Анау — аспан, мынау — бақ

Анау — аспан, мынау — бақ

Анау — аспан, мынау — бақ,
Аспанда бұлт, бақ жадау.
Мамық ұшты, қылаулап,
Қыс та келіп қалған-ау.
Аспан, жердің арасын.
Дәрігер-қыс алуда.
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда.
Таңдырып ап мандайын
Тағы көйлек сұрап жүр.
Бақты кезіп, тал-қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.
Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
…Қыс — тазалық, қыс — аппақ,
Әрі өкініш, әрі өлең…
Мұқағали Мақатаев

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *