Алаула, шындық — ақ жалын

Алаула, шындық — ақ жалын

Санамда мәңгі бекінген,
Ғаламға шындық білдірген,
«Правда» сенің бетіңнен,
Арымды танып білдім мен,
Жанымды көріп тұрмын мен.
Лениндік әділ шындықты,
Әлемге ту қып көтерген.
Таңдантып мына құрлықты,
Көтеріп сені өтем мен,
Адамдар жүрген мекенмен.
Әманда саған бас ұрып,
Арызымды айтам асығып.
Шешіліп айтам ашылып,
Шаттығымды айтам тасынып
Әйтеуір қолмен жасырып.
Сақтанар сәтсіз кезімнен,
Әділ сын табам өзіңнен,
Өзіңдей мен де төзінбен,
Қателіктерге көз ілген.
Жоямын оны кезінде
Ісіммен, әрі сөзіммен!
Алпысқа толған, ардағым,
Ожданым, арым, арманым!
Алпыс мың ғасыр самғағын
Лаулағын, шындық лаулағын!
Алаула, шындық — ақ жалын
Мұқағали Мақатаев

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *