Педагогикалық іс-тәжірибе барысында білгенім, түйгенім.

Мен Батталова Айнара Рақымбекқызы 2022 жылдың 24-қаңтарынан 18-ақпанға дейін Шығыс Қазақстан Облысы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Предгорное орта мектебі» КММ-де педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Іс-тәжірибе 4 аптаға созылды. Осы іс- тәжірибеде барынша өзімнің қабілеттерімдің ашып, дамытуға тырыстым. Тәжірибе басында өз- өзіме теорияда алынған білімімді барынша шыңдап, іс жүзінде қолданып, кәсіби тұрғысынан тәжірибе жинақтап, мектеп ұжымына сіңісіп, оқушылармен тіл табысуды мақсат еттім. Іс-тәжірибенің басы мектеп ұжымымен және оқушылармен таныстықтан басталды. Практика жетекшісімен алдағы 1 айда жасалатын жұмыс талқыланды. Пән мұғалімдерімен танысып, физика және информатика пәндерінен күнтізбелік жоспар алынды. Физика пәні бойынша 7-9 сыныптарды және информатика пәнінен 9 сыныпты бөліп берді. Іс- тәжірибе барысында 9-сыныптың сабақтарына қатысып, оқушылардың сабақ барысында өз-өзін қалай ұстайтындығына бақылау жүргізілді. Оқушылар есейген сайын оларды сабаққа қызықтыру, оқу процессіне тарту қиындай береді. Бұған себеп балалардың жас ерекшелігі деп ойлаймын. Оқуға, пәнге деген қызығушылықтың жоғалуына мұғалімнің тиімсіз, олқы әдіс- тәсілдерді қолдануы немесе оқушының жасына, қабілеті мен біліміне сай емес тапсырмалар беру болып табылады.

Іс-тәжірибе барысында физика пәнінен 7-сыныпқа 4-сабақ, 8-сыныпқа 5-сабақ 2-зертханалық жұмыс, 9сыныпқа 6-сабақ 1-БЖБ, информатика пәнінен 9-сыныпқа 3-сабақ жүргізілді. Әр сабаққа алдын-ала қысқа мерзімді жоспар дайындалды. Сонымен қатар жаңа сабақты түсіндіруге тірек болатын презентациялар мен видео материалдар дайындалды. Таратпа материалдар, бағалау парақтары сабақ күннен 1 күн бұрын дайындалды. Тізбектелген сабақтар топтамасын 8-сыныппен жүргізілді. Сонымен қатар ақпанның-11 8-сыныппен «Кім ұтқыр» атты интеллектуалды викторина өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Оқушылар түрлі- түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлінді. Кейіннен команда капитаны таңдалып, топтар өздеріне қалаған ат берді. Викторина 4- байқаудан тұрады. 1- байқау «Сұрақ-жауап». Командаларға бір уақытта бір сұрақ қойылады. Мәселені талқылап, ойлануға уақыт жоқ. Сұраққа дереу жауап берілуге тиіс. Әр дұрыс жауапқа 1 балл. Әр топқа 10-сұрақ дайындалды. 2-байқау «Мықты болсаң жалғастыр». Әр топтан команда капитаны шығады. Капитандар бір бірінің формуласын жалғастырып жазу керек. Басты шарт жазған формула алдыңғы формуланың соңғы әріпінен басталу керек. Формула жаза алмаған оқушы ойынна шығып отырады. Соңғы қалған капитан өз командасына 5 балл әкеледі. Осы байқауда оқушылардың қаншалықты, тез ойлай алатындығы, қаншалықты көп формула білетіні, логикалық ойлай алады ма жоқ па байқалады. 3-байқау «Тарих беттерінен». Оқушыларға ғалымдардың (Менделеев, Ньютон, Архимед, Пифагор, Ампере, Ломоносов) аттары бар карталар беріледі. Қай ғалым түсседі сол ғалым туралы не біледі соны айту керек. Жауап берген топқа 2 балл. Ойлануға 2 минут. 4-байқау «Шығармашылық». Оқушылар 3 минутта электр тізбегін жинау керек. Бірінші дұрыс тізбек құрастырған топ өз еншісіне 3 балл әкеледі. Алдын-ала сайланған әділқазылар топтардың жинаған ұпайларын санап, викторина соңында жеңімпаз топ анықталды. Жеңген топ құпия қобдишаның ішіндегі сыйлыққа ие болды.

