Махамбет Өтемісұлы

Бөлім:  Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Күні:09.12.2021

Мектеп: Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы

Пәні:  Қазақ әдебиеті                                      

Мұғалімнің аты – жөні: Алдабергенова Анар Жәнібекқызы

Сынып: 9   ә                                                       Қатысқандар:                         Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының  «Бағаналы терек» өлеңінің тақырыбы мен идеясы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау

9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Сабақ мақсаты 1.  Өлеңнің тақырыбы мен идеясын айқындау

2.  Өлеңдегі композициялық амалдарды талдау

3.   Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Бағалау критерийі Білім алушы:

өлеңнің тақырыбы мен идеясын айқындайды;

— мәтіндердегі композициялық амалдарды талдайды;

— автор тіліне сүйенеді және шығармашылық жұмыс жазады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:

өлеңнің тақырыбы мен идеясын айқындай алады;

— мәтіндердегі композициялық амалдарды талдай біледі;

— шығармашылық жұмыс жаза алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Терек, хан, халық, теңдік, тұғыр, кек.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша…

Салыстыра қарағанда…

Өмірмен байланыстыратын болсам…

Бұл оймен  келісемін /келіспеймін, себебі…

Құндылықтарға баулу Қазақстандық потриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы – шаруалар көтерілісі;

География – Еділ және Жайық өзендерінің бойындағы шаруалар көтерілісі.

Алдыңғы білім Махамбет Өтемісұлы жайлы осыған дейін де ақпараттары бар және осы тақырып аясында өз ойларын түйіндеп жеткізе алады
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

 

 

Ресурстар
Сабақтың басы

10 минут

Білім деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану

Ұйымдастыру кезеңі

— сынып оқушыларымен амандасып, күндеріне сәттілік тілеу

Бір, екі, үш .

 Сабаққа саламыз күш!

— алдыңғы білімге кері байланыс;

ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

 

«Біз қандаймыз?» шаттық шеңбері.

Оқушылар шаттық шеңберге тұрғанда сыныпта баяу әуен ойнап тұрады. «Балалар біз қандаймыз?»-дегенде, шеңбер бойымен оқушылар қандай екенін айтып өтеді. (ұйымшылмыз, мықтымыз, білімдіміз, кішіпейілміз, т.с.с.) бұл әдіс оқушылардың сабақ бойы көңілдері көтеріңкі отыру үшін де қолданылады. Сол айтқандарына жетуге тырысады.

 

 

Топқа бөлу

    «Белгілі сөз» әдісі арқылы оқушылар «Отан» дегенде көз алдына не елестейтінін түрлі-түсті қағазға жазады. Жазған сөздерін ортаға салады, сосын мағынасы жуық сөздер бойынша топтарға бөлінеді.  

1-топ: «Ұлт»

2-топ: «Рух»

3-топ: «Атамекен»  

 

ТЖ.

Тыңдалым алды сұрақтар:

Оқушыларға «Сиқырлы сандық» әдісі арқылы сандықша ұсынылады. Сандықшаның ішіндегі сұрақтар жазылған қима қағаздар бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алу арқылы  жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сұрақтар:

1.Махамбет Өтемісұлы кім ? деген сұраққа 3 дерекпен жауап бер.

2.Махамбеттің шығармаларының тәрбиелік мәні неде?

3.Исатай – Махамбет көтерілісі қай кезде,қай жерде болды?

4.Исатай – Махамбет көтерілісінің маңызы қандай?

5.Махамбеттің қандай қасиетін ерекше атап айтар едіңдер?

6.Махамбеттің хан –сұлтандарға жау болу себебі неде?

7.Махамбет поэзиясына өз бағанды бер.

 

 

Бағалау критерийі Дескриптор
Нақты сұраққа 3 дерекпен жуап береді Нақты сұраққа 3 дерекпен жуап бере алады
Махамбеттің шығрмаларының тәрбиелік мәнін анықтайды Махамбеттің шығрмаларының тәрбиелік мәнін анықтай алады
Исатай – Махамбет көтерілісі қай кезде,қай жерде болғанын айтады Исатай – Махамбет көтерілісі қай кезде,қай жерде болғанын айта алады
Исатай – Махамбет көтерілісінің маңызын талқылайды Исатай – Махамбет көтерілісінің маңызын талқылай алады
Махамбеттің ерекше  қасиетін айтады Махамбеттің ерекше  қасиетін айта алады.
Махамбеттің хан –сұлтандарға жау болу себебін зерделейді Махамбеттің хан –сұлтандарға жау болу себебін зерделей алады.
Махамбет поэзиясына өзіндік бағасын береді Махамбет поэзиясына өзіндік бағасын бере алады.

 

ҚБ:  «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

 

Сабақтың тақырыбы, мақсаты,бағалау критерийлері таныстырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Біз қандаймыз?» шаттық шеңбері

 

 

Түрлі-түсті А4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақта,дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бағдаршам» әдісі

 

 

Сабақтың ортасы

20 минут

түсіну, қолдану, талдау, жинақтау

 

 

   Тыңдалым  тапсырмасы:

Түсіну

ТЖ.

1-тапсырма: «Маған қатты ұнаған өлең жолдары» әдісі арқылы орындалады.

Аудио арқылы  оқушылардың түсінгенін  басқа атау ұсыну арқылы бүгінгі тақырыптың өзектілігін ашады. Тақырыптың өзектілігін өлеңнен ұнатқан жолың «Маған қатты ұнаған өлең жолдары» деген флипчартқа жазу.

 

Бағалау критерийі Дескриптор
Өлеңге басқа атау беру арқылы түсінгенін айқындайды Өлеңге басқа атау беру арқылы түсінгенін айқындай алады
Тақырыптың өзектілігін өлеңнің ұнатқан жолы бойынша флипчартқа жазып көрсетеді Тақырыптың өзектілігін өлеңнің ұнатқан жолы бойынша флипчартқа жазып көрсете біледі

 

ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалау.

 

Қолдану

ЖЖ.

2-тапсырма.

 «А-Я» әдісі арқылы орындалады.

Оқушылар өлеңге қатысты тірек сөздерді төл әліпби ретімен сәйкестікте жазады,олар қанша әріп жаза алса, сонша жазады. Мысалы:

A – Асыл сөз

Ә – Әсірелеу

Б – Бағаналы терек

 

Бағалау критерийі Дескриптор
Төл әліпбиді ретімен  жазады Төл әліпбиді ретімен  жаза біледі
Өлеңге қатысты  тірек сөздерді сәйкестікте тізбектеп жазады Өлеңге қатысты  тірек сөздерді сәйкестікте тізбектеп жаза алады

 

ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалау

 

Талдау

Ж.

3-тапсырма.

Өлеңге «Оқиға тауы» әдісі арқылы сатылай кешенді талдау жасайды.

 

Бағалау критерийі Дескриптор
Өлеңнің авторын айқындайды. Өлеңнің авторын айқындай алады.
Тақырыбы мен идеясын ашады Тақырыбы мен идеясын аша біледі
Әдеби көркемдегіш құралдарды табады Әдеби көркемдегіш құралдарды таба алады
Өлең құрылысын талдайды Өлең құрылысын талдау жасай біледі
Тәрбиелік мәнін түсінеді Тәрбиелік мәнін түсіне біледі

 

ҚБ: «Жұлдызды баспалдақ» әдісі арқылы бағалау.

 

Жинақтау

 4- тапсырма.

«Тұлғаны танып біл» әдісі арқылы

«Егер мен Махамбеттей заңғар тұлға болсам…»  тақырыбында 5-6 сөйлеммен ой қорытады.

 

Бағалау критерийі Дескриптор
Ақынның кім екендігін айқын көрсетеді Ақынның кім екендігін айқын көрсете біледі
Тәрбиелік мәнін айқындайды Тәрбиелік мәнін айқындай алады
Көркемдегіш құралдарды пайдаланады Көркемдегіш құралдарды пайдалана біледі

 

ҚБ: «Оң қол, сол қол» әдісі арқылы бағалау.

 

Аудио

https://vk.com/video-61968936_456239747?t=59s

 

 

http://armanpv.kz/?book=163

Флипчарт

 

 

 

 

 

«Жапондық бағалау» әдісі

 

 

 

 

Дәптер, А4

 

 

 

 

 

 

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жұлдызды баспалдық» әдісі

 

 

 

 

«Оң қол, сол қол» әдісі                 

 

     

Сабақтың соңы

15 минут

жинақтау, бағалау

 

Рефлексия

«Пазл» әдісі арқылы

3 топтың мүшелері берілген үш түсті пазл бөліктерінен адам моделін құрастырды.Тек жасыл түс көп пайдаланса – «барлығы түсінікті», сары түс – «қиындықтар болды», қызыл түс – «түсінбедім».

 

Кері байланыс

«Таңдау» әдісі

1.      Мен сабақ қызықты/қызықсыз болды деп ойлаймын. Себебі, … .

2.      Мен сабақта көп нәрені үйрендім / үйренгенім аз болды. Мысалы, … .

3.      Мен басқаларды мұқият/зейінсіз тыңдадым. Сондықтан … .

Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің

Сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына  «+» белгісін қою тапсырылады.

 

Үй тапсырмасы

«Махамбет поэзиясындағы асқақ арман менің арманыммен сәйкес пе?» тақырыбында жаһандану моделін құру.

 

 «Пазл» әдісі

   

 

 

 

 

«Таңдау» әдісі

 

 

 

 

Күнделік

Саралау

 

Бағалау

 

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақтың оқу мақсаттары жаңартылған білім беру бағдарламасына негізделген. Оқу мақсаттары нені оқып-білу және нені бағалай білу керектігін көрсетеді. Ықшамсабақ жоспары SMART мақсатқа сәйкес және Блум жүйесін негізге ала отырып , әдебиеттің 3 дағдысын ескере отырып сыңдарлы оқытуға бағытталып жасалды. Ықшамсабақты саралаудың 12 түрінің  7саралау түріне негізделіп жасалынды.Жоспарда тақырыпқа сай таңдалған оқу мақсаттарына жетуде таңдап алынған тапсырмалар спиральді қағидатқа сүйене отырып таңдалды. Тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктеріне байланысты алынды.

Мақсат бойынша саралауда оқу бағдарламасына негізделіп жасалған ұзақ мерзімді сабақ жоспарынан алынған оқу мақсатынан оқушыларға нақты, қолжетімді Smart  мақсат құрылады.«Сиқырлы сандық» әдісі арқылы мақсат айқындалады.

Саралаудың қарым-қатынас түрі сабақтың басында  ынтымақтастықты   қалыптастыру «Біз қандаймыз?» шаттық шеңбері арқылы жүргізіліп, тапсырма орындау кезінде топтық жұмыста іске асады және оқушыларға қолдау көрсету үшін жүргізіледі.

Оқыту ортасы бойынша саралау сыныпты     «Белгілі сөз» әдісі арқылы топқа бөлген кезде барлық оқушылар ыңғайлы және қолайлы топта отырғанымен кейбір оқушының жеке қажеттілігіне сай олардың өз бетінше жұмысын белсендіретін нақты нұсқау арқылы жұмыс өнімді жүргізіледі.   Тапсырма бойынша саралау  түсіну деңгейінде «Маған қатты ұнаған өлең жолдары» әдісі арқылы әр оқушының қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу  топтық жұмыс арқылы орындалады.

Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау жұптық жұмыс кезінде «А-Я» әдісі арқылы өзара бағалау мен өзін – өзі бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігі екендігін танытады.

Мазмұн бойынша саралау жинақтау деңгейінің тапсырмасы оқушының сапалық мазмұнға көңіл аудара  өлеңге «Оқиға тауы» әдісі арқылы сатылай кешенді талдау жасау арқылы жүргізіледі.

Нәтиже немесе жауап бойынша саралауда  Блум сатысының қолдану деңгейінде оқушыларға «Тұлғаны танып біл» әдісі арқылы  жеке жұмыста бірдей тапсырма  ұсынылғанымен түрлі деңгейдегі жауап күтіледі.

Сабақ бойында орындалған тапсырмалар спиральді білім беру қағидаты бойынша оңайдан күрделіге өту арқылы жүзеге асады. Блум сатысымен сабақты ұйымдастыру, оңай тапсырмадан күрделіге өту, шеберлік деңгейіне жету, терең ойлау дағдысын қалыптастыру  — осының барлығы білімді, жаңа мазмұнды оқудың биігіне жеткен оқушыны қалыптастырады деп күтіледі.

 

Бағалау- сабақтың маңызды қалыптастырушы бөлімі. Бағалау кезеңі оқушыларды оқу жетістігіне жетуіне және ынталандыруға бағытталғаны жөн. Бағалау критерийі мен дескриптор негізінде оқушылар топтардың жұмысын , бір-бірін, өзін-өзі бағалайды. Оқушыларды материалды игеру деңгейін тексеру мақсатында мына қалыптастырушы бағалау түрлері қолданылады:

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалауда мұғалім оқушының нені түсінгенін білу үшін қолданылады.

 «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалау оқушылардың тапсырма орындауда өзіндік көзқарасын білдіру мақсатында жүргізіледі.

 «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалау жұптық жұмыс кезінде оқушылардың бірінің жұмысына бірінің ықпалын тигізу үшін пайдаланылады.

«Жұлдызды баспалдақ» әдісі арқылы бағалау оқушының тапсырманы ұғу деңгейін ажырату үшін жүргізіледі.

«Оң қол, сол қол» әдісі арқылы бағалау оқушының жұмыстарымен келісу – келіспеуі және түсінгенін жинақтау үшін қолданылады.

Рефлексия кезеңінде «Пазл» әдісі арқылы пайдалану оқушылардың сабақ бойынша білімдерін бағалауда тиімді болмақ.

Кері  байланыс «Таңдау» әдісі арқылы   оқушылар сабақтың жалпы түрде өтілу деңгейі және  өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдері арқылы ойын білдіреді

Алынған бағалау түрлерінің барлығы оқушыларды оқу жетістігіне жеткізеді деп күтілуде.

 

 

Оқу ортасы  белгілі стандартқа және оқушы қажеттілігіне сай құрылады.  Пәнаралық байланыс орнатуда оқу ортасында барлық мүмкіндіктер қарастырылады. Сыныпта  топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізуде АКТ – ны пайдалануда оқушылар қауіпсіздігі сақталады.  Сабақтың өн бойындағы әдістер мен тапсырмалар және соларға негізделген ресурстар оқушының денсаулығына кері әсерін тигізбейді деп күтіледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.