Мата таңдау

Досаева Салтанат Уразқызы

Атырау қаласы, Жұмыскер поселкесі, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп

8 705 891 66 98

7 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Мата таңдау.

Сабақтың мақсаты: -оқушыларға жалпы мата түрлері және олардың дайындалуы туралы білім беру,

— оқушылардың мата таңдау туралы түсініктерін дамыту,

— оқушыларды шеберлікке баулу, үнемділікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: — түсіндіру, сұрақ – жауап, пікір алмасу.

Сабақтың түрі: — жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: — бейнелеу өнері, дүниетану, қазақ әдебиеті.

Көрнекілігі: «маталар түрлері» — буклет

— сауалнама сұрақтары, қолөнер бұйымдарының альбомдары.

Керекті құралдар: — мата қиықтары, қайшы, желім, сызғыш, бор, А4 қағаз.

Сабақтың жүру барысы: I Ұйымдастыру бөлімі.

     II Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Суретпен жұмыс – топтық.
  2. Сауалнама сұрақтары беріледі.

1) Қамзолды қандай түсті матадан тігеді?

а) әртүрлі,         ә)біртүсті        б)ала түсті

2) Әйелдердің қамзолы қандай болып келеді?

а) жеңді, жеңсіз           ә) қысқа, жеңді, иықтан түсіңкі                  б) екеуінің бірлігі

3) Иық бұйымдарына жатады:

а) көйлек, қамзол, тоң, жейде, костюм, халат, шапан

ә) қамзол, жейде, шапан, бас киімдер

б) белдемше, қамзол, шалбар

4) «Кимешек» қандай киім?

а) тақияның бір түрі               ә) басқа ұлттарға тән                       б) қазақ әйелдерінің бас киімі

5) Қамзолды бізден басқа қандай ұлттар киеді?

а) түрік тілдес ұлттар             ә) орыс халықтары мен түрік тілдес ұлттар

б) екі жауап та дұрыс емес

6) Тігілген бұйымның уақытша иесі:

а) манекен                    ә) тапсырма алушы              б) тапсырма иесі

7) Бүрмелі көйлектің сыртынан киілетін киімнің түрі:

а) кәжекей                    ә) қамзол                    б) бешпет                   в) жейде

III Жаңа сабақ бөлімі

  1. Қазақша мата аттары
  2. Маталардың жіктелуі
  3. Матаның пайдалы қасиеті
  4. Матаның сәндік қасиеті
  5. Қоспа маталар
  6. Синтетикалық маталар
  7. Қолдануына қарай матаға сипаттама беру

— Жаңа сабақ бастамас бұрын, оқушылар, мен сендерге жұмбақ жасырамын:

Көп жуса тез қысқарам

Қажетімді білер ұстаған

Бүктелсем де сан рет

Үтіктелсем жақсарам (мата)

Сәндік киім тігетін                                      Сондықтан да аналар

Қалың түкті матамын                                  Қызына қояр атымды

Ұлттық киім нышаны                                 Атауымды кім табар

Қасиетті затқа жатамын                              Айта ғой, оқушы атымды (мақпал)

— Міне, оқушылар, жаңа сабақтың тақырыбы: Мата таңдау.

Біздің халқымыз зейін – зерделігімен асылды бөзбен ажырата отырып, әр матаның тұрмыс – тіршілігіміздегі қолдану орны мен қадір – қасиетінің бағасын біле білген, лайық ат берген. Қазақша мата атауларын ұсынамын:

Шағи – жұқа келген, жұмсақ және таза мата.

Саң – шыттан қалыңдау, ақ түсті мата.

Сәрпеңке – астарлық жібек мата.

Тібен – түрлі-түсті қалың мата.

Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.

Биқасап – енсіз жібектен тоқылған жолақ мата.

Бояқ – кездеменің боялған түрі.

Боян – боялған бөздің бір түрі.

Дүрия – жылтырауық тығыз жібек мата.

Баршын – жолақты жібек мата.

Қамқа – алтындатқын не күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.

Қатипа – жолы-жолы бар, жұқа жібек мата.

Манат – барқыт тәрізді сырт киімдік бағалы шұға.

Насар – жібек кездеме.

Парша – алтын не күмісті араластыра отырып, тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата.

 

 

 

 

 

 

— Төсектік маталар               — Асхана бұйымдарына    — Джерси                                  — Жібек сатин

— Поплин                                арналған маталар              — Панама тектес маталар        — Креп жоржет

— Гипюр                                  — Сәндік маталар              — Шырша матасы                     — Шифон

— Ши барқыттар                     — Өңделген маталар        — Кашемир                                — Парча

 

Кез келген бұйымды тігер алдында оған қажетті мата таңдай білу керек.

 

 

 

 

 

 

Пайдалы қасиеті деп отырғанымыз мата талшығының құрамы: денсаулыққа пайдасы, ауа мен ылғал өткізгіштігі, тез жуылуы, кебуі, қыртыстанбауы.

Сәндік қасиеттері : — таңдаған матаның түсі, сапасы, тігістің әдемі түсуі, қатпарлардың дұрыс жатуы, созылмауы, түтілмеуі, көп қыртыстанбауы.

Қоспа маталар: жылтырлау, тайғақ, тез сетінемейді, тез қыртыстанады.

Синтетикалық маталар:  жылу сақтағыш, ылғал өткізгіштік қасиеттері жоғары.

 

 

 

 

 

 

— іш киімге                                                                                          — сәтен            — майя

— төсек орынға                                                                                     — бөз               — маркизат

— асханаларға                                                                                      — шотланд

— сүлгіге                                                                                               — бомази         — фланель

— сулыққа арналған маталар жатады

Матаның табиғи сипаты:  

— Қазақ халқының сәндік өнерінің басты бояудың түрі – көк түс. Шоқан Уәлихановтың айтуынша бұл түстің заттық маңызы бар:

— қызыл – оттың, күннің, рәміздің белгісі,

— қара – жердің түсі, берекенің белгісі,

— ақ түс – қасиетті түс, хабардың, тазалықтың белгісі,

— сары түс – негізінен ақыл – парасаттың белгісі,

— жасыл түс – жастық пен көктемнің белгісі.

 

 

 

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында сөзжұмбақ беріледі: «Мата»

 

 

 

 

 

 

  1. Жіппен тоқылатын түкті бұйым (кілем)
  2. Жүннен басылатын төсеніш (сырмақ)
  3. Түрлі – түсті жіптен тігілетін қолөнер түрі (кесте)
  4. Мата қиындыларынан тігілетін өнер түрі (құрақ құрау)

 

 

Жаңа сабақты бекіту және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында оқушылармен ойын – жарыс өткізілді: сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді.

      Сайыс: «Шешендік сөз» — мақал-мәтел сайысы, мақалдың жалғасын табу:

1-топқа 1. Өнер таусылмас қазына, (жұтамас байлық)

  1. Ағаш көркі – жапырақ, (адам көркі – шүберек)
  2. Жеті рет өлшеп, (бір рет кес)
  3. Көз қорқақ, (қол батыр)
  4. Өнер іздеген өсер, (өсек іздеген өшер)

2-топқа: 1. Еңбек еткен (мұратқа жетер)

  1. Кен асылы жерде (сөз асылы елде)
  2. Өзіңде барға мас болма, (өнері барға қас болма)
  3. Сабыр мен еңбек (бәрін жеңбек)
  4. Өнерді үйрен (өнерсізден жирен)

Сергіту сәті: «Тіл өнері» — бұл сайыста орыс тілі пәнінен білім дәрежесә қандай екендіктерін көрсетеді. Әрбір аударма 10 ұпай.

1- топқа 1. Киім киюге жатпайды, киімді кірден сақтайды (алжапқыш-фартук)

  1. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді (тігін машинасы – швейная машина)
  2. Шебердің қолы қандай? (алтын – золото)
  3. Тұмсығы мықты, қырымен ойды тегістеп шықты (үтік – утюг)

2-топқа  1. Бар екен бір жеңешем қап-қара тас         Халықтың бәрін тегіс киіндіріп

Жемейді, ішпейді де болмайды мас.       Дүниеден өткен өзі жап-жалаңаш.

                                                           (іс машинасы – швейная машина)

  1. Көрмедім еш үйіңді Жазып қыртыс-тыртысын

Қолданбас бұл бұйымды              Қонымды етер киімді    (үтік – утюг)

  1. Екі жағы «н» болса Екі жағы «А» болса

Қасиетті тағаммын                             Ел қадірлер адаммын      (нан – хлеб, ана – мать)

  1. Құрамында міндетті түрде қызылша болатын салат (винегрет)

Сарамандық жұмыс: «Маталарды топтау» — әртүрлі мата қиындыларын сапасына, түрлеріне қарай топтау.

  1. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру
  2. Керекті құрал – жабдықтар түгелденеді
  3. Нұсқау карта ұсынылады

 

Жұмыстың орындалу реті Қажетті заттар
Материал дайындау Мата қиындылары
Маталардан үлгілер дайындау Қайшы, үлгі
Матаны қырқып дайындау Қайшы, бор, үлгі
Матаны өлшеп қиып алу Сызғыш, қарындаш, қайшы
Қиылған мата қиықтарын ретімен қағазға орналастыру Қағаз, А4
Маталар қиықтарын жабыстыру Қағаз, желім

 

Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтап келу

Бағалау: Жасаған жұмыстарына қарай баға беру

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.