Іс-тәжірибе барысында 3 профоринтациялық іс-шара өткізілді. Мұндағы мақсат тәлімгерлерге кәсіби бағыт беру. Іс-шаралар барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ туралы толықтай мәлімет берілді, мамандықтар тізімі талқыланды және «Біздің университетті таңдаудың 11 себебі» атты видео көрсетілді. Абитуриенттермен жұмысқа жауапты университет өкілдерінің контакт номерлері сонымен қатар университеттің инстаграмм парақшасы берілді. ҰБТ бойынша консультация жүргізілді. Оқушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Кәсіби бағдар беру бойынша жұмысты 8 сыныптан бастау жөндеп ойладым. Сондықтан бірінші кезекте 8 сыныппен жылы атмосферада консультациялық сұхбат жүргізілді. Олар келесі жылы колледжге немесе жоғарғы оқу орнына түсетіндіктерін шешеді. Сондықтанда қазір бастан жоғарғы оқудың маңызын, тиімділігін, жоғарғы оқу орынына түссе қандай мүмкіндіктер ашылатындықтарын біліп, қазір бастан болашаққа жоспар құра бергендері ләзім деп санадым. Кейіннен 9 және 11 сыныптармен сұхбат жүргізілді.

Іс-тәжірибе бойы физика және информатика пәндері бойынша сабақтар дайындалып, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолданып сабақтар өткізілді. Әр сабаққа жаңа білім беру бағдарламасының 7 модулы барынша сабақтарға қатыстырылды. Іс-тәжірибе барысында «Ой қозғау», «Джигсо», «Алты қалпақ», «Ыстық орындық»,  «Галереяны шарлау», «Қар кесегі» әдіс-тәсілдерін қолданып көрдім. Осы әдіс- тәсілдердің ішінде «Джигсо» әдісі мен үшін ең қолайсыз деген шешімге келдім. Бұл әдістің мақсаты: берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту. Бұл әдіс оқушыларды ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға,   түйінді ойды саралауға жетелейді. Оқушылар шағын топтарға бөлініп, үлкен көлемді мәліметті, мысалы жаңа өтілетін тақырыпты, топтар өзара бөліп алады. Кейіннен түсініп алып, топтың бір өкілі басқа топқа барып өздерінің алған мәліметтерін түсіндіреді. Тиімділігі: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді. Жеке өз басыма бұл әдіс ұнамады. Бұған себеп оқушылар мен мұғалім арасында қатынас болмайды. Жәнеде әр оқушының мәліметті түсінуі, материалды қабылдауы әртүрлі. Сондықтан материалды қате түсінген оқушы басқаларынада шынайы емес мәлімет таратады. Тағы бір атап өтетін жағдай ол естілген білім әрдайым шынайы болмауы мүмкін. Яғни оқушы өзі түсінген материалды, алған білімді басқаларға түсіндіріп, жеткізе алмауы мүмкін. Сонымен қатар оқушылар енжарлық танытып, белсенді түрде жұмыс жасамауы мүмкін. Бұл жағдайлардың әсерінен оқушылардың бос білім алу қауіпі бар. Сондықтанда бұл әдісте мұғалім бақылаушы, білім процессін бағыттаушы болып табылады. Яғни, оқушы материалды түсіндіріп жатқан кезде мұғалім оны мұқият тыңдап, қате кеткен жерлерін түзетіп, шынайы білім беру керек. Сыныптағы оқушылар саны аз болса мұғалім барлығын кепілді түрде қадағалай алады. Ал оқушы саны көп болса мұғалім барлық оқушының айтқанын, істеген жұмыстарын, атқарылған әрекеттерін бақылай алмауы қауіпі туады. Мен барлық сабақтарында қолданған әдіс бар. Ол «Ой қозғау» әдісі. Бұл әдіс көптеген мұғалімдердің жүрегінен, жүргізген сабақтарынан ойып тұрып өз орынын алған. Менің ойымша бұл қысқа уақытта, өткен тақырыптарды және үй тапсырмасын пысықтау үшін тиімді әдіс. Сонымен қатар жаңа сабақ бастамас бұрын сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады. Бұл әдістің тиімділігі оқушыларға сұрақтар қою, проблемаларды зерттей келе ой-өрісін дамыту, оқушылар өздерінің ойын еркін жеткізе алады. Пікірлерін еркін түрде айтады, ешқандай сынға ұшырамайды, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы да болады. Оқушылар барлық білген нәрсесін жазбаша немесе ауызша білдіре алады. Бұл әдіс оқушыларды диалогқа тартатын әдістердің бірі. Ал диалог жаңа білім беру бағдарламасындағы оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдер модулінің маңызды бөлігі екендігі бәріне мәлім. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер диалогтың сабақтағы алатын орыны ерекше екенін көрсетіп, дәлелдеді. Сонымен қатар диалог оқушылардың сабаққа енжар қарамай белсене қатысуына ықпал етеді. Диалог бойынша оқыту оқушыларды тапсырманы орындау барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Сонымен қатар бір-бірінің сөзін тыңдауға, басқаның пікіріне құлақ асуға үйретеді. Оқушылар тапсырмаларды сапалы және жоғары деңгейде орындай алады. Сонымен қатар диалог мұғалімге оқушымен тығыз қатынасқа түсуге сепші бола алады. Мұғалім мен оқушылар арасында сыйластық қатынас туындайды.

Вам может также понравиться...

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *