес. Шыңға шығудың жолы өте көп, әлбетте, алайда психологиялық аспектілерді ескере отырып қадам жасау арқылы адам өзінің жүйке жүйесі мен позитивін жоғалтпай биікке көтеріле алады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында, Синхронды аударма мамандығында оқи отырып, жұмысымыздың физикалыққа қарағанда психологиялық тұрғыда қаншалықты ауыр екенін түсінеміз. Университет қабырғасында өткен синхронды аударма тәжірибесінің өзі тұлғаның жүйкесіне ауыр тиеді, бірқатар салаларды алып жүрген студентке бұл тигізер әсері тіпті зор болуы мүмкін. Топтағы өзге студенттермен, профессорлармен және университет қызметкерлерімен жақсы байланыс орнатуда пәннен алған біліміміз толықтай көмектеседі.
Басқару психологиясы пәнінде қозғалған тақырыптар өмірлік білімге айналып жатыр деп толықтай айта аламын. Студенттердің тек өз пәнін меңгеруден бөлек, осындай психология не өзіндік қасиеттерін дамытатын ұқсас пәндерді оқуы олардың болашақ отбасылық және кәсіби өміріне орасан зор үлесін тигізеді.
Қазіргі басқару психологиясы – қолданбалы психология салаларының арасындағы тез дамып келе жатқан жас түрі. Басқару психологиясын сипаттауға арналған теориялық құрылымдар жүйесі, бастапқы принциптер, көқарастар және тәсілдер біздің курс бойына оқытылып келеді. Басқару психологиясы – психологияның әр түрлі салаларынан алынған ақпарат жиынтығы, ол адамға психологиялық заңдылықтарды, атап айтқанда, басқару мәселелерін шешуді оңтайландыруға ықпал етеді. Бұл пәнді оқу және нақты практикалық қолдану үлкен сұраныс қалыптастыруда.
Пәннен алынған ақпарат жиынтығы күнделікті өмірде және келешектер керек боларына сеніміміз мол. Магистранттар жасында әріптестермен және менеджерлермен ара-қатынас туралы білу пайдалы әрі құнды ақпарат болып саналады. Университет сабақтарын қызықтыра түскен бұл пәнге, оқытушыға және ұйымдастырушыларға алғысымыз зор.
Жубаназарова Н.С.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Адилова Э.Т. PHD доктор, аға оқытушы
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718