Кәсіптік-техникалық білім беру – келешек кепілі

Кәсіптік-техникалық білім беру – келешек кепілі

Баймухаметова Акмарал Даулетовна

«Үржар колледжі» КММ

директордың оқу-өндіріс

 жұмыстры жөніндегі орынбасары

 

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуынакәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың алуандануына аса көңіл аударып отыр.

«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекеме – Шығыс қазақстан облысымыздың оңтүстігіндегі орналасқан жалғыз кәсіптік-техникалық білім беруде көш бастап келе жатқан, білімді де білікті ұстаздар қызмет атқаратын, кәсіби маман даярлауда тәжірибесі мол, іргелі оқу орындарының бірі. Мұндағы басым бағыттың бірі еңбек нарығына қажетті маман даярлау болып табылады.       Колледж техникалық және кәсіптік білім берудің 4 мамандық және 8 біліктілік 9 және 11 сынып негізінде күндізгі оқыту түрі бойынша кадрлар дайындайды.

Олар:

  1. Мамандығы: 1504000 «Фермер шаруашылығы» (бейіні бойынша)

Біліктілігі:

1504062 «Ауыл шаруашылығыөндірісіндегі тракторшы – машинисі»

1504082 «Автомобиль жүргізуші»

1504102 «Слесарь жөндеуші»

  1. Мамандығы: 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Біліктілігі:

0508012 «Аспаз»

0508022 «Кондитер»

0508042 «Даяшы»

  1. Мамандығы: 1114000 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша)

Біліктілігі: 1114042 «Электр газымен дәнекерлеуші»

  1. Мамандығы: 1513000 «Ветеринария»

Біліктілігі:  1513032 «Ветеринарлық санитар»

Колледжде 34 инженер-педагог қызметкерлер жұмыс істеді, оның ішінде штат бойынша — 28, 6 штаттан тыс. Өндірістік оқыту шеберлерінің саны -12 адам.

Колледж қабырғасында сапалы маман даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық база құрылып, кабинеттер, зертханалық бөлмелері, шеберханалары, жатақхана мен асхана талапқа сай жасақталған. Бүгінгі күні колледжде 61 компьютерлік техника бірлігі бар. Олардың ішінде: оқу – тәрбие үрдісінде қолданылатын компьютерлер мен ноутбуктер — 25; проекторлар — 6, интерактивті тақталар — 6, ИСП – 3, принтерлер — 22, КФҚ — 4. Бір компьютерге келетін студенттер саны –7 студент. Интернет желісі және Wi-Fi нүктелерімен жабдықталған.

Болашақ мамандардың кәсіптік жарамдылығы өндірістік оқыту барысында байқалады. Олардың көбі өздерін жан-жақты көрсету барысында жұмысқа орналасуға жолдама алады. Сонымен қатар болашақ жас мамандарда жауапкершілік және өз бетімен шешім қабылдай білу қасиеттерімен қатар өндірістік машық кезінде өз-өзін ұстауы, тілдесе білуі, сыртқы келбеті, киім киісі де маңызды роль атқарады.Мамандыққа және жас маманға қойылатын талаптарды меңгерген әрбір маман өзінің жұмысқа икемділігі мен мүмкіндігін, оған жауап бере алатынына көз жеткізіп орналаса алады. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты мақсаттардың бірі: «Қоғамның және экономиканың индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіру». Осыған орай  біздің алдымызда  бүгінгі күні қоғам қажеттілігіне сай мамандарды даярлау міндеті тұр. Әрі ол мамандарымыз бәсекеге қабілетті, қазіргі өндіріске бейімделе алатын тұлға болуы қажет.

Кәсіби мамандарды дайындауда Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі міндеті – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру. Тәжірибе барысында болашақ маман өзінің кәсіби мамандығы бойынша алғашқы тәжірибесін жинақтай бастайды. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір білім алушыны жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болмасын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде. «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»,- деп Елбасымыз атап көрсеткендей бүгінгі күні егеменді еліміздің дамыған отыз елдің қатарынан көріну үшін жастарымыз білімді және бәсекеге қабілетті болуы керек.

Үржар колледжі өзінің 60 жылдық даму тарихында жастарға кәсіптік-техникалық білім беруді тегін жүзеге асырып келеді. Жылдар өткен сайын оқу орнының мәртебесі өсіп, оқытылатын мамандықтардың аты өзгеріске түсуде. Қазіргі таңда колледжде 166 студент «Аспаз», «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль жүргізушісі», «Ветеринарлық санитар», «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» мамандықтары бойынша кәсіптік білім алуда. Нарықтық бәсекеге жауап бере алатындай мамандар дайындауда оқу-тәрбие процесіне заманауи технологиялар қолданылуда. Жыл сайын жұмысшы мамандығына жастарды тарту мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, аудан мектептерінің 9-сынып түлектерін оқу орнындағы мамандықтармен таныстырып, оларға бағыт-бағдар беріледі. Мектептерде жарнама ретінде хабарландырулар ілінеді. Жергілікті «Уақыт тыңысы» газеті беттеріне де хабарландырулар беріліп, тақырыптық мақалалар жазылады. Жетістігіміз – кәсіптік білім беруге оқушылардың ынтасы соңғы жылдары өте жоғары екендігінде атап өткен жөн. Себебі олар тегін оқумен, бір мезгіл тегін ыстық тамақпен, шәкіртақымен, жатақханамен қамтамасыз етілген. Елбасы Жолдауындағы кәсіптік білім беруге байланысты бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуын қадағалау міндеті қойылып отыр. Биылғы жылдың жетістігі десек те болады, өткен оқу жылын бітірген түлектердің 87 пайызы жұмысқа орналасты.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңғырту мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев елімізде дуальдық оқыту жүйесін енгізуді тапсырды. Бүгінде кәсіби білім беруде дуальдық оқыту ұғымы халық арасында таныс болып қалды. Әлемнің озық елдерінде табысты қолданылып келе жатқан осы жүйе кәсіптік білім беру саласына батыл еніп келеді. Дуальдық жүйе дегеніміз, білімгер-түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды. Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы-құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады. Еліміздегі компаниялар мен кәсіпорындарға шұғыл түрде дуальдық оқыту жүйесіне араласуға тапсырма берді. Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, нарық қатынасын орнықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, заман талабына сай бәсекелестікке төтеп бере алатын, жан-жақты іскер жұмысшы мамандарын даярлау – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына үлкен міндеттер жүктелген.

Дуальдық оқыту жүйесі – сапалы жұмысшы кадрларын (мамандарын) дайындауда техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны мен кәсіпорынның тепе-тең жауапкершілігінің түрі. Дуальдық оқыту жүйесі бәсекеге түсе алатын мамандығы бар, кәсібін нақты таңдаған, жұмысқа орналаса алатын және өзінің кәсіби білімін жоғарылатуға ұмтылған жас тұлғаны өсіруге бағытталған.

Дуальдық жүйенің негізгі мақсаты – осы заманғы еңбек нарығындағы  жедел өзгерістерге бейімделетін, бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлау мен қайта дайындау үрдісінде жұмыс берушілер мен кәсіптік маман даярлау оқу орындары  арасында әрекеттестік жасау болып табылады. «Үржар колледжі» КММ дуальдық жүйенің алғашқы тәжірибесі 2013-2014 оқу жылында 1504000 «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша басталды. Оқу орны дуальды оқыту жүйесі экспериментін оқу-тәрбие процесіне енгізді. Бүгінгі күні дуалды оқыту бойынша: 1504000 «Фермер шаруашылығы» және 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша 105 студент дайындап жатырмыз бар, яғни 65%.  Колледждегі дуальдық оқыту тәжірибесі дәстүрлі сабақ беруге қарағанда өз басымдылығын көрсетіп, теориялық пен практикалық даярлықты қатар алып жүруге жағдай жасады. Дуальды оқыту жүйесін енгізу үшін Үржар ауданының  «Сұңқар» ШҚ, «Айдын-Шалқар» ШҚ, «Бак-Тур» ЖШС, «Нуртолеу» ШҚ, «Гранит» ШҚ, «Юбилейный» ЖШС, «Некрасовка и К» ШҚ-мен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып  әлеуметтік серіктестік туралы  үш жақты  келісімге қол қойылды. Келісімге қол қойылған соң әлеуметтік серіктестердің талаптарын ескере отырып оқу жұмыс бағдарламасы бойынша арнайы пәндердің және оқу тәжірибелерінің тәжірибе сағаттарының 60%  кәсіпорындарында өткізу жоспарланады. Бірақ осы қол қойылған жерден бастап ара-қатынас тоқтатылады. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі принципі — бұл кадрларды даярлау сапасына оқу орны мен кәсіпорындардың тең дәрежеде қатысуы мен жауапкершілігі. Бүгінгі күнге дейін ТжКБ жүйесіне дуалды оқытуды енгізуді тек оқу орындары дербес жүзеге асырып жүрді.

 

Дуалды дайындық «колледж-кәсіпорын» интеграцияланған құрылымында үздіксіз кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың табиғи нысаны болып табылады. Өндірістегі сабақтардың өткізілуіне, студенттердің қатысымы мен қауіпсіздігіне, дуальды оқыту жүйесінің енгізілуіне жауапты колледждің өндірістік оқыту шебері  және мекемеден белгіленген оқу шеберіне жауапкершілік жүктеледі.  Бүгінгі күні үлкен проблема жұмыс берушілер ынтымақтастыққа дайын еместігі байқалады. Сол себептен осы тақырыпқа мен баяндама жасап, дуалды оқыту жүйесін заңнамалық түрде бекітуді ұсынғаны туралы мәселені бірнеше рет көтердім.

Бүгінгі күні осы мәселелер ескеріліп, «Дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына 5 пункта өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы дуальді оқытуды ұйымдастыру кезінде тәлімгерлерге еңбекақы төлеуді, білім беру бейініне байланысты шығыс материалдарын төлеуді және студенттердің өмірін сақтандыруды қамтитын кәсіпорынға (ұйымға) оқу және еңбек шығындарын өтеуді жүзеге асырады. Кәсіпорындарға (ұйымдарға) дуальді оқытуды ұйымдастыруға берілетін қаражатты есептеу «Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Осы формула бойынша мемлекет субсидиялау міндеттемесін өзіне алады, ал жұмыс берушілер осы субсидия есебінен жастар өкілдерін жұмыс мамандықтарына оқытуға міндеттеме алады.

Егер бұл механизм іске қосылса, онда ТжКБ жүйесінің көптеген проблемалары автоматты түрде шешіледі: бұл өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, бітірушілерді жұмысқа орналастыру, кәсіптік жұмыс және жұмыс берушілердің қаражаты есебінен мамандарды даярлауды ұйымдастыру.

Қорытындылай келе оқу үдерісінде дуальды оқыту жүйесін енгізу арқылы күтілетін нәтижелері де аз емес дегім келеді. Олар:

— теория мен тәжірибе сабақтары арасындағы алшақтық жойылады;
— түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешімін табады;
— оқу орыны жұмыс берушінің болашақ мамандарға деген талаптарын үнемі ескеріп отырады;
— жұмыс берушілер өндіріс талабына сай білім алушыларға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальды оқу — жүйесі бойынша модульдік оқу бағдарламаларын дайындауға және арнайы пән оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерін тағылымдамадан өткізуге қатысады;
— дуальды оқу жүйесімен оқыған оқушы белгілі құзыреттерді меңгерген кәсіби маман болып қалыптасады.

Үржар колледжі жеке тұлғаны әлеуметтік – экономикалық бағытында дамыту үшін, еңбек нарығының сұранысына сәйкес тұлғаның жеке қажеттілігін ескере отырып, үздіксіз білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік мамандарды дайындау бағытында зор үлес қосуда. Біздің негізгі мақсатымыз теориялық білім мен іс-тәжірибені ұштастырып, болашақ кәсіби құзыретті маман дайындау болып келеді. Колледж түлектері бүгінгі таңда облыстың түкпір-түкпірінде өз мамандықтары бойынша абыройлы еңбек етуде.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *