Жәндіктер

Жаңартылған білім беру саласы бойынша оқу қызметінің жоспары

Долданова Альфия 

Білім беру саласы: Таным

Оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жәндіктер»

ҰОҚ мақсаты: Жәндіктерді атайды, олар туралы қарапайым түсініктерге ие.

Ресурстар:Фетр материалынан арнайы дайындалған дамытушы ойын, мерседес шеңбері, жәндіктердің суреттері,желім,түрлі-түсті таяқшалар, интербелсенді тақта.

 Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, шаттық шеңбері, топтастыру,спикер тағайындау,сергіту сәті, әңгіме құрау,  үш ойын түрі,бақылау, кері байланыс, сұрақжауап,қорытындылау,мадақтау.

                                                Шаттық шеңбері

–  Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

 

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!  Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

 

Жыл мезгілдері,  мезгілдердің, айларының атауы,жыл мезгілдерінің ерекше ліктері, өтпелі тақырып және өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауаптар.

Топпен, командамен жұмыс жасату мақсатында саралап оқытудың топқа бөлу  стратегиясын қолданып балаларды топтастырып отырғызу және әр топқа спикер тағайындау.

 

Қай топ жылдам?

 

1.топ                                    

Педагогтың жетекшілігімен ойын:

Тақырыбы: «Жәндіктер әлемі»

SMART мақсат: Жәндіктерді  түрлі-түсті қағаздан  жасап жабыстырады

Ойын шарты: Балалар  жеке-жеке түрлі-түсті қағаздардан арнайы қиылып дайындалған  жәндіктерді дұрыс орналастырып жабыстырады және сол жасаған жәндіктерін топтастырып жәндіктер әлемін құрайды.(SMART мақсат, 4К командаман жұмыс, коммуникативті даму,сыни ойлау, бала үні,саралап оқытудың  топқа бөлу стратегиясы, ресурсты және жылдамдық, қарқын, уақыт стратегиялары, қызығушылық мүдде, 80/20қағидасы, педагогтың жетекшілігімен ойын)

2.топ

Құрылымдалған ойын:

Тақырыбы: «Ұшатын және ұша алмайтын жәндіктер»

SMART мақсат:Ұшатын және ұша алмайтын жәндіктерді бір-бірінен ажыратады.

Ойын шарты: Мерседес шеңберінің бір бөлігіне ұшатын,екінші бөлігіне ұша алмайтын жәндіктерді орналастырады (SMART мақсат,4К, командаман жұмыс, коммуникативті даму,сыни ойлау, бала үні, саралап оқытудың  топқа бөлу, ресурсты және жылдамдық, қарқын, уақыт стратегиялары, қызығушылық мүдде, 80/20қағидасы, құрылымдалған ойын)

3.топ

Еркін ойын:

Тақырыбы: «Түрлі-түсті көбелектер»

 SMART мақсат:Көбелектерді санап, түстерін атайды.

Ойын шарты:Арнайы фетр материалдарынан дайындалған көбелектерді түстеріне сәйкес гүлерге жабыстырады және гүлдер мен көбелектерді санап, түстерін атайды.(SMART мақсат, 4К, командаман жұмыс, коммуникативті даму,бала үні, саралап оқытудың  топқа бөлу, ресурсты және жылдамдық, қарқын, уақыт стратегиялары, қызығушылық мүдде, 80/20қағидасы ,еркін ойын)

Әр топ спикерлері  дексо тәсілі бойынша топпен бірлесе отырып жасаған жұмыстарын келесі топқа барып  көрсетіп айтып береді. (80/20қағидасы)

Тапсырмаларын орындау барысында балаларға бақылау әдісінің жаппай бақылау түрін негізге ала отырып,бақылау формасына балалардың  білім деңгейлерін белгілеу және қажеттіліктеріне қарай жеке жұмыс жасап көмек беру.

 

 Сергіту сәті:

Бейнебаяндағы жәндіктермен бірлесіп, әуен ырғағымен қимылды жаттығулар жасап сергиді.

Құрылымдалған ойын:

Тақырыбы: «Жәндіктерге тіршілік ететін орнын табуға көмектес»

SMART мақсат:Жәндіктерге тіршілік ететін орнын табуға көмектеседі.

Ойын шарты: Интербелсенді тақтаны пайдаланып араласқан жәндіктердің мекен ететін жеріне байланысты орнын тауып орналастырады.  (SMART мақсат, 4К, командаман жұмыс, коммуникативті даму, сыни ойлау, бала үні, ресурсты және жылдамдық, қарқын, уақыт стратегиялары, қызығушылық мүдде, 80/20қағидасы, құрылымдалған ойын)

Қорытынды: Әйткеншек әдісі бойынша және кері байланыс жасап, сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.Балаларды  мақтап, мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *