Алғыс айту күні

Қазақстандықтар көктемнің алғашқы күнін «рахмет» сөзімен қарсы алады. 1 наурыздан бастап жас, бірақ өте терең мағыналы мереке – Алғыс айту күні тойланады.

Алғыс айту күні –Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында қиын-қыстау кезеңді аз ғана уақыт ішінде еңсерген әрбір ел азаматының бір-біріне құрмет көрсету күні деп жариялаған болатын.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні. Қазақстан халқы Алғыс айту күнін 2016 жылы алғаш рет атап өтті. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 14 қаңтарын Қазақстан халықтары Ассамблеясының күні, 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялады.

Халқы мақтан тұтатын көпұлтты Қазақстанның ұлы шаңырағы – бірнеше көші-қон толқынының жемісі. Столыпиндік реформалар кезінде елге тұтас этностар жер аударылды. Олардың өкілдерін вагондардан дәл жалаңаш далада түсіріп, өздері қиын жағдайға тап болған қазақ отбасылары оларды үйлеріне алып кетті.

Бұл мерекенің мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген сыйластық пен достық сезімін ояту, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту. Қазіргі әлемде жаһандану шекараларды жояды, біздің планетамыздағы көптеген адамдар мигранттар болып саналады. Сондықтан, қазіргі ғасырда халықтар үшін басты сынақ – жанашырлық пен бейжай қалмау сынағы болмақ.

Мерекелік күнге орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің 1 курс магистранттарының бастамасымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асыру мақсатында Алғыс айту күніне дөңгелек үстел өткізілді.

«Құрт-қайырымы мол асыл тас» атты бейнеролик көрсетілді. Күштеп жер аударылған өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқының көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдігі, қолда барымен бөлісіп, көмек көрсеткендігі көрермен жұрттың жүрегін елжіретті.

Ары қарай магистранттар Аллаға, Отанға, ата-анаға, ұстазға деген алғыстарын әнмен жеткізді.

Алғыс айту күніне орай өткізілген дөңгелек үстел мақсаты жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямауды, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтудың маңызын түсіндіргендей. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратындығы, өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге  және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айту керектігімізді жеткізді.

Алғыс айту күні үлкен маңызды жүктемені көтеретін пайдалы мереке деп атауға болады. Ол Қазақстан халқын біріктіреді. Достық, өзара көмек құндылықтары мәңгілік және оны ел тұрғындары ортақ етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Профессор м.а. Қозғамбаева Г.Б.

Тарих факультетінің 1 курс магистранты Мейрамбекқызы Н.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *