Хагги-вагги бала өмірінде

«Хагги-вагги бала өмірінде»  атты ғылыми жобасы қазіргі уақытта балалардың ойыншық ретінде көп пайдаланатын ойыншықтарының шығу тегін, құрамын зерттеп, оның пайдасы мен зиянын анықтауға арналған.

Заманауи ойыншықтардың бірі «Хаги-ваги» ойыншығының бала психологиясына және тәрбиесіне әсерін анықтай отырып, оларды талғап, сыни тұрғыдан саралай отыра, пайдалы және зиянды жақтарын анықтау. Соған байланысты сыныптастарына, дос-құрбыларына және олардың ата-аналарына кеңес беру. «Хагги-ваггидің» шығу тегіне сипаттама бере  отырып, оның тарихы, түрлері мен құрылымына кеңінен талдау жүргізеді. Ойыншықтың бала өміріне, психикасына  көптеген ақпараттар арқылы  жан-жақты таныстыра отырып, оның көп жағдайда зиянды екенін танытады. Қазіргі заманауи ойыншықтардың түрлерін анықтай отырып, оның бірнеше түріне зерттеу жасаған. Психологпен кеңесе отырып, «Хагги-вагги»  баланың өміріне, психикасына,  назарына әсері туралы тәжірибелер жасаған; Балалар үшін зиянды заттардың болуы мүмкін ойыншықтың балаға әсерін анықтау арқылы оның пайдасынан гөрі зияны көп екендігін анықтап онымен ойнағанда сақтық шараларын ұстануды алдыға қояды.

Оставьте комментарий

Прокрутить вверх