Назерке, жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

Қазақ боксы әлемдік аренада жоғары беделге ие. Қайсар мінезді қазақтың қыз-жігіттері шаршы алаңда өздерінің шеберлігі жоғары, шоқтығы биік екенін мойындатып келеді. Қазақстанда жастардың бұл спорт түріне қызығушылығы жоғары деп нық сеніммен айта аламыз. Мұндай өскіндердің қарасы бізде де қалың. Оған дәлел,Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,Шелек ауылы, Шелек политехникалық колледжінің 1 курс 118 топ «Есептеу техникасы және ақппараттық желілер» мамандығының студенті Білісбекова Назерке,бокстан 2005-2006 ж.т.жастар(қыздар)арасында Алматы облысының чемпионатында 1орынға ие болды.

Бапкері: Нұрхалыков Ержан Қазақстан Республикасының жоғары ұлттық дәрежедегі төреші. Бокстан спорт шебері, Еңбекшіқазақ ауданының қыздар арасындағы аға-жаттықтырушысы.

Шаршы алаңда намысты қолдан бермейтін қазалылық жастардың қайсар мінезіне талайлар таңдай қағып келеді. Олар өзінің алдыңғы буын ағаларын, елдегі күрзі жұдырықты батырларын үлгі тұтады, мақтан етеді.

Талай бокс майталмандарын шыңдаған бөлімше тарихы тереңде.

Ел ішінде бокспен айналысатын ер азаматтар жетерлік. Олардың қатарында нәзік жандылар да аз емес.Біздің колледжде тек қана мамандық алып шығу емес,сонымен қатар студенттер өздерін әртүрлі шығармашылық және спорттық саласында көрсете біледі. Спорт саласында ер азаматтар қатарында бізде нәзік жанды спортшыларымыз да бар. Нақтыласақ, 1 курс 118 топ студенті, Білісбекова Назерке, студентіміздің мақсаты – әлемдік додаларда топ жару. Ол өмірін спортсыз елестете алмайтынын айтады. Алаңға шыққанда қызу қандылықтан гөрі аса шыдамдылықпен ұтқыр болуды жөн санайды. «Қазақ қыздары қай кезде де сұлулық пен қайсарлықтың символы бола білген. Батыр әпкелерінің ізін жалғастыратын жұдырықты нәзік жанды Назерке,  болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы».

Шаршы алаңның шаңын шығарып жүрген біздің боксшылардың алар асуы әлі алда. Түрлі додаларда топ жарып, ел еңсесін көтеретін чемпиондардың шығуына біз де тілекшіміз. Білісбекова Назерке Куратор: Жиренова Айгуль Барибаевна,ө/о шебері Саутов Рефат Пайзулламович.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *