Алтаева Жания Жарасқызы
Е.Әбікеннің “Пәтер іздеп жүрміз” әңгімесіндегі жағдай қаншалықты қоғамда кездеседі?
Қазіргі заманда бәрі айтарлықтай дамып, халықтың жағдайы едәуір жақсарған. Дегенмен, жалпақ тілмен халық деу қате болар, барлығының жағдайы бірдей емес. Әркімнің әл-ауқаты әртүрлі.
Е.Әбікеннің “Пәтер іздеп жүрміз” шығармасындағы негіз етіп қозғалған тақырып та қазіргі заманға бөтен емес екені анық. Аталмыш туындыда жас отбасының көрінгеннің есігінің көлеңкесінде қалып қойып жатқаны айқын суреттелген. Расымен де, бұл жағдай тек осы шығарма төңірегінде құрастырылған әдеби ертегі емес. Бұндай жас шаңырақтар баршылық. Қалталы азаматтар да жоқ емес! Дегенмен, әр отбасының өз себептері болады. Бұл ахуалға ие болып, я болмау әрине, адамның еткен еңбегінің жемісі нәтижесінде келеді.
Міндет пәтер іздеуде емес, сол баспанаға қол жеткізу үшін аянбай еңбек етуде екендігін естен шығармаған жөн! Сонда да, ата-бабамыз ерен еңбекпен тегін алып берген тәуелсіз кең-байтақ даламыздан еліміздің азаматтарына бір пана етер шатыр табылмағандығы жанға батады. Қазіргі уақытта күннен күнге мәдениеттің дамып, бәрінің еңбекпен ғана алынатын заманы болғандықтан, ізденіс болуы тиіс. Шынымен де бәрі тегін, оңай жолмен келетін болса заман не болмақ!? Адамдар жатыпішер болып, еңбектен мүлде алыстап кетер ме еді?! Қазір үйсіз жүргендердің жағдайына да басты себеп осы- жалқаулық болса керек.Әркім өз еңбегінің жемісін көреді. Сондықтан да, бәрін ақылмен шешіп, көп әрекет жасаған абзал!
Алтаева Жания, 110 мектеп-гимназиясы, 11 сынып
Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718