Жаңашылдық пен шығармашылық- заман талабы

Қаласы:  Ақтөбе                                                                                                                       Мектебі: #60 жалпы білім беретін мектеп                                                                                   Аты-жөні:Кулынтаева Калка Мухамбетжановна

 

                Жаңашылдық пен шығармашылық- заман талабы

 

       Бүгінгі таңдағы талап — білім беру мазмұнын жаңартудың тиімділігін түсініп,  пәнінің оқытылу жайын жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырып, заман талабына сай жұмыс жасау — әр ұстаздың алдындағы ұлы міндет.Тіл жанашыры ретінде ана тіліміз — қазақ тілі бай тіл, түркі тілдерінің ішіндегі ең әуездісі ғана емес, сөздік қоры, мағыналығы жағынан да ерекшесі екендігін оқушы сана-сезіміне сіңіріп қана қоймай, оның қыр-сырына қанық болуы  да тікелей ұстазға байланысты. Себебі, бүгінгі жаңашыл білімнің даму барысын айқындайтын ұлттық қасиеттерімізді зердесіне тіл, тек тіл арқылы ғана сіңіре аламыз. «Сабақ беру — үйреншікті іс емес, ол үнемі жаңадан — жаңаны табатын өнер» — деп, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, сабақты өнер деп тұжырымдау бекер емес. Әрбір баланың жүрегіне жол тауып, ерте дамып, білімді терең меңгеруі үшін рөльге бар жан-тәніңмен еніп кетесің. Осындай шеберлікті шынайы түрде тәжірибемізде қолдана отырып, сабақ барысында оқушылар назарын шығармашылық арнаға бұрып, түрлі тапсырма беріп, оны тиянақты орындату барысында түрлі жетістіктерге қол жеткізіп келемін.

Оқушыға қазақ тілінің қыр-сырын терең меңгертіп, жеке тұлғаның рухани әлемін байыту, оқушының ойлау қабілеті мен көзқарасын, өзіндік ой-пікірін қалыптастыруға әбден болады Нәтижесінде, өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, білім нәрімен сусындаған, жан-жақты,  құзырлы, тегеуіріні мықты тұлға қалыптасатыны сөзсіз. Ол үшін баланың ерте кезден бастап қабілетін танып, дарындылығын ашып, сол бағытқа тәрбиелей бастасақ, жемісін көре аламыз.

Бүгінгі білім берудің басты бағыты — оқушылардың көбiнe бeрiлгeн тaпcырмaлaрды өздiгiнeн игeрiп, мұғaлiм тeк бaғытын қaдaғaлaп отырады.  Мұндай сабақ өз дәрежесінде өтеді , сeбeбi оқушының бiр-бiрiн жeтe тaнуына, eркiн aрaлacуынa, өзaрa ceнiмдiлiктiң ұялaуынa жaғдaй жacалады. Cыныптa ынтымaқтacтық aхуaл туғызу үшiн ceргiту cәттeрiн, трeнингтeрдi қолдaнуы, бiрiн — бiрi критeриaлды бaғaлaуы оқушылардың қызығушылығын туғызып қана қоймай, білім сапасын көтерудің алғашқы қадамдарының бірі және бірегейі болмақ.

Заман талабы ұстаздан өмір талабына сай ізденуді, оқушының күшті және әлсіз тұстарын дәл анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беруді талап етеді. Білімнің мазмұнды да мағыналы берілуі – мұғалімнің оқыту үрдісіне байланысты. Білім берудің тиімді жолын таңдап, шығармашылықпен оқушылардың заманауи сұранысына сәйкес оқытудың әдістерін өзгертіп отыру – заман талабынан туындайды. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған мақсаттардың бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы білім беру жолдарын меңгеру, бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттап, ал оқытуды тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу екені баршамызға мәлім. Демек, оқушы білімді мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің тәжірибесіне сүйену арқылы «танымдық» жаңалық ашуы, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер шығаруы болып табылады. Осы тапсырмалардың нәтижесінде оқушының көзқарасы өзгеріп, дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі қалыптасады. Дегенмен оқушылардың ойлау қабілеттері бірдей емес. Сондықтан бұл әдетте мұғалімнің шеберлігі, өмірден жинаған тәжірибесі, педагогикалық-психологиялық әрекеттермен ұштасуы қажет. Бұл мұғалімдердің әр уақытта ізденіс үстінде болуы керектігін қажет етеді.

Белгілі педагог К.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана — нағыз мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтасымен мұғалімдігі жойылады» — дегеніндей, біздер, мұғалімдер қазіргі таңдағы білім берудің негізгі талаптарының бір  — білімімізді үздіксіз жетілдіріп отыруымыз қажет. Сонда ғана заман талабына сай білім негіздерін терең меңгерген, жоғары мәдениетті, шығармашыл, тегеуіріні мықты тұлға тәрбиелеп шығару жұмысымыз оңды нәтиже береді.

Қазіргі білім берудің негізгі бағыты — тұлға  болғандықтын,  сабақ барысында мақсатқа жету – оқушының өзінің іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт-бағдар беруші. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда  жүргізілетін жұмыс та оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады. Оқушыға көркем туындыны оқытуда өз тәжірибелерімізге сүйене отырып, ең тиімді әдіс «Ой қозғау», «Блум таксаномиясы», «ЖИГСО», «Эссе жазу»т.б. дер едік, себебі оқушыларды зерттей отырып, олардың сабаққа деген қызығушылығының қандай дәрежеде екендігін байқаймыз, ой саламыз, ойлануға  мүмкіндік береміз, ауызша және жазбаша белсенді сөздік қорын дамытамыз. Демек, білім көкжиегін жас ұрпақтың зердесіне  сіңіре отырып, оны жүрегіне жастайынан ұялату — білімнің маңызды баспалдақтары болмақ.

Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан — жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамытуымыз  қажет. Әр ұстаз oқу -тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, жаңа бағдарлама  мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында oқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, биік нәтижеге жетері сөзсіз. Шығыс даналығының: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады. Ал өзім істесем, үйреніп аламын» — дегеніндей, қазіргі білім берудің негізгі бағытын тұлғаға бағыттағау қағидасын ұстанған мұғалімдер ғана бүгінгі күннің талабына тoлық жауап бере алады. Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі-ел болашағы үшін ерінбей еңбек ете берейік!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *