Twitter жұмысшылары жаппай жұмыстан босатылуда

Twitter платформаның иесі Илон Маск жұмысшыларға шарт қойды: «жұмыс қарқындылығы жоғары ұзақ жұмыс уақыты» немесе өз еркімен жұмыстан шығару.
Компанияның жаңа иесі қызметкерлер арасында сауалнама жүргізді: 180 адамның 42%-ы «Шығу опциясын таңдаймын, мен боспын!» деген жауапты таңдады. Төрттен бір бөлігі «құлықсыз» қалуды таңдағанын айтты. Сауалнамаға қатысушылардың тек 7%-ы ғана: «Иә, мен ұзақ уақыт жұмыс жасаймын» деген.
Маск кейбір жетекші қызметкерлермен кездесіп, оларды қалуға көндірді. Бұл туралы дереккөзге Twitter желісіндегі әріптестерімен байланыста болатын қазіргі бір қызметкер мен жақында жұмыстан шыққан қызметкер айтты. Дүйсенбіде қарқынды деңгейде жұмыс жасаудар бас тартқан қызметкерлердің рұқсаттамалары бұғатталады.                                       Өз еркімен жұмыстан шыққандардың арасында қателерді түзетуге және қызмет көрсетудің тоқтауын болдырмауға жауапты көптеген инженерлер бар.
Бейсенбі күні кешке жұмысшылар пайдаланатын Twitter қолданбасының нұсқасы баяулай бастады, деп хабарлады мәселемен таныс бір дереккөз. Оның пайымдауынша, Twitter-дің жалпыға қолжетімді нұсқасы жақын арада жойылуы мүмкін.

Читайте также:

комментария 2

  1. Temudjin Zhussupbay:

    Ого😱😱

  2. Dilnur Borkhanova:

    жоқ, твиттер желісі жойылмасын😔

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *