«Географияда графикалық әдістердің қолданылуы» қмж

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Географияны зерттеу тәсілдері
Мектеп: «Р.Мәрсеков атындағы ората мектеп» КММ
Күні Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Нарзангуль Айтбаевна
Сынып Барлығы — Қатысқандар — Қатыспағандар —
Сабақтың тақырыбы: Географияда графикалық әдістердің қолданылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7.1.1.6- географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: диаграмма, профиль, график
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:
Географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің диаграмма, профиль, графиктерін көрсетіп, олардың екшеліктері мен пайдалану аясын айтады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін график, диаграмма, сызба түрінде көрсете отырып салыстырып, дәлелдейді.
Кейбір оқушылар:
Географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін график, диаграмма, сызба түрінде көрсете отырып жетілдіреді.
Бағалау критерийі
Қолдану Географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсетеді.
Тілдік мақсаттар Географиялық тілде тақырыпты ашады. График, сызбаларды толтырып, қорғайды, өз пікірлерін білдіреді.
Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері
Географиялық нысандар, құбылыстар, үдерістер.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Зерттелген географиялық нысан……………
Жауын-шашын мөлшерінің салдары қандай ……………
Осы аймақта жиі болатын құбылыстар………
Талқылауға арналған тармақтар:
Географиялық құбылыстар мен үдерістер
Сіз неліктен географиялық графикалық әдістерді қолдану маңызды екенін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
График, сызбаларды толтыру.
Құндылықтарға баулу Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы — мемлекетіміздің қарқынды, ашық
жəне жауапты ішкі саясатының негізгі ұстанымы.
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану – жаратылыстану ғылымдарына негізделген.
Математика – жауын-шашын мөлшері, жер аумағы.
Алдыңғы білім Географиялық далалық зерттеу әдістерін қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, өңдейді, талдайды
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
4 мин

2мин Психологиялық ахуал. Оқушыларды ынталандыру (сабаққа қатысты мұғалімнің тілек-сөздері)
Жұптық жұмыс. Сұрақ-жауап әдісі. Өткен білімді пысықтау. Географиялық далалық зерттеу әдістері бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
Өзара бағалау (бағдаршам арқылы өтеді)
Ой қозғау әдісі. Жаңа тақырыпты, мақсатты ашу. Диаграмма, сызба, графиктердің суреттеріне назар аударту.
Сұрақ: Балалар суретте не бейнеленген?
Балалар осы сызбалар, графиктер, диаграммалардың манызы неде?

Сабақтың ортасы
7 мин

2 мин

22 мин

Тапсырма №1. Өзіндік жұмыс. «Түртіп алу» әдісі арқылы мәтінмен танысу. Негізгі терминдермен танысады.
Графика – құбылыстардың, үдерістердің сипатын көрсететін сызба, профиль, диаграмма, графика.
Сызба – географиялық нысандардың құбылыстар мен үдерістердің құрамы мен құрылысын олардың құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты шартты белгілер түрінде көрсететін қарапайым сурет.
Профиль – географиялық нысандардың құрылымын белгілеген бағыт бойынша тік тілекте көрсететін сурет.Оның екі осі мен екі масштабы болады.
Диаграмма – мәліметтерді бірнеше шамалардың арақатынасын тез бағалауға мүмкіндік беретін сызықтық кесінділермен немесе геометриялық графикалық көрсету.
График – қисық сызықтардың көмегімен географиялық нысандарды, құбылыстар мен үдерістердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін бейнелейтін диаграмма.
Өзі-өзін бағалау. Бас бармақ әдісі.
«Доп лақтыру»
Оқушыларға доп лақтыру барысында график, диаграмма, сызба, профиль анықтамалары сұралады.
Кері байланыс беріледі.
Тапсырма №2. Топтық жұмыс.
1 топ. 1) Келесі мәтінді қарастырындар.
2) Су ресурстарының көрсеткіштерін графикалық әдіспен рәсімдендер.
3) Осы графикалық әдістің пайдану аясын атандар.
Қазақстан Республикасының су қоры.
Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қазақстанда 85 022 өзен бар, 48 262 көлдері бар. Мұздықтарының саны келесідей:
• Алтай жоталарында 328 мұздық,
• Сауыр жотасында 18 мұздық,
• Жетісу Алатауында 1369 мұздық,
• Тянь-Шань 1009 мұздық бар.
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Жекелеген географиялық нысандардың ерекшеліктерінің көрсеткештері бойынша графикалық сызба жасап, қорғайды. 1. Мәтінді оқып талдайды.
2. Графикалық әдіс түрін таңдайды.
3. Нысандардың көрсеткіштері бойынша графикалық сызба жасайды.
4. Графикалық сызбаны қорғайды, пайдалану аясын айтады.

2 топ. 1) Келесі мәтінді қарастырындар.
2) Жауын -шашын мөлшерін графикалық әдіспен рәсімдендер.
3) Осы графикалық әдістің пайдану аясын атандар.
Жауған жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері.
Жалпы Қазақстан бойынша 2017 жылы түскен жауын-шашынның мөлшері шамамен нормада болды, түскен жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 314 мм. құрады. Ең құрғақ жыл 2008 жылы болды – 266 мм. 2009 жыл мен 2014 жылдың аралығында орташа жауын-шашын мөлшері 300-350 мм құрады, 20015 жылы – 370 мм, 216 жылы 480 мм, 2018 жылы 351 мм болды.
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Жекелеген географиялық құбылыстардың ерекшеліктерінің көрсеткештері бойынша графикалық сызба жасап, қорғайды. 1. Мәтінді оқып талдайды.
2. Графикалық әдіс түрін таңдайды.
3. Құбылыстардың көрсеткіштері бойынша графикалық сызба жасайды.
4. Графикалық сызбаны қорғайды, пайдалану аясын айтады.

3 топ.1) Келесі мәтінді қарастырындар.
2) Жер ресурстарының көрсеткіштерін сызба ретінде рәсімдендер.
3) Осы графикалық әдістің пайдану аясын атандар.
Ұлан ауданы. Жер ресурстары.
• ауыл шаруашылық мақсатындағы жер алқаптары– 589 995 га,
• елді-мекен жері – 76 606 га,
• өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлері – 8584 га,
• ерекше қорғалатын табиғи аймақ жерлері – 91 га,
• орман қоры жерлері – 129 621 га,
• су қоры жерлері — 15 753 га,
босалқы жерлер – 132 942 га.
«Айналым» әдісі. Балалар өзге топ жұмысымен танысып пікір алмасады.

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Жекелеген географиялық нысандардың ерекшеліктерінің көрсеткештері бойынша графикалық сызба жасап, қорғайды. 1. Мәтінді оқып талдайды.
2. Графикалық әдіс түрін таңдайды.
3. Нысандардың көрсеткіштері бойынша графикалық сызба жасайды.
4. Графикалық сызбаны қорғайды, пайдалану аясын айтады.

Өзара бағалау. «Ұсыныс жасау» әдісі.

Оқушылардың басым бөлігіне: Графиктерді салыстырып көріндер. Осы жұмыстардың айырмашылығы неде?
Кейбір оқушыларға: Осы графиктерді қандай көрсеткіштермен толықтырар едін?

Оқулык 7 сынып Р.Қаратабанов, Ж.БайметоваАлматы баспасы
2019 ж.
59-65 бет

Танысты-
рылым

https://kk.wikipedia.org/wiki

https://stat.gov.kz/ecologic/atmospheric_precipitation

https://invest.e-vko.kz/kz/menu/o-regione/rajonyi-vko/vostochno-kazaxstanskaya-oblast/ulanskij-rajon.html
Сабақтың соңы
3 минут
Кері байланыс «SMS» жазу.
Мен үшін бүгін құнды болды, себебі .
Келесі сабақта болса (талдасақ) екен.

Үй жұмысы: Қосымша дереккөздерін пайдаланып, Қазақстан тауларының биіктік көрсеткіштері (немесе теңіз бен көлдердің тереңдігі) бойынша графикалық әдісті орында.

Қосымша ақпарат
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Тапсырма- —
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Саралау қосымша сұрақтар қою, түрлі ресурстар беру, деңгейлі үй жұмысын беру арқылы өтеді. Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?
Өзін- өзі, өзара бағалау, кері байланыс беру арқылы жүзеге асады. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Читайте также:

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.