Әкімшілік құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді?

Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым

Тәуелсіздік таңы. Тәуелсіздік ұланы. Тәуелсіздік ұраны. Осы сөздердің мәнін, бәлкім, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде еркін жүрген өскелең ұрпақтың бірі ұғынса, енді бірі ұғына қоймас. Дегенмен осы жолдда қан мен жан, еңбек пен маңдай терлерін аямаған аталарымыз үшін «Тәуелсіздік» жай ғана ұғым емес, олардың асқақ арманы, көксеген мақсаттары, талпынған болашақтары. Олар «Тәуелсіздікті» ұғынып қана қоймады, олар сезінді, мақсат тұтты.

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың алтын қазынасы, қолы жеткен киелі кезеңі. Қай кезеңде, қай ғасырда, қай мекенде болмасын кез келген ұлт, кез келген адам еркін болуды, тәуелсіз болуды қалайды. «Өткенсіз болашақ жоқ». Тарих бетіне үңілсек талай тас бетіне қашалған сонау ғасырлардан азат елге қол жеткізгенге дейінгі дәуірлер есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған әрбір жұрттың көз жасы мен қаны «Тәуелсіздік» ұғымын сезіндірмей қоймас. «Қастерлі»  деген сөздің өзі үлкен мәнге ие. Оның астарында тұтас бір елдің тауқыметі мен тағдыры жатыр.

Тәуелсіздік! Көк аспанда қалықтаған қыран құс та еркін самғағысы келеді. Қанатын кең жайып, бейбіт елдің көк аспанында жарқыраған күнді де еркін «бағындырғысы» келеді. Еркін ұшқан қыран құстың қанатынан ескен самал жел де «еркін» леп береді. Ашық аспанды еркін аралаған қыран құс та, бейбіт елге шуағын шашқан алтын күн де тәуелсіз еліміздің тұғыры көк байрағымыздан орын алды! Себебі барлығы тәуелсіздікті ту етеді.

Тәуелсіздік! Талай қиын қыстауда ел мен жерін қорғаған аталарымыздың айнымас серігі болған арғымақтарымыз қанатты құстан кем болмай, айшылық алыс жолдарды қас пен көздің арасында шауып өтіп, тәуелсіз елдің кең байтақ жерінде құлашын кеңге салып еркін «самғағысы» келеді. Жымыңдай жарқыраған жұлдыз да шаңырақтың түндігінен бейбіт шаңырақ астындағы адамға еркін күлімсіреп қарағысы келеді. Сол қалаған еркіндіктері тәуелсіз елдің таңбасы болып мәңгі қаланғанын қалайды.

Тәуелсіздік! Әуелеген ән де кең байтақ жерде мұңды емес бейбіт елді әуелеткісі келеді. Елі мен жерін мақтан етіп, дархан даласының еркін екендігін ұран қып шврқағысы келеді емес пе?!

Ұшқан құс та, жүгірген аң да, жыбырлаған жәндік пен қыбырлаған қоңыз да – барлығы, барлығы еркін болғанды, тәуелсіз болғанды қалайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *