Жалған Пайғамбарлар.

                                                                               

                                                                      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Исламтану»                                                                                 мамандығының 4-курс студенттері:

                                                                                   Аманбай Жібек ,Болат Айжан.

 Мақала жетекшісі:Абдуллаев Нұржан.

                                     

 Жалған  Пайғамбарлар

          Аса рақымды,ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! 

  Құрметті мұсылман бауырлар және қадірменді жамағат!Қазіргі таңда елімізде дін мәселелеріне  байланысты бірнеше оқиғалар көрініс табуда. Солардың ішінде ең өзекті және ең таңдаулы жәттардың  бірі -жалған Пайғамбарлардың шығуы. Халық арасында өзара іріткі салып,өзін пайғамбармын деп ,халықты өз жетегіне еруді қалап,сондай-ақ өзінің нағыз “Аллаһтың соңғы елшісімін”, “Маған еріңдер”,-деп жүрген өтірікші, жалған пайғамбарлардың шығуына да куә болып отырмыз. Діни білімі таяз кейбір қарапайым халқымыздың да соның шырмауына түсіп жатқаны іш ашытарлық жағдай.Осы мәселені алға тарта отырып,болашақ ұрпағымыз үшін және дініміздің тереңдігі мен нағыз пайғамбарлар мен жалған пайғамбарлардың ақ қарасын ажырату үшін Қасиетті Құраннан анық дәлелдер келтіре отырып,айшықтап жазуды жөн көрдік !!!

Ең алдымен ислам тарихына көз жүгіртер болсақ,мұндай жалған пайғамбарлар,соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с) заманында да болғандығын айта кеткен жөн.Пайғамбарымыздың (с.а.с)науқастанып жатқанын пайдаланған ең алғашқы Йемендік Әсуадул-Анси есімді біреу,көріпкелдік қасиетін айтып,аңғал халықты өзіне сендіріп,пайғамбарлығын жариялаған.Содан бертін келе Ямама түбегінен де Мусәйләматул -Кәззаб деген адам балгерлік қасиетінің Аллаһтан берілген мұғжиза екендігін айтып,жанына халықты жинаған деседі …Бірақ ,олардың бұл діттегені жүзеге аспай,қатаң жазаға тартылған.Мінекей,сол сияқты қазіргінің жалған пайғамбарлары ше ? Олар өздерін жазаға тартылмаймыз деп ойлайма?! Әлде,бір сәттік атақ-мансап пен абырой өздеріне пайда алып келеді дейме?! Жо-жоқ,кез-келген адам өлімнің дәмін татады әрі сол жасаған әрекеттері үшін жауап береді .

Жалған Пайғамбарлардың шығатыны туралы Пайғамбарымыз (с.а.с) біліп, олардың қалай шығатындығы туралы айтып кеткен :

    «Отызға жуық дажжалдар мен алаяқтар жіберілмейінше және олардың барлығы өздерін «Алланың елшісіміз» демейінше, қиямет болмайды», – деген. Сәубаннан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Менің үмметімдегі адамдар мүшріктерге (көп құдайшылдарға) қосылмайынша және үмметімнің бір бөлігі пұттарға табынбайынша, үмметімнен өзін пайғамбармын деп атайтын отыз өтірікші шықпайынша, Қиямет Күн болмайды. Расында, мен ең соңғы пайғамбармын, менен кейін ешқандай пайғамбар болмайды»,-деген.

     Тіпті,жалған пайғамбарлар туралы да ,Иса(а.с)пайғамбарға түсірілген Інжілдегі Матай жазбасының 7-ші тарауындағы 13-15-ші азат жолдарында да былай деп  баяндалған:

  “Олардан сақтаныңдар.Олар қойдың терісін жамылып келген қасқырлар”-деп.

Олар,Пайғамбарымыздың (с.а.с) адамзатқа жіберілген соңғы елші екенін біле тұра,өзін соңғы пайғамбармын деп айтады. Әрине бұлда бір қияметтің жақындағанын білдіреді және шайтанның ап-анық айласы.

Аллаһу Тағала өзінің сөзі қасиетті Құранда,Пайғамбарымыздың(с.а.с) соңғы әрі хақ елші екендігін айтып,былай деп ескертті…

 

﴿مَا كَانَ مُحَمَّدٌ اَبَا اَحَدٍ مِنْ رِجَالِكُمْ وَلٰكِنْ رَسُولَ اللّٰهِ وَخَاتَمَ النَّبِيّنَ وَكَانَ اللّٰهُ بِكُلِّ شَیْءٍ عَليمًا﴾

 

«Мұхаммед сендерден ешбір еркектің әкесі емес, бірақ Алланың Елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші» (Ахзаб сүресі ,40-аят)

 

Тіпті Пайғамбарымыз(с.а.с) өзі де айтып өткендей…

 

 


إِنَّ مَثَلِي وَمَثَلَ الأَنْبِيَاءِ مِنْ قَبْلِي كَمَثَلِ رَجُلٍ بَنَى بَيْتًا فَأَحْسَنَهُ وَأَكْمَلَهُ ، إِلا مَوْضِعَ لَبِنَةٍ مِنْ زَاوِيَةٍ مِنْ زَوَايَاه

فَجَعَلَ النَّاسُ يَطُوفُونَ وَيَعْجَبُونَ لَهُ وَيَقُولُونَ : هَلا وُضِعَتْ هَذِهِ اللَّبِنَةُ ؟ قَالَ : فَأَنَا اللَّبِنَةُ ، وَأَنَا خَاتَمُ النَّبِيِّينَ

«Менен бұрын келген пайғамбарлардың мысалы әдемілеп, сәндеп үй соққан кісі секілді, бірақ үйдің бұрышынан бір кірпіштің орнын бос қалдырған екен. Көпшілік бұл үйді айналып, әдемілігін көріп, таңырқайды, бірақ: «Мына кірпіштің орны неге бос тұр» деп таңданады. Міне, мына мен сол кірпішпін, мен соңғы елшімін», — деген. Басқа сөзінде: «Мен соңғымын, менен кейін пайғамбар келмейді»,— деген.

Пайғамбарымыздың адамзат баласына жіберілген соңғы елші екендігін растайтын дәлеледер өте көп және ол рас. Соны біле тұра ,қазіргі қазақ қоғамындағы  кейбір ессіздер өзін пайғамбармын деп жариялап ,жұртты алдап жүр .Олардың діттегені атақ па ? әлде ақша ма ? .Ендігі кезекте қазіргінің жалған пайғамбарларына тереңірек  тоқталсақ…Мысал ретінде өзіміздің Оңтүстік аймақтан шыққан Нұрәлі Әмірәлиевті алайық.Өзінің айтуы бойынша оған пайғамбарлық 39 жасына таяған кезінде келе бастапты.Пайғамбар болып жүргеніне 10 жылдан асқан екен . .Құбыла жақтан оған Аллаһ Тағала:Әй Нұрәлі, сен менің елшім боласың , және сенің артыңнан ермегендер адасушылар “-деген дейді .

Пайғамбарларға берілген мұғжиза сияқты ол кісіде бір мұғжиза да жоқтың қасы .Нұрәлі Әміралиевтың айтуы бойынша : «Сендер қазақ емессіңдер ме ? Намазды неге өз тілдеріңде қазақша  оқымайсыңдар»,-деп намазды қазақшалап оқып отыр.Оның пікірінде намазды арабша оқыған адасқандар екен-мыс.   Құранның арабша түскендігі туралы Шұғара -195 ,Юсуф-2 -аяттары  осыған дәлел емес пе?

 “Сендер ой жүгіртсін,түсінсін деп ,Біз ол Кітапты арабша Құран түрінде түсірдік” (Юсуф сүресі 2 аят)

Онымен қоса :Құранның тыйым салынған аяттарына қарсы шығып : Арақты ішуге болатындығын және шошқаның етін емес майын жей беруге болатындығын айтып отыр.Бұл дегенің Аллаһтың сөзі мен Пайғамбарымыздың хадисіне қарсы келген деген сөз…Ал Пайғамбарымыз (с.а.с) не деп еді: «Кімде-кім менің атымнан жалған сөйлейтін болса,онда өзіне тозақтан орын дайындай берсін!»,-деді емес пе?!Оған қоса өзін динозаврлар әлемінде дүниеге келгендігін және өзін ең алғашқы пайғамбармын ,яғни Адам атамын деп жүрген Талдықорғандық Хан атаны айтып кеткен де жөн болар…Сөйлеген сөздері мен киген киімі,жүріс-тұрысынан-ақ ,олардың айтып жүргені қу қаңқу сөздер екені байқалып та тұр.Бір жағынан қарғысатқыр шайтанның айлаларына да еріп,іші-бауырына кіріп алып,сөйлеп тұрған адам емес ,жынның нақ өзі екендігінде байқауға болады. Яғни оларды өзінің  емес ,жындардың басқаруында жүргендігі анық. Байқап қарасақ ,олардың соңғы пайғамбар екендігіне сеніп жүрген қарапайым  халық жоқ емес, бар көрінеді.Оған себеп,әрине соңғы Пайғамбар кім екендігі жөнінде хабардар болмауында…

Сондықтан мұсылман бауырлар,  Құранның алғашқы түскен аяты бойынша амал етіп,сол алған білімді басқалармен бөлісу үлкен мәртебе. Айтайын дегенім, кез-келген қоғамда кертартпа мәселелер болады, алайда оның сол күйі жүзеге асуы немесе аспауы ондағы халықтың,адамдардың тікелей еншісіне байланысты. Сол себепті де, мына шығып жатқан жалғаншы пайғамбарлардың артынан ермей, олардың сөздеріне сенбей, білгеніңізді басқалармен бөлісіп, адамдардың өміріне  пайда алып келмейтін  шырғалаңдардан , бір-бірімізге себепші болып, жарқын өмірге бірге қадам басатын болсақ нұр үстіне нұр болушы еді! Сіз бен біз болып басжұмылдыра күш көрсетсек бұндай жағдайлардың аясы тыйылар бәлки…

Аллаһ баршамыздан разы болғай!!! Әминь.

                                  

                 

                                     

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *