Диас Дүйсенұлы: Табыс – бұл маңдай тердің көрсеткіші.

Қайырлы күн, құрметті көрермендер !

Сіздермен мен, Ақбаян Шоқанқызы және бүгін бізде қонақта маркетинг саласы арқылы он бес жасында бір миллион табысқа жеткен, жас кәсіпкер Диас Дүйсен.

Жасөспірім кезінізден бастап, маркетинг саласына қызығушылығыныздың ашылуына не түрткі болды ?

– Он бес жасымнан бастап официант болып жұмыс жасадым. Жұмысым ауыр, ал табысым аз болды. Сол үшін маркетинг саласымен айналыса бастадым. Табыс – бұл маңдай тердің көрсеткіші.

Он бес жаста бір миллион табысқа жету, жүз адамның ішінде бір адамға берілетін джекпот секілді ме ?

– Әрине жоқ. Менің ойымша адам еңбек етіп, алдына мақсат қойса, ол қалаған дүнеге жетеді. Ең бастысы алған беттен тайынбау.

Баласы жетістікке жетсе ата-анасы бірінші болып қуанады, сіздің отбасыңыз бала кезде табыс табуына қалай қарады ?

– Ең бастысы сөйлесе білі керек деп ойлаймын. Әр ата-ана баласы қолдауға асық болады. Менің ата-анамның көзқарасы жақсы болды.

Қазіргі таңда маркетинг саласын оқып жатқан адам саны көп, саны көп, ал сапасы жоқ деп ойламайсыз ба ?

– Иә, қазір оқып жатқандар өте көп. Ең бастысы, білімді дұрыс алу және тәжірибе. Менің қазір бұл саланы оқытатын мектебім бар. Ол жерде біз оқушыларға келіссөздеді дұрыс жүргізуді, сатып алушыны қызықтыруды, жобаны дұрыс жасауды үйретеміз. Қазақстанда маркетинг саласын дамытқымыз келеді.

Маркетинг саласы арқылы қандай жетістікке жеттіңіз ?

– Көптеген жобаларды сәтті аяқтадым. Мен қазір дұрыс табыс табудың жолдарын білемін. Алғашында бір миллион табыс тапсам, қазір он миллионға жуық табыс табамын.

Өзіңіз сияқты жасөспірімдерге қандай кеңес бере аласыз ?

– Әрқаша алға ұмтылыңыз, жеңіл жолды ізмеңіз. Армадаңыз, сол арманға жетер жолда аянбай еңбек етіңіз.

Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан: Тұран университетінің 4-курс студенті

Атапкелова Ақбаян Шоқанқызы
Жетекшісі:Рушанова Н.Б

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *