«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз позицияңды дәлелдеп жаз.

Жемқорлық – індет

Аластау – міндет

(М.Әлімбаев)

Сыбайлас жемқорлық – тек біздің елімімізді ғана емес, бүкіл әлемге кедергі болып отырған індет қой. «Халқымыз – ұрлық түбі қорлық» деп ертерек айтып кетсе  де,  «қазанның  ауызыннан  қақпақ  кетті»  де  жемқорлардан  ұят  мүлдем жоғалды.

Басқа  елдерді  алмай-ақ  қоялық  еліміздегі  жемқорлық  экономикамыздың дамуына  қатты  тұсау  болып  отырғаны  жасырын  емес.  Қызылорда  облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Былтырғы  көктем  айларында  Ысқақовтың  «Алаяқтық»  бабы  бойынша  күдікке ілінгені хабарланған еді. Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, оның екі орынбасары әрқайсысы — 6 жылға, қылмыстық іс аясында айып тағылған тағы екі кәсіпкердің әрқайсысы  5  жылға  сотталған.  Оларға  түрме  жазасы  берілген.  («Азаттық» сайтынан»).Балық басынан шіріп жатса, қалғандарынан не жорық? Ет сасыса тұз себеміз-ау,  ал  тұз  сасыса  не  себеміз?  Алдымызға  салып,  аға  тұтып  жұрген ақсақалсымақтарымыз  осылай  жасап  жатса,  жастарға  кім  ақылын  айтып  жөн сілтейді?

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп,  беделіне  нұқсан  келтіреді,  заңды  қағидаларды  теріске  шығарып, азаматтардың  конституциялық  құқықтары  мен  заңды  мүдделерінің  бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңына  сәйкес,  сыбайлас  жемқорлықпен  күресті  барлық  мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Ең қатал жаза  қазіргі  Қытай  елінде  қолданылады.  1980  жылдардың  басында  қатаң экономикалық қылмыс жасағандар үшін Қытай қылмыстық кодексінде «ату бабы» күрт  көбейді.  Қазір  Қытайда  сыбайлас жемқорлық  үшін  өмірлік  сотталу  немесе  өлім  жазасын  алуға  болады  («Алаш айнасы» басылымынан).

Мемлекеттік  органдардардың  ұжымдардың,  жергілікті  өзін-өзі  басқару органдарының  басшылары  өз  өкілеттігі  шегінде  кадр,  бақылау,  заңгерлік  және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Заң қатал болса, ұры да аяғын тартады, ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім деген екен бір қасқыр. Сол адам мен мал тағыларының аяғын тартқызар заң керек-ақ боп тұр Сенат пен Парламенттегі көкелелерімізге.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